| Мотивация Релаксация | Жылулық шеңберін ұйымдастыру. Шаттық шеңбері: Табиғат біздің анамыз Табиғатқа баламыз Иіліп сәлем береміз Қайырлы таң, қайырлы күн! Бүгінгі сабақта біз не істейміз?     Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?  Қыстың қандай айы? Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыста не жауады? Адамдар қалай киінеді? Қыста қардан не жасауға болады? Балалар қандай ойын ойнайды? Балалар не тебеді? Мнемокесте. Міне төрғай да ұшып келді.  Оның қанатында не бар екен? /Тәрбиеші хат оқиды/ Тез, тез келіңдер, Көмектесіңдер бізге, Сиқыршы бізді қорқытты, Сиқырлап тастады ол бізді, Біз не жейміз не ішеміз ұмытып барамыз. Балалар не болып қалды екен жабайы аңдармен? Балалар жабайы аңдар қайда болады? Балалар біз оларға көмектесе аламызба? Ендеше алға. Менің сиқырлы таяғымен орманға барайық. /Балалар көздерің жумады, сиқырлы әуен ойнайды/ /Ормандағы жануарларды көріп атап шығады/. Аюдың, түлкінің, қоянның, қасқырдың, тиіннің дыбыстары шығады. /Балалар жабайы аңдардың дыбыстарың ажыратып айтады/ Бір сөзбен қалай атауға болады? Неге жабайы дейміз? Айтындаршы қыс кезінде барлық жануарларды көруге болады ма? Қандай аңдар ұйқыға батады? Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Қоян, түлкі, қасқыр олар қысқа қорек жинамайды, қысқы ұйқыға кетпейді. Себебі, өздеріне қорек таба алады. Қоян, қасқыр, түлкі, тиін қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі. Аю жаз бойы өзінің қорегін жинап, қысқа дайындалады екен. Балалар қараңдаршы ағаш астында сандық тұр екен. /Сандықты ашады/. Осы хатты мейірімсіз сиқыршы бізге тапсырмаларды дайындап қойыпты. Осы тапсырмаларды орындай алсақ , сонда жабайы аңдарға комектесе аламыз. Синквейн арқылы – жабайы аңдар туралы жұмбақтарды шешу. Не ол? | Қандай? | Не істейді? | Бір сойлем. | Қауымдастығы | ? Тікенді, сұр. Жинайды, сыбдырлайды, ентігеді. Ол маған ұнайды. Орман.  ? Ақ, мамық. Секіреді, тығылады, қорқады. Мен оны аяймын. Жабайы аң.  ? Үлкен, маймақ. Аулайды, тереді, Мен одан қорқамын. жыртқыш аң.  Түлкі (Қандай?) Қу, құйрығы ұзын. (Не істейді?) Қуалайды, аулайды. (Сөйлем) Ол өте қорқынышты. Жыртқыш аң.  Тиін (Қандай?) Әдемі, жеңіл. (Не істейді?) Өрмелейды, секіреді. (Сөйлем) Маған ұнайды. Ең таза кеміргіш. Қасқыр Сұр, қайсар. Жейді, шапшан. Мен одан қрқамын. Жыртқыш аң.  Дыбыстық жаттығулар: Ыр – ыр – ыр ырылдайды қасқыр, Кі – кі – кі бұлаңдайды түлкі, бұл қу түлкі Ян – ян – ян жүгіріп жүр қоян, Ю – ю –ю қорбаңдайды аю. Қыр – қыр – қыр өзі жыртқыш қасқыр. Лэпбук арқылы тапсырмаларды орындаймыз.  Дидактикалық ойын«Құйрығын тап»  Дидактикалық ойын «Қөлеңкесін тап»     Венн диаграмма арқылы қасқыр мен ешкінің ұқсастығын және айырмашылығын табу. | Балалар шеңберге тұрып қонақтармен амандасады. Тыңдаймыз, сөйлейміз, бірігіп жұмыс жасаймыз,. Еңбек жасаймызтыныш отырамыз сурет жапсырамыз Қыс жыл мезгілі. Мнемотаблица арқылы балалар қыс жыл мезгілдің өзгерістерін айтады. |