СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Айналамыздағы өсімдіктер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

қаңтар айының ересек тобының  ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеті

Просмотр содержимого документа
«"Айналамыздағы өсімдіктер"»

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 11.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Қыс»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: балаларды бірігіп ойнауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуді дамыту.Түбірлес сөздерді жасауды және қолдануды жаттықтыру.

Оқыту: Өсімдіктердің адамға тигізетін пайдасы туралы түсінік беру.Негізгі ойды дұрыс жеткізе білуге үйрету.

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: үлгі сурет, жұмыс дәптер

Билингвалдық компонент: шана - сани, шаңғы - лыжи, ақ мамық - белый пушистый, аққала - снеговик.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

- Балалар, мен өлең оқып берейін, сендер өлеңнің қай мезгілге арналғанын айтыңдар.

Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек.

(З.Шүкіров)

- Өлеңде не туралы айтылған екен?
Негізгі бөлім: Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілі ұнай ма, несімен ұнайды?

Демонстрациялық құралмен жұмыс

Мына суретке қарап әңгіме құрайық.

Суретке қарап көргендеріңді өз қиялдарыңмен толықтырып, әңгіме құрап көріңдер.

Суретке мұқият қарап, тақырып қойыңдар. Сендер суретте шанамен сырғанап жүрген балаларды, коньки теуіп жүрген баланы көріп отырсыңдар, балаларға ат қоя отырып әңгіме құраңдар. Бұл суреттің тақырыбын сендер қалай деп атайтын едіңдер.

Ия, дұрыс айтасыңдар. Сендердің ойларыңды қорыта келе, бұл суреттің тақырыбын «Ажарлы қыс» десек қайтеді, келісесіңдер ме?

Балалар, «ажарлы» сөзі «көрікті, әсем, тамаша, сұлу» деген мағынаны білдіреді.

Енді өздерің осы ажарлы қыс мезгіліне өз қиялдарыңмен әңгіме құраңдар.

Сергіту сәті:

(Сергіту жаттығуын К.Нүсіпбековтің «Суретші қыс» өлеңімен жасатуға болады).

Қонақтайды бақтарға,

Ақ көбелек, ақ мамық.

Аунап таза ақ қарға.

Балалар жүр мақтанып.

Тазартып бар кір, шаңнан,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан,

Сурет салып тастады.

- Балалар, мен сендерге «Көңілді қыс»деген өлең оқып беремін.

Билингвальды компонент: шана-сани, шаңғы - лыжи, ақ мамық - белый пушистый, аққала - снеговик.

- Балалар, сендер құраған әңгімелерің сөйлемнен тұрады, ал сөйлем сөзден құралады.

- Балалар, сөз дегеніміз - айтылатын бір ой. Егер сен «қыс», «қар»,«шаңғы» деген сөздерді ойлап айтсаң,сол сөзді өрбітіп сөйлем құрауға болады.

Сөйлем дегеніміз – тиянақты жинақталған бір ой. Сөйлемдер сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем,

лепті сөйлем болып бөлінеді. Әр сөйлемнің өзінің тыныс белгілері бар. Хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады. Қуанышты көңіл күйді

білдіретін сөздерге леп белгісі қойылады, сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі қойылады.

Мысалы, «Алақай! Алақай!» деген сөйлемнен соң қандай белгі қойылады?

- «Қайдан келдің?» деген сөйлемнен соң қандай белгі қойылады?

Тәрбиеші қол көтеріп, әңгіме құрауға қызыгушылық танытқан балалардың бәрінің ойын тыңдайды. Жақсы әңгіме құраған баланы мақтайды.

- Балалар, сендер құраған әңгімелерің маған ұнады, өздеріңе де ұнады ма?

- Енді біз сөз, сөйлем деген не екенін білеміз.

«Айырмашылығын тап!» дидактикалық ойыны:

Ойын шарты: екі аққаланың суреті беріледі. Суретке қарап аққалалардың айырмашылығын табу керек. Жеке жұмыс жүргізеді.

Дәптермен жұмыс. Дәптердегі № 5 тапсырма орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді.

Жаңылтпаш қайталату.

Жапалақтап, қаптап ақ қар жауды.

Алқапты аппақ ақ қар жапты.

Қорытынды: Балалар, қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Біз бүгін қандай тақырыпқа сөйлем құрадық?

Қандай сөйлем түрлерімен таныстыңдар?









Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 09.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: Төрт мезгіл.

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:. Балаларға төрт мезгіл туралы түсінік беру. Өлең жолдарын түсіндіру. Төрт мезгілдің ерекшелігін ажыратуға үйрету. Мәнерлеп айту дағдысын, сөздік қорын дамыту. 

Оқыту: ойды дұрыс жеткізе білуге үйрету.

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Мазмұнды суреттер, турлі-түсті карточка, қоңырау т.б.

Билингвалдық компонент: мезгіл-времена.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Балалардың назарын сабаққа аудару. Тәрбиеші қоңырау соғып балаларды шеңберге шақырады.
Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды бүгін тағы да,
«Шеңберге тұр», – деп баршаңды.
Балалар шеңбер жасап тұрады да тәрбиеші өзі бастап қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары көбейіп тәрбиешіге бір құшақ «Тілек шоғы» болып оралады.
-Өзгелерге тілек тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайта оралады, – деп қорытынды жасайды.
Негізгі бөлім: -Қазір біз жыл мезгіліне арналған таңғажайып саяхатқа аттанамыз.Жол бойында аялдамаларға тоқтап демаламыз.
1-аялдама: Аспанның түсі cуық, сұр бұлт жиі-жиі торлайды. Тырналар сап түзеп жылы жаққа ұшып бара жатыр. Бау-бақшада жемістер уылжып пісіп тұр. Бұл қай мезгіл?
-Күз мезгілі.
Күз мезгіліне байланысты сергіту сәті:
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін, тәттісін
Әжемізге сыйлайық.
Қ. Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңін хормен айту.
Алтын, сары, қызыл, көк…
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
2-аялдама: Балалар, мына суретке қараңдаршы. Айнала аө көрпе жамылған, өзендер қатып қалған. Жылы киінген балалар шана теуіп жүр. Бұл қай мезгіл?
-Қыс мезгілі.
М. Әлімбаевтың «Қыс келбеті» өлеңін жатқа айту.
Аққу мамық ұлпа қар,
Жамылады қырқалар.
Шымшып аяз бетіңді
Ширатады етіңді.
-Саяхатты одан әрі жалғастырамыз.
3-аялдама: Сай-салада сылдырап сулар ағып, ағаштар бүршік жара бастады. Құстар ұшып келіп, балалар оларға ұя жасап жүр. Жаңбыр жиі жауа бастады. Бұл қай мезгіл?
-Көктем мезгілі.
Көктемге байланысты саусақ жаттығуы:
Жаңбыр жауды,
Жаңбыр қатты-қатты жауды.
Жаңбыр басылды
Күн шайдай ашылды.
Н.Өтетілеуовтың «Көктем» өлеңін оқу.
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.
4-аялдама: Айнала қызыл-жасыл гүлге бөленген. Көбелектер, аралар гүлден-гүлге ұшып-қонып жүр. Балалар өзен жағасында күнге қыздырынып жатыр. Бұл қай мезгіл?
-Жаз мезгілі.
Жаз мезгіліне байланысты сергіту жаттығуын жасау:
Жел уледі –у,-у.
Құйын келіп биледі –гу, -гу.
Қатты-қатты жел соқты –зу,-зу.
Жапырақтар қол соқты –ду,-ду.
Е.Өтетілеуовтың «Жаз» өлеңінің мазмұнын түсіндіру.
Орман, көлге, жайлауға,
Шақырады жаз жайраң.
Шаршамайды шарлауға
Барлық бала мәз-мәйрам.

Қорытынды: Сұрақтарға жауап алу.
-Қай кезде қызыл-сары жапырақтар көп болады?
-Қай кезде гүлдер қсіп, көбелектер ұшады?
-Қай кезде күн суытып, қар жауады?
-Қай кезде сулар ағып, құстар жылы жаққа ұшады?
Балалардың жауабы.
-Балалардың қатысымына қарай бағалап мадақтау.



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 08.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сауат ашу

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: М дыбысы және әріпі

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Әдемі, көркем жазуға үйрету

Дамытушылық: Баспа түрімен таныстыру. Дұрыс оқуға төселдіру.

Оқыту: Сөйлем туралы түсінік беру. м дыбысын сөз ішінен бөліп айта білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: әліппе, суреттер, кеспе әріптер мен буындар, сызбалар

Билингвалдық компонент: дыбыс-звук.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Оқу іс – әрекетін «Ойлап, ойна» ойынымен бастау.

-«Мақпал мата сатып алды. Мынау – мата дүкені» деген сөйлемдерді оқу. Балалар м дыбысы кездесетін сөздерді айтады.
Негізгі бөлім: 1.М дыбысын дауыссыз дыбыс екенін айтқызу арқылы байқату, таңбасын көрсету, дыбысты дұрыс айтуға жатықтыру.

2.Тіл ұстарту жаттығуы.

Ма-ма-ма

Жалқау бала болма

3.Дәптермен жұмыс.

А)Суреттегі атаулардың барлығын шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.

Ә)Осы сөздермен бірнеше сөйлем құрау. (қамшы, машина, қалам)

Б)М дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында кездесетінін анықтау.

В) Үзік сызықтарды қосып, буындап оқу.

Г)Әр қатарға құрамында м дыбысы бар сөздерді ойлату. (дыбыстық, буындық талдау жасату)

Ғ)Тақтаға екі баланы шығарып, мата , алма сөздерін кеспе әріптерден құрату. Машина сөзіне сөйлем құрату. Балалардың айтқан сөздерінің сызбасын тақтаға сызып көрсету.

Жазу жұмысын жүргізу.

Үлгі бойынша м дыбысының кіші және бас әрпін жазғызу. Бос торкөздерге м дыбысының орнына қарай сөз ойлату.

Мысалы: «Машина жүреді» деген сөйлемде машина сөзі қай сызыққа , жүреді сөзі қай сызыққа тән екенін сұрап, сөйлемдерді жазғанда бірінші сөз бас әріппен басталып әр сөз бөлек жазылатынын, соңынан нүкте қойылатынын естеріне салу.

«Сөйлем ойла» тапсырмасын орындату

Қорытынды: 1.Сонымен , балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?

2.М дыбысына қатысты қандай сөздерді білеміз?

3.М дыбысы қандай дыбыс?


Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Орыс тілі

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тема: Мир растений

Цель: Образовательные задачи: дать понятие о взаимосвязи живой и неживой природы, уточнить и расширить представления детей о растениях, закрепить понятия о взаимосвязи растительного мира и человека.

Развивающие задачи: развивать диалоговую речь детей, развивать интерес к изучению растений и их классификации ,строение, умение делать выводы.

Воспитательные задачи: Воспитывать эстетические чувства

Педогогические технология: игры

Оборудование: предметные картинки с изображением деревьев, кустарников, цветов; плакат «Части растения»

Билингвалный компонент: мир растений- өсімдіктер әлемі

Воспитатель: Дети, сегодня мы пойдем в гости к богине Флоре. Эта богиня является покровительницей всех растений на земле.

Дети, скажите, растения – это живая или неживая природа?

Дети: Растения – это живая природа.

Воспитатель: Почему вы считаете, что растения – это живая природа?

Дети: Растения рождаются, растут, размножаются и умирают.

Воспитатель: Ребята, отправляемся в путь. Находим начало пути, идем по дороге, которая обозначена значком «Флора».

Остановка первая - ДЕРЕВЬЯ

Вопросы детям:

1. Какие деревья вы знаете?

2. Почему деревья называются лиственными? Назовите лиственные деревья, которые растут на территории нашей области.

3. Почему деревья называются хвойными? Какие хвойные деревья нашей области вы знаете?

4. Что общего у всех деревьев? Назовите части растений.

5. Расскажите о пользе деревьев?

Воспитатель обобщает ответы детей.

Остановка вторая КУСТАРНИКИ

Вопросы детям:

1. Какие кустарники вы знаете? Назовите их.

2. Чем отличается кустарник от дерева?

3. Знаете ли вы хвойные кустарники? Назовите их.

4. Какие кустарники произрастают на территории района, в котором мы живем?

4. Расскажите о пользе кустарников?

Воспитатель обобщает ответы детей.

Остановка третья – ЦВЕТОЧНЫЕ РАСТЕНИЯ

Вопросы детям:

1. Какие цветы растут в поле?

2. Какие цветы растут на лугу?

3. Какие цветы растут в воде?

4. Какие цветы растут на клумбе?

5. Какой мир образуют деревья, кустарники и цветы?

Воспитатель обобщает ответы детей.

Воспитатель: Ребята, и деревья, и кусты, и цветы можно назвать одним словом – растения.

Воспитатель: Какие части имеют все растения?

Дети: Корень, стебель, лист, цветок, плод с семенами.

(Дети под руководством воспитателя рассматривают иллюстрации)

Воспитатель: Дети, какие части растения расположены под землей?

Дети: Под землей у растений корень

Воспитатель: Какие части растения находятся над землей?

Дети: Над землей у растений стебель (ствол, листья, цветок, плоды.

Воспитатель: Как вы думаете, а солнце и дождь – это живая или неживая природа?

Дети: Это неживая природа.

Воспитатель: Угадайте, о каком растении идет речь?

У него есть листья? Что это может быть?

(ответы детей)

У него есть листья и корень. О чем идет речь?

(ответы детей)

У него есть листья, корень, большой ствол, покрытый корой.

Что это же это такое? (ответы детей)

Воспитатель: Какой из этих трех признаков характеризует именно деревья?

(ответы детей)

Физкультминутка

Ветер дует нам в лицо,

Закачалось деревцо. (наклоны корпуса в стороны)

Ветер тише, тише, тише.

Деревцо все выше, выше. (встать на носки, руки поднять вверх и потянуться)

Воспитатель: Назовите существенные признаки, которые характеризуют кустарники, травянистые растения.

(ответы детей)

Что вы можете сказать о цветах? (ответы детей)

Воспитатель: Человек, наблюдая за природой, заметил зависимость между живой и неживой природой и отразил это в приметах:

1. Даст небо дождь, а земля — рожь.

2. Много снега - много хлеба, много воды - много травы.

3. Март с водой, апрель с травой, май с цветами.

4. Коли в мае дождь, то будет и рожь

5. Будет дождичек — будут и грибки.

Воспитатель: ребята, скажите, что такое флора? Что такое Фауна? Связаны ли Фауна и Флора между собой?

(ответы детей)

Воспитатель: Птицы, звери, рыбы, и насекомые не могут жить без растений. А растения не могут жить без насекомых, птиц и зверей. Насекомые необходимы для опыления растений, птицы и животные помогают разносить семена растений по всему земному шару. Растительный и животный мир необходим человеку. Растения и животные -это наша природа. Польза и красота, которую дарит природа, -бесценна.

Воспитатель: какую пользу приносят растения для человека?

(ответы детей)

Воспитатель: Дети, а можно ли ломать ветки деревьев. Рвать цветы в лесу?

(ответы детей)

Воспитатель: Дети, что будет, если каждый из нас сорвет всего по одному цветку на лугу? А землю населяет огромное количество людей.

(ответы детей)

Воспитатель: Если мы все-таки сорвали цветок, то, что мы должны сделать? (мы должны посадить не один цветок, а гораздо больше)

Воспитатель обобщает ответы детей.

Если я сорву цветок,

Если ты сорвешь цветок,

Если все: и я, и ты,

Если мы сорвем цветы,

То окажутся пусты

И деревья, и кусты.

И не будет красоты,

И не будет доброты,

Если только я и ты,

Если мы сорвем цветы.

(Т. Собакин)

Воспитатель: Путешествие наше закончилось. Но мы с вами каждый день совершаем настоящее путешествие по природе. Природа дарит нам свои плоды.

Нам с вами нужно не только самому пользоваться богатством природы, но охранять, защищать их и оставлять эти богатства для других.

Дерево, трава и птица

Не всегда сумеют сами защититься,

Если будут уничтожены они,

На планете мы останемся одни. В. Берестов

Человек должен бережно и разумно относиться к растительному и животному миру. Проявляя милосердие и заботу о братьях наших меньших, мы сами становимся лучше




Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 09.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Шет тілі

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: Көкөністер,жеміс-жидек

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Бұл не? Түріндегі жалпы сұрақ қоюға үйрету

Дамытушылық: Тақырып бойынша лексикамен таныстыру. I like … тіркесін сөйлеу тілінде қолдануды үйрету.

Оқыту: Өлшемін, түсін, сыртқы пішінін суреттеуді білу.

Педогогикалық технологиялар: әңгімелеу, сүретпен жұмыс.

Ресурстармен қамтамасыз ету: компютер, теледидар, көрнекіліктер, үлестірмелі материалдар, жеміс, көкөністер.

Билингвалдық компонент: Fruits – жемістер – фрукты

Vegetables – көкеністер – овощи

Apple – алма – яблоко

Orange – апельсин – апельсин

Strawberry – құлпынай – клубника

Grapes – жүзім – виноград

Onion – жуа – лук

Tomato – қызанақ – помидор

Potato – картоп – картошка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Балалар, бүгін біздің сабағымызға көптеген тәрбиешілер келіпті. Қане, ағылшын тілінде қонақтарымызбен сәлемдесіп алайық!

Балалар : «Good morning, teacher!

Good morning, good morning

Good morning to you!

Good morning, good morning

I am glad to see you!»
Негізгі бөлім: Өте жақсы, балалар. Бұл өлеңіміздің мағынасы – ”Қайырлы таң! Cізді көргеніме қуаныштымын!”. Әрине, бір-бірімізді көргенімізге қуанамыз, өйткені тәрбиешілер анамыздай, топтағы балалар жан қимас дос болып кеткен емеспе, балалар?

Балалар:  Ия.

Тәрбиеші: Өте жақсы, олай болса жан достарымызға, тәрбиешілерге арнап жақсы тілектер айтайық. Жүрекшеге жазылған ізгі ниеттерімізді өзбек тіліндегі мағыналарымен айтып сиқырлы ағашқа ілсек, міндетті түрде орындалады. Бірінші жүрекшедегі тілек сендерге арналады, менің жүрекшемде «Wish you good health», яғни «сізге зор денсаулық тілеймін» дегені. Ендігі  кезек сендерде, кімде қандай тілек бар?

Good luck to you!                           Сізге бақыт тілеймін!

Wish you success!                          Сізге сәттілік тілеймін!

 Wish you happiness!                   Сізге  шаттық тілеймін!

Take care of yourself!                      Өзіңізді абайлаңыз!

 I love my friends!                      Мен достарымды жақсы көремін!

I love my teachers!                       Мен апайларды жақсы көремін!

I love my kindergarden!                 Мен балабақшамды жақсы көремін!

Тәрбиеші:  Балалар, рахмет сендерге! Тілектерің орындалсын!

Балалар айтыңдаршы,біз ағылшын тілін не үшін үйренудеміз?

Тосын сәт.  Микки Маус есікті тақылдатып кіреді.

Мұғалім:  Who is on?

Mickey Mouse: I am a Mickey Mouse. May I come in?

Мұғалім: OOO, Welcome,  dear, Mouse!

Mickey Mouse: Hello, my  friends! Good morning!

БалаларGood morning, Mickey Mouse!

Mickey Mouse: How are you?

Балалар: We are fine!

Mickey Mouse: What is your name?

Кумуш: I am a Kumush!

Mickey Mouse: How  old are you?

Кумуш: I am five.

Mickey Mouse: Have you friends?

КумушYes, I have more friends. They are Sabina, Odina, Islom, Amina.

Mickey Mouse: You are very good! Let`s children show me your knowledge!

Балалар, бүгін сендер жемістер мен көкөністердің ағылшын тіліндегі айтылуымен танысасыңдар. Сендер қандай жемістерді білесіңдер? – Балалар жемістердің атын атап шығады.

 Ал қандай көкеністерді білесіңдер? – Балалар көкеністерді атап шығады.

Қәне барлығымыз теледидарға қарап, тақырыпқа қатысты видео көрейік.

Енді көрнекіліктерге назар аударайық.

Балалар тақырыпты қалай түсінгендеріңді ойын арқылы көрейік!

Үлестірмелі материалдарды сендерге беремін. Бұл жемістер және көкөністер бейнеленген карточкалар. Аталған сөзді орыс және ағылшын тілінде атау қажет. Әрбір дұрыс жауапқа бір жұлдызшадан беріледі және сабақ соңында жұлдызша санына қарап баға қойылады.

Қызанақ, қияр, сарымсақ, қызылша, қырыққабат, алма, ананас, шабдалы, шие, … т .б .

Балалар жауап береді.

Енді денемізді сергітіп алайық. Теледидарға назар аударыңдар.

Денемізді сергітіп алдық, енді осы сергіту сәтіндегі аталған дене мүшелерімен таныстыра кетейін: бас, тізе, аяқ, желке – head, shoulder, knees, toes.

 Қорытынды: «Сиқырлы микрофон» ойынын өткізейік. Ойынның шартымен таныстырайын: аталған қазақ тіліндегі сөздің ағылшынша аталуын айтуларың керек, сиқырлы микрафон кімге берілсе, сол бала жауабын айтуы тиіc.

Түстер: қызыл, жасыл, сары, ақ, қара т,б.

Кейінгі ойынымыз “Touch” яғни, аталған затты ұстап көрсету керек. Бұл ойын тапқырлықты әрі  жылдамдықты талап етеді. Берілген жануарларды таңдап, көрсетулерің керек.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, ит, мысық, зебра, түйе, маймыл.

Енді қыздар, жеміс-көкөністерді пайдаланып қол өнерімізді көрсетейік. Ал ұл-балалар жеміс-көкеністердің сүреттерін салсын. Соңында балалар жұлдызша санына қарап  бағаланады және уй тапсырмасы беріледі.





Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 08.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Таным

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Жиын және оның құрамы»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Заттың қай жерде, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ажырата білуге үйрету.

Оқыту: Жиын және оның құрамы арасындағы қатынастарды орната білуді дамыту.

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, монтессори,ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: ойыншықтар,қарандаштар,үлестірмелі материалдар, жолақшалар

Билингвалдық компонент: көп много,аз мало,ұзын длинный,қысқа короткий

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: Топға қорап әкелу.Балалар қорапға таңдана қарайды.

Балалар қорапты ашып көреміз бе?ішінде не бар екен.Қораптың ішінен доп,пирамидалар шықты.Балаларға ойыншықтарды ұстату.
Негізгі бөлім: Балалардан доп көп ба,пирамида көп ба деп сұрау.Балалардың жауабын тыңдау.

Көп,аз ұғымына мысалдар келтіру:Топта не көп?балалар жауап береді.Ал не аз?балалардың жауабы.

Балалардың назарын тақтаға аудару.

Суреттегі заттарды салыстыру:Суретте не көріп тұрсындар?қуыршақтар мен машина Қуыршақтар көп ба,аз ба?машина ше?

Қайсы түсті қарандаштар ұзын,қайсысы қысқа?балалардың жауабы тыңдау.

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты орнына,

Оңға қарады,солға қарады,

Үлкен деп ойлады.

Балаларды орындарына отырғызып үлестірмелі материалмен жұмыс жасату.

Дидактикалық ойын : «Салыстыр»(Балалар ойынды ойнайды)

Қорытынды: Ойын: «көп,аз»

Балаларды мадақтау.




Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 09.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Таным

Пән: Құрастыру

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Оригами гүл жасау»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Қағазды бүктеу арқылы гүлді құрастыруға үйрету.

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, Құрылыс құрастыру жолдарын түсіндіру. Өз бетінше жұмыс. Ойын .

Ресурстармен қамтамасыз ету: құрылыс материалдары қағаз

Билингвалдық компонент: қағаз-бумага, гүл-цветок.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Балалар шеңберге

тұрайық, біздін саусақтарымыз амандасады

бір-бірімен. Сәлеметсіз

бе. Бүгін біз бір

бірімізге жылы тілектер айтып.
Негізгі бөлім: Тәр-ші:  Балалар бүгін біз сендер мен бірге қағаздан гүл жасаймыз. Бірақ жасағанда ештенені қолданбаймыз қағаздан басқа. Бұл әдіс «Оригами» деп аталады.

Қорытынды: балалардың жасағандарын мадақтау.


Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 07.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Өсімдіктермен таныстыру»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: түрлері, сыртқы белгілері, олардың тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсініктерін кеңейту.

Оқыту: Балаларға бөлме өсімдіктерін таныстыра отырып ,гүлдің құрылымын таныстыру. Өскін, сабақ, жапырағын таныстырып, гүлдердің әртүрлілігін көре білуге үйрету. Жапырақтардың түсін,пішінін, көлемін салыстырып, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: гүлдер, таратпалар,(су,ауа,күн,топырақ,т.б) бал арасының ойыншығы,суқұйғыш,гүлдің сызбасы.

Билингвалдық компонент: бал арасы- пчела-bee, бөлме өсімдіктері-комнатные растения-house plants.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Шаттық шеңбері «Күн сәулесі арайлы»

Күн сәулесі арайлы,

Біздің үйге қарайды,

Алақанды жаяйық,

Күннен қуат алайық
Негізгі бөлім: Жыл мезгілін, сипаттамасын сұраймын, тақпақ айтуды ұсынамын

3.Жұмбақ:Ызылдауық бір жәндік,

Өзі гүлді ұнатады.(бал арасы)

4.Тосынсый: Қонаққа бал арасы келеді.

Бал арасы сөзін қайталатып,қалай дыбыстайтынын сұраймын.

5.Көптілдік: бал арасы-пчела-bee, бөлме өсімдіктері-комнатные растения-house plants

6.Бал арасы балаларға күннің суып,тоңып жүргенін айтады. Балалардан не істеуге болатындығын сұраймын,оның нені жақсы көретінін сұраймын,ол туралы тақпақ айтуды ұсынамын:

7.ДСТ-Сергіту жаттығуы: «Бал арасы»өлең жолдарына сай қимылдар жасауды ұсынамын

1.Орындарынан тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірлесе отырып айтады,жаттығу жасайды.

2. «Қыс»мезгілі екендігін айтады.

-суық,

-қар жауады

Тақпақ айтады:

Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшыңды кимесең,

Құлағыңнан тістеген.(тәрбиешімен бірлесе отырып айтады)

3.Әрқайсысы өз ойларын айтады.

4.Қонақты таңырқаумен,қуана қарсы алады.

Тәрбиешімен бірлесіп айтады, дыбысын дыбыстайды: ыз-з-з-з-з, қолдарын жазып, ұшқан кейіпін көрсетеді.

5.Үш тілді сөзді меңгереді(жекелей және топпен)

6.Әңгімесін тыңдайды,аяушылық білдіреді.Дос болуға шақырады,сипап, достықтарын білдіреді. Балалар ойларын

айтады: Гүлді жақсы көреді

7.Өлеңді айта отырып мазмұнына сай әрекет жасайды;

Баратыным қыр Қонатыным гүл,

Теретінім бал, Беретінім бал

Ұйымдастыру-іздестіруші

8.Балаларды гүлдермен таныстырамын, сипаттама жасаймын.

Фикус-тал гүл,оның тамыры сабағы, үлкен жапырақтары болады,жапырақтары сопақша болып келеді.

Фиалка жайқалып өседі, жапырақтары кішкентай дөңгелек,күлгін түсті гүл ашады.

Гүлдердің өсуіне үш сиқырлы нәрсе керек екендігін айтып, көрнекі түрде(сызба арқылы) түсіндіремін,

жылудың, судың, топырақтың қажет екенін түсіндіремін, суқұйғышпен таныстырып, пайдалану жолын түсіндіремін.

Жылу мен суды тағы қайдан алуға болатынын сұраймын

Күн мен жаңбырдың әсерін түсіндіремі

9.Ойын: «Гүлге не қажет?» суретті ойын

10.ДСТ«Гүл иіскеу»тыныс алу жаттығуы

Қорытынды: Дайын қималарға қыстырғыштарды ілу арқылы күннің, жаңбырдың бейнесін жасайды, жұмыстарын салыстырады,

түстерін атайды, тәрбиешімен бірлесіп күндерді пердеге іледі, өлең жолдарын айтады:Терезеден күн сәулесі,

Арайлана төгілді,

Сені, мені, оны да

Шуағына бөледі



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 07.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Қысқы ағаштар»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғатты қорғап, аялауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Ағаштарға қарап сурет салуға үйрету. Бояуды қолдану дағдыларын жетілдіру

Оқыту:  Ағаштардың бейнесін тіс пастасмен дұрыс бейнелеу. Ойлау, сөйлеу, саусақбұлшықеттерін дамыту. 

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: қыс мезгілінің. Қысқы ағаштардың суреттері, қысқы ағашынынң салу үлгісі, дидактикалық ойындардың көрнекіліктері, тіс пастасы, жарма, жапырақтар, ұлпақарлар.

Билингвалдық компонент: қыс-зима.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Жұмбақ жасыру. 
Аяз қысып, өрнек сызып, 
Терезені торлайды. 
Кейде, ұлып, кейде ысқырып, 
Ұйтқып боран соғады. 
Айтыңдаршы балалар, 
Бұл қай кезде болады? 
Негізгі бөлім: — Балалар, бұл қай кезде болады? 
— Қыста. 
-Қыста қандай ерекшеліктер болады? 
-Қыс мезгілінде қалай киінеміз? 
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? 
-Қыс мезгілі сендерге ұнайма? 
-Дұрыс айтасыңдар балалар. 
Ал, қазір балалар дидактикалық ойын ойнайық: 
«Артығын тап» 
Мнемокесте арқылы қыс туралы тақпақтар жаттау. 
Балалар шықты далаға, 
Ойнап, күліп жүр енді. 
Шаналармен азады, 
Аққаланы соғады 
Балалар жұмбақты шешеді.

-Қыс мезгілінде

-Дала суытып, қар жауады, боран соғады. 
-Қыста жылы киінеміз. 
-Иә, ұнайды. 
-Қар атыспақ, шаңғы тебеміз, шанамен сырғанаймыз, аққала соғамыз. 
Балалар ойынға қатысады. Тақпақ жаттайды. 
Іздену ұйым-дастырушы -Балалар, қараңдаршы далаға. Дала аппақ тонға оранғандай. Ағаштарға назар аударайықшы, ағаштарымыз ағарып кетіпті, неге деп ойлайсыңдар? 
Дұрыс айтасыңдар, өйткені қыс мезгілінде қар жауады, айналаны басады. 
(Суреттердегі қысқы ағаштарды көрсету, әңгімелеу). 
Қыста ағаштар тіршіліктерін тоқтатпайды. Серуенге шыққанда бұтақтарын сындыруға болмайды. Ал керісінше түбіне қар үйінділерін үю керек. 
Балалар, біреу маған телефон соғып жатыр, қарап жіберейінші. 
-Алло, саламатсызба. Иә, бұл «Жұлдызша» тобы. Сен саяхатшы Дарасын ба? 
(Дара Африка елінде, оның тұрғындары қысқы ағаштарды көрмеген, сондықтан балалар қысқы ағаштардың суретін салып, суретке түсіріп Дараға жіберулері керек). 
Т: Балалар суретті салудың алдында саусағымызды жаттықтырып алайық. 
«Қар жауып жатыр» жаттығуы. 
Қысқы ағаштың суретін тіс пастасын пайдаланып, саусақпен салу. 
(балаларға салу жолын көрсету).

Балалардың суреттерін мақтау, суретке түсіріп Дараға жіберу.

Сергіту сәті: 
«Қыс қызығы» Али мен Айяның әні.

Дидактикалық ойын: «Қысқы ағашты табу». 
Шарты: Балаларға төрт жыл мезгілдерінің ағаштары көрсетіледі. Соның арасынан қыс мезгіліндегі ағашты тауып көрсетулері керек.

Тәрелкедегі жармаға қысқы ағаштың суретін саусақпен салу.

Суреттерін мақтау. 
Балалар далаға қарайды.

Өйткені қыс мезгілінде қар жауады, ол айналадағы барлық заттарды басады.

Балалар мұқият тыңдайды.

Біз Дараға көмек береміз.

Балалар саусақтарымен тіс пастасымен ағаштардың бұталарын салады.

Балалар суреттерін көрсетеді.

Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге орындайды.

Қысқы ағаштаы табады.

Балалар қысқы ағаштың суретін жармаға саусақпен салады. 

Қорытынды: Дидактикалық ойын: «Тиістісін тап». 
Шарты: балалардың алдында жасыл, сары жапырақтар мен ұлпақарлар болады. Балалар қысқы ағашқа тиістісін тауып, ұлпақарларды ағашқа жапсырады.

Балалар қысқы ағашқа тиістісін тауып ұлпақарларды жапсырады. 


Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 08.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: « Гүл әлемі»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту,саусақ бұлшық еттерін,сөздік қорын,тілін дамыту;

Оқыту: Гүлдің бейнесін мүсіндеуге үйрету. Бөліктердің салыстырмалық көлемдерін сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуге үйрету.

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түрлі түсті әдемі гүлдердің суреті

Билингвалдық компонент: әдемі-красивый- beautiful,гүлдер-цветы- flowers

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Балаларға қонаққа екі қуыршақ келеді.
Біреуінің қолында гүлі бар.
Тәрбиеші балалардың көңілін қуыршақтың қолындағы гүлге аударады.
Ал екінші қуыршақта гүлдің жоғын айтады.Қуыршақтар бізден көмек сұрап келіп тұр.
Балалар қуыршақтар бізде мүсіндеу сабағы екенін естіп келіпті.
Балалар сендер қуыршаққа түрлі-түсті гүлдерді мүсіндеп бересіңдер ме?
Балалар қуыршақтарға қызығушылықтарын білдіріп,қуыршақтар мен амандасады.
Балалар назарларын қуыршақтың қолындағы гүлге аударады.
Қуыршаққа түрлі-түсті гүлдерді мүсіндеп береміз деп келіседі.
Негізгі бөлім: Тәрбиеші балалардың көңілін көрнекі суретке аударады.
Балаларға мүсіндеу тәсілін көрсету.
Мүсіндеу тәсілін бекіту.
-Балалар сендер қазір нені мүсіндегелі жатырсыңдар?
-Түймедағы гүлінің күлтелерінің түсі қандай екен?
1. Сары түсті ермексазды алақанға салып домалақтаймыз,алақанмен басып сәл жалпайтамыз.
2. Күлте жасау үшін біз 7 бірдей домалақ жасап алуымыз керек
3. Саусақтарымыздың көмегімен
Балалар көңілдерін көрнекі суретке аударады.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар тәрбиешінің іс-әрекетіне мұқият болады.
Гүлдерді мүсіндейміз.
Балалардың өзіндік мүсіндеу жұмыстары.
Тәрбиешінің нұсқауы бойынша түймедақ гүлін дұрыс әрі әдемі етіп мүсіндеп шығарады
Сопақша пішінге келтіріп,оны жалпақтап,екі ұшын сұқ саусақ,ортанғы саусақ көмегімен домалатып,күлтелерңһін жасаймыз
Сергіту сәті.
Балалардың жұмыстарын қадағалап отыру.
Енді істеген жұмыстарыңды алдарыңа әдемілеп қойыңдар.

Қорытынды: Балалармен сұрақ-жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.
Балалар бүгін бізде қандай сабақ болды?
Дұрыс айтасыңдар.
Біз нені мүсіндедік?
Дұрыс гүлдерді мүсіндедік.
Балаларды ортаға шығарып кімнің мүсіндеген жұмысы жақсы екенін сұрап, бағалату. Мақтап мадақтау.



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 11.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Аппликация

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Гүлді әшекелейміз»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: математикалық ұғымдарын бекіту; сұлулықты сезіне білуге, әсемдікке тәрбиеле

Дамытушылық: Затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық еттерін дамыту; 

Оқыту: Гүлдің пішінін қағаздан қиып, әшекейлейге үйрету. Түстерді үйлесімділікпен таңдауды жетілдіру.

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: желім,қайшы,үйлестірмелі материалдар.

Билингвалдық компонент: гүл – цветок, құмыра – ваза, әже – бабушка, күлте – лепесток.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: «Тілек шоғы » жылулық шеңбері. Педагог әр баланың

қолына бір – бір гүлден таратады. Педагог өз қолындағы гүлді тілек айтып, жанындағы балаға ұсынады.

Жылы сөз айту жалғасады.

Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы »

болып, педагогтің өзіне оралады.

Кімде – кім жақсы тілек айтса,

жақсы тілек ойласа, сол үлкен

жақсылыққа айналып өзіңе қайтады
Негізгі бөлім: Педагог балалардың гүл туралы түсініктерін суреттер көрсету арқылы кеңейте түседі.

Тосын сәт:

Кенет есік қағылады.

Педагог:

-Балалар, біреу есік қағып тұр, кім келді екен?

Қолында гүлі бар әже кіреді.

Әжей:

-Бүгін менің немерем Әселдің

туған күні,- дейді.

Педагог әжей әкелген гүлшоқты құмыраға салып қояды.

-Енді сіз біздің балалардың өнерін көріңіз.

-Балалар, Әселге арнап осындай құмырадағы гүлді жапсырып дайындайық.

Құмырадағы гүл туралы әңгімелеу. Алдымен педагог балаларға қағаздан гүл бөлшектерін қиюды,

содан соң гүлдерді жапсыру техникасын

көрсетіп, түсіндіреді.

-Бірінші үш гүл күлтесін қиып аламыз, содан кейін қалған бөліктерін қиямыз.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Тәрбиеші қарайды,

Аяққа бір, қолға бір.

-Міне, балалар, гүліміздің бөліктерін қиып алдық, енді оларды жапсыруға кірісейік.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Балалардың жапсырған гүлдерін, күлтелерін, сабағын, жапырағын санату.
-Құмырада неше гүл бар?

-Күлтелерін санап көрейік?
- Сабағын санайық?

- Жапырағы нешеу екен?

Қимылды ойын: « Гүл жинау».

Мақсаты: Балаларды шапшандыққа баулу.

Балалар өздері білетін

бақша гүлдерінің атын атайды.

Қорытынды: Балалар, осы дайындаған гүлімізді Әселге сыйлаймыз.

Әже, қараңызшы, біздің балалар қандай әдемі гүлдер жасады. Әже педагогпен бірге

балаларды мақтайды.

Әже балалармен қоштасады.

Балалар бір – бірінің жұмыстарын жасаған өз

білгендерінше бағалайды. Әжемен қоштасады.





Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Әлеумет

Пән: Өзін-өзі тану

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Сәлемдесе білемін»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: өзін-өзі тани білуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Дамытушылық: өзіне деген сенімділігін дамыту

Оқыту: адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Ресурстармен қамтамасыз ету: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжетті суреттер.

Билингвалдық компонент: сәлем-привет

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: 1.Шаттық шеңбері: Ә.Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін оқу
Негізгі бөлім: Әңгімелесу

-Жаңа орындалған өлеңнен не түсіндіңдер?

3. Әңгімелеу: «Сыпайы қоян» ертегісі.

Ертегі желісі бойынша сұрақтар қою.

-Қоянды қатерден не құтқарды?

-Жылан неліктен қоянға тимеді?

Әңгіме: «Жақсы мен жаман».

-Гүлдің жабырқауына не себеп болды?

-Арам шөптің қылығын қалай бағалар едіңдер?

4.Дәйексөз: «Жақсы сөз-жанға қуат».

5.Тыныштық сәті.

6.Ойын: «Не деу керек?»

Шарты:сыпайы,әдепті сөздерді айту.

7.Ғажайып сөздер:жолың болсын;құтты болсын;аман бол;қайырлы күн;күнің сәтті болсын.

8.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Қорытынды: -Бүгін қандай сөздермен таныстық?

-Әдепті бала қандай сөздер айтады?

10.Жүректен жүрекке.


Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 08.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Денсаулық

Пән: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: Тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүру және шашырап, жұптасып жүгіру.

Мақсаттары: Ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап секіру.4м арақашықтықтан қапшықты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол қолмен лақтыру.

Педогогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Жіп, доп, жалаушалар

Билингвалдық компонент: жіп - веревка, канат; доп - мяч; флаг - жалау

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Шеңбер бойы бірінің артынан бірі жүру ; баяу жүру, теріс қарап алға қарай жүруді алмастыра, педагогтің тапсырмасын орындай жүру. Екі шеңбер құру; бір орында тұрып жан-жаққа секіре бұрылу. Бір – біріне қақтығыспай, бірінің артынан бірі, жұптасып, «жыланша» ирелеңдеп жүгіру. Жеңіл жүгіру, жұптасып айналу. Аяқты тарсылдатып жүру.
Негізгі бөлім: «Доптар бірге» б.к.: н.т., қол доппен төмен. 1 - қолды жоғары көтеріп, доптарды 1 рет соғып, оған қарау; 2 - қолды шетке соза, бастапқы калыпқа оралу.

2. «Допты құшақтап алу»б.к.: н.т., қол доппен шетке созулы. 1 - доптарды құлатпай кеудені құшақтап алу;

2 - бастапқы қалыпқа: оралу.

3. «Тізе артында» б.қ.: аяқ бірге, қол доппен шетке созулы. 1-2 алға қарай еңкею, тізенің артынан доптарды тигізу- дем шығару; • 3-4 бастапқы қалыпқа оралу.

4. «Доптар бірге» б.к.: аяқ бірге, қол доппен шетке созулы. Денені оңға, солға бұрып, доптарды біріктіру.

5. «Тізе астында»б.к.: н.т. қол доппен иықта. 1 - тізеден бүгілген оң аяқты көтеру, тізенің астынан доптарды соғу; 2 – бастапқы қалыпқа оралу; 3-4 - сол аяқпен орындау.

6. «Секіру» б.к.: н.т., қол доппен төмен. Аяқты бірге қою, алшақ ұстап секіру.

Доптарды соғып орында тұрып жүру. (3 рет). Сапқа тұру. Допты артта ұстап жеңіл жүгіру. Жай жүру. Демалужаттығуларын орындау

Негізгі қимылды жаттығулар: Тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүру және шашырап, жұптасып жүгіру.Ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап секіру.4м арақашықтықтан қапшықты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол қолмен лақтыру.

Қорытынды: Оқу іс-әрекетін қорытындылап қимылды ойын ойнату. «Орныңды тап».Өзінің орнын тез таба білуге көңіл бөлуін дамыту







Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 09.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Денсаулық

Пән: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: Түрлі қарқында жүру және бір сызыққа қойылған заттар арасымен «жыланша» ирелеңдеп жүгіру.

Мақсаттары: Допты басымен итеріп еңбектеу. Кеуде тұсынан қос қолмен допты бір- біріне лақтыру.

Педогогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: жіп, доп, гимнастикалық орындық

Билингвалдық компонент: доп-мяч.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:
Негізгі бөлім: Өрілген жіппен орындалатын жалпы дамыту

жатығулары.

1. «Өрілген жіпті арқаға сал!». Б.қ,: аяқ сәл алшақ, өрілген жіпті ұстап, қолды төмен түсіріп тұру. 1- өрілген жіпті соза жоғары көтеру, оған қарау. 2- қоды түзу ұстап, арқа жаққа түсіру. 3- жоғары созу. 4- б.қ. келу.

2. «Гамак». Б.қ.: аяқ алшақ, өрілген жіптің екі шетінен алып, төмен ұстау. 1-7- аяқты бүкпей алға еңкейіп, өрілген жіпті бүгулі қолмен алға, артқа гамак тәрізді тербеу. 8-б.қ. келу.

3. «Аяқты артқа соз!». Б.қ.: н.т., өрілген жіпті ұстап, қолды төмен түсіріп тұру. 1- өрілген жіпті соза жоғары көтеру, бір мезгілде оң аяқты артқа созып, аяқтың ұшын еденге тигізіп, демді ішке тарту. 2-б.қ. -дем шығару. 3-4 – осы қимылды сол аяқпен орындау.

4. «Тізеңе қой». Б.қ.: н.т. өрілген жіпті бүгілу тізеге қою, алақанды жоғары қаратып, қолды артқа тығу, бір аяқта тұрып дауыстап, 10-ға дейін санау. 4-б.қ. Келесі аяқпен орындау.

5. «Секіру». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол белде, өрілген жіп еденде созылып жатады. Өрілген жіп үстімен алға, артқа секіру және бір орында жүру.

Баяу жүру және тыныс алу жаттығуымен аяқтау.

Қолды жоғары көтеріп, демді ішке тарту, қолды босаңсытып, алға қарай еңкейіп, дем шығару.

Балалардың дамыту жаттығуларын бір қалыпты, бір мезгілде жасауларын қадағалау. Және тыныс алу жаттығуларын дұрыс жасауларын қадағалау.

Түсінбей қалған баламен жұмыс жүргізу.

Негізгі қимылды жаттығулар: Түрлі қарқында жүру және бір сызыққа қойылған заттар арасымен «жыланша» ирелеңдеп жүгіру.

Допты басымен итеріп еңбектеу. Кеуде тұсынан қос қолмен допты бір- біріне лақтыру.

Қорытынды: Оқу іс-әрекетін қорытындылап қимылды ойын ойнату. «Қасқыр мен қояндар»

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 11.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Денсаулық

Пән: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»

Топ: ересек топ

Тақырып: Заттардың арасымен жүру, кедергілердің арасынан жүгіру

Мақсаттары: Арқан бойымен бір жақ жанымен қырындап тепе-теңдікті сақтап (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге) жүру.

Тәрбиелік:Денсаулығы мықты, шымыр азамат тәрбиелеу. Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Дамытушылық:Спорт ойындарына деген қызығушылықтарын дамыту.

Оқыту:негізгі қимыл жаттығуларын орындау тәртібін үйрету. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. 2-2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты дәлдеп лақтыру.

Педогогикалық технологиялар: денсаулық технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: арқан, шарлар, доптар, таяқшалар, себеттер

Билингвалдық компонент: доп-мяч

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: аяқ ұшымен жүрк, бір қарқындап жүру, жүгіру, лақтыру.

1.Бір қатар сапқа тұру.
Негізгі бөлім: Сәлемдесу

(Нұсқалауларды орындау).

Бір тізбекпен жүру.

Балақай-ау, балақай,

Көктем келді алақай!

(Қолды жоғары көтеріп, шапалақтап жүреміз).

Пальтомызды шешеміз,

Тау бөліктерін кеземіз.

(екі қолды екі жанға созамыз, иыққа қоямыз).

Сан қызықты көріп біз,

Сайдан гүлдер тереміз.

(Екі қолды алға созу, оң қолды- оң иыққа, сол қолды сол иыққа жеткізу).

Тайға мініп секіріп,

Велосепед тебеміз. (Баяу жүгіру)

Балаларға әр түсті екі шардан беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.

Жалпы дамыту жаттығулары:

(Шарлар).

Б.қ.: негізгі тұрыс, қол төменде.

1.Екі қолды алға созу.

2.Қолдарын қайшылау.

(Шарды оң қолдан сол қолға ауыстырып тұру.

3.Б.қ. келу.

Б.қ. тік тұру, аяқ арасы алшақ, қол төменде.

1. Денені бұрып оңға иілу.

2.Денені бұрып солға иілу.

3.Б.қ. келу.

Б.қ.: аяқ алшақ, қол төменде.

1.Шарды кеуде тұсында ұстау.

2.Алға секіру.

3.Екі жанға секіру.

4.Б.қ. келу.

Б.қ.: Отыру аяқты алға созу.

1.Шарды қос қолмен жоғары көтеру.

2.Тізеге тигізу.

3.Б.қ. келу

Негізгі қимыл жаттығулары:

1.Аяқ ұшымен жүру.

(Бір қатармен аяқ ұшымен жүру).

2.Жуан арқан бойымен бір қырындап, адымдай жүру.

(Жердегі арқан үстімен оң жақ қырымен бастап, оң аяқты алшақ қойып адымдай жүру).

«Күн мен жаңбыр» ойыны:

1.Ойын шартын түсіндіру.

2.Балалармен бірге ойнау.

Балалардың жасаған іс- қимыл жаттығуларына ризашылық білдіру.Қолданылған заттарды жинастыруға көмектеседі.

Қорытынды: Тыныс алу:

-Аяқ арасы алшақ, шарды қос қолмен жоғары көтеру (ауа жұту);

-шарды тізеге тигізу (дем шығару).