І-Тоқсанның тақырыбы: Айтыс және жыраулық өнер:
Сабақтың тақырыбы: Айтыс өнері . Айтыс түрлері - қайым , түре және сүре.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Айтыс дәстүрі туралы мағлұмат беру.Қазақ ауыз әдебетіндегі айтыс жанрының ерекшелігін таныту.
Дамытушылық: Айтыс өнерін терең танып, мағлұматтар ала отырып музыкалық танымдарымызды кеңейтіп, өмірмен байланыстыра алу.
Тәрбиелік: Эстетикалық, музыкалық маңыздылығын түсіну арқылы қазақ музыкасына деген сүйіспеншіліктерімізді арттыру.
Сабақтың түрі. Жаңа материалды түсіндіру.
Сабақтың әдістері: Әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сурет, домбыра
Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі:
2Үй жұмысын тексеру:
3Жаңа сабақ:
Айтыс-қазақ халқының ең жақсы көретін өнер түрі.Көптеген ғасырлар бойы халқымыз ақындарды арнайы айтыстыратын болған.Ақындар айтыс арқылы өз ойларын ашық айта білген.Айтыс кезінде барлық айтылған сөз ескеріліп,хан да, халық та ақынның сөзіне қарсы тұрмаған.Айтыс кезінде екі ақын бір- бірімен өлең сөз арқылы жарысады. Айтыс халық алдында сол сәтте ойдан шығарылып орындалады.Осылайша орындайтын ақындарды суырып салма ақындар деп атайды.Әр ақын өз елінің намысын қорғайды. Қарсы ақынның мінін табуға, кемшілігін көрсетуге тырысады. Сол арқылы қарсыласын жеңіп шығуды көздейді. Ақындар айтыс кезінде өз туындысын домбыраға, қобызға, сырнайға қосып орындайды. Айтыстың жеңімпазын анықтайтын тыңдаушы халық.Суырып салма ақын болу үшін туа біткен табиғи ақындық қасиеттен басқа, білімді,тоқығаны мол зерделі адам болуы тиіс.Айтыс – екі ақынның бір-бірімен өлең-сөз арқылы жарысуы.
Сен білесің бе?
Қазақта айтыс шешендік қара сөзбен де, күй тартыс арқылы да болған Қазақ даласында атағы кең жайылған Жанақ, Түбек, Орынбай, Шөже, Кемпірбай, Әсет,Күдері, Сүйінбай, Жамбыл сынды ақындар өмір сүрген. Ақындар тек қана ойын-той, ас-жиында ғана емес, арнайы бірін-бірі іздеп барып та айтысқа түскен.
Қайым айтыс - қыз бен жігіттің әзіл-қалжыңына құралады.Бұл айтыс ойын-сауық, той-думандарда орындалады. Қыз бен жігіт бір-біріне деген махаббат сезімін қайым айтыс арқылы білдіріп отырған.Қайымдасу соңында қыз жігітке сақина- жүзігін қалдырған.Сол арқылы қыз жігітке өз сезімін білдірген.Қайым айтыс кезінде қыз бен жігіт өлеңнің бірінші және екінші жолын өзгертпей қайталап отырған. Ал өлеңнің үшінші және төртінші жолдары ойдан шығарылады. Қайым айтыс - өлең құраудың ең оңай түрi. \
Қайым айтыс – қыз бен жігіттің өлеңмен әзілдесуі.
Жігіт:
Атыңды шешең сүйiп қойған Еркiн,
Той болса түзетесiң кәмшат бөркiң.
Бұландап ұжмақтың хор қызындай
Бiтпеген еш пендеге сенiң көркiң.
Қыз жауабы:
Атымды шешем сүйiп қойған Еркiн
Той болса түзетемiн кәмшат бөркiм.
Келе сап сипатымды баяндадың,
Есiңдi аудырды ма менiң көркiм.
Айтыстың барлық түрi екiге бөлiнедi. Бiрiншiсi - түре айтыс, екiншiсi - сүре айтыс.Ақындардың бiр – бiр ауыз өлеңмен қысқаша жауаптасуын түре айтысы деп атаймыз.Түре айтысты атақты ақындармен қатар айтысты жаңа үйреніп жүрген көпшiлiк те қолданған. Түре айтыс - айтыстың шапшаң жауаптасу түрі.Түре айтыс жас желеңді айтысқа төселдіреді.
Сүйінбай мен Күнбаланың бір-бір шумақпен қысқа жауаптасуы: Сүйінбай:
Тұманда адасушы ем із болмаса.
Асқан асың татымас тұз болмаса.
Көп қызды ауылдағы кім сынапты,
Алысқа ұзатылар сіз болмаса.
Күнбала:
Кедейім, кедейім-ай, кедейім-ай!
Шіркінді кедей демей не дейін-ай?!
Сыртымнан сыбыс бермей кеп қалыпсың,
Мұныңды ақын аға не дейін-ай?!
Суырып салма өлеңдерге әбден төселген, нағыз ақындардың ұзақ сөйлеп айтысуын – сүре айтыс деп атаймыз. Сүре айтысында көбінесе ел жағдайы, халық тағдыры, ру намысы сөз болады.
Түре айтыс - ақындардың қысқаша айтысуы
Сүре айтыс - ақындардың ұзақ айтысуы
Дауыс жаттықтыру:
Жаңа ән үйрену:
«Ұстазым менің ұстазым!»
Қорытынды:
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
Түре және сүре айтыс тақырыбын оқы.