Пән: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин: «Аққудың айырылуы » поэмасы.
Сынып : 8
Сабақтың мақсаты:
1. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолын еске түсіріп қайталау;
С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасын оқыту, мазмұнымен таныстыру; поэмасына талдау жасай отырып, идеясын, мақсатын ұғындыру.
2. Тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын,ойлау қабілеттерін, ауызша тіл байлықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Адамгершілік қасиетін әрқашан жоғары ұстау,табиғатты ,қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.Өз сыныптастарының ой-пікірін тыңдауға,сыйлауға,
үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақынның суреті, слайдтар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ .
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап , топтық жұмыс, ой жинақтау, пікір- талас.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1-3 .слайд- «С.Сейфуллин». (1894-19380).
( мына мәліметпен балалардың жауабын толықтыруға болады)
Сәкен ағамыз-төңкеріс дәуірінің қаһарманы, дауылпаз ақын.
Галина Серебрякова ақын туралы: «...Қазақстан-байтақ өлке,бай өлке...Ең бастысы-онда табиғат артықша дарынды етіп жаратқан талапкер жұрт бар.Мен таныған Сәкен Сейфуллин Қазақстанның бір бөлшегі сияқты.
Сакен бар жан-жүрегімен туған елінің, өз халқының бел баласы еді,халқына жаны пида жақсылардың бірі еді.»,- деп жоғары баға берген.
2. слайд. Сабақтың эпиграфы –«Ол өз елін сүйген . Ол нағыз ақын болған , ал нағыз ақынның халқы өмір сүрсе, ол да мәңгілік өмір сүреді» Р.Сейсенбаев
4.слайд. Саб.барысы
5.слайд . Үй жұмысын тексеру.
тапсырма – Сыр сандықтан мақалды шығарып оқу ,тақырыбын анықтау, белгілеген тақырып бойынша ақынның өмірбаянынан мәліметті әңгімелеп беру
«Туған жер – алтын бесік»-ақынның туған жері туралы әңгімелеу
«Кітап оқығандікі,білім тоқығандікі»-білім жолдарын көрсету
«Сыр сандық»-шығармаларын еске түсіру
«Аққу-көлдің көркі»-аққу туралы баяндау.
«Аққу-көлдің көркі».Бұл-бейнеклиптің атауы. Осы бейнекөрініске назар аударайық,зеійн қойып қарап шығайық.
Балалар,қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Сәкен Сейфуллиннің қай шығармасында аққу туралы жазылған? Осы тақырыпқа қандай мақсат қоямыз?
6. слайд. Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин « Аққудың айырылуы»
7. слайд .Сабақтың мақсаты
8. слайд. Поэманың ерекшеліктері
9. слайд. Поэманың басқа шығармалардан айырмашылығы
10. слайд. Поэма деген не?
11. слайд. Сөздік жұмысын ұйымдастыру. Сөздерді екі тілде оқу Сөздерді,сөз тіркестерді пайдаланып мазмұнын орыс тілінде айтып беру.
12. слайд. Шығарманы абзацтарға бөлу
І-Кіріспе
ІІ-Екі аққудың кездесуі
ІІІ-Мергеннің аққуды атуы
IV-Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі
13. слайд. Топтық жұмыс
14. слайд. Топтық жұмыс
15. слайд .Топтық жұмыс
16. слайд .Топтық жұмыс.
Поэманың тақырыбы,негізгі ойы қандай?
«Аққудың айырылуы» поэмасында махаббат күші аллегория арқылы күшейтіліп беріледі.Махаббат символы ретінде аққу алынған.
Романтикалық бейнелеу әдісімен берілген ұлы махаббат жайындағы бұл тамаша хикаяда қасірет тартып ,бақытсыз өмір сүруден гөрі,жалынды махаббат,айнымас серт ізгі достық жолында өлген артық деген идея берілген.
Сөйтіп,бұл поэмада достық пен махаббаттың ғажайып сыры,айдың көлдің сұлулығы,сол көлді жайлаған жұбай аққудың сылаңдап жүзген жарастықты көркі, сол сүйікті жұбай аққудың аянышты жалы.
17. слайд.Мақал-мәтелдермен жұмыс.
Аққу-киелі құс.
Аққу-құстың сұлтаны.
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Аққуды атуға болмайды, махаббатты қорлауға болмайды.
18. слайд.Сабаққа қорытынды жасау. Поэманың тақырыбы, негізгі ойы қандай?
«Аққудың айырылуы» поэмасында махаббат күші аллегория арқылы күшейтіліп беріледі. Махаббат символы ретінде аққу алынған.
Романтикалық бейнелеу әдісімен берілген ұлы махаббат жайындағы бұл тамаша хикаяда қасірет тартып ,бақытсыз өмір сүруден гөрі, жалынды махаббат, айнымас серт ізгі достық жолында өлген артық деген идея берілген.
Сөйтіп,бұл поэмада достық пен махаббаттың ғажайып сыры,айдың көлдің сұлулығы,сол көлді жайлаған жұбай аққудың сылаңдап жүзген жарастықты көркі, сол сүйікті жұбай аққудың аянышты жалы.
Рефлексия. Топтар тақырыптар арқылы төрт жолды өлең құрастырып жазу керек. (көл ,құстар, сұлулық пен зұлымдық туралы)
19. слайд.Үй тапсырмасы: C.Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасының мазмұның айту.
Бағалау.( Мұғалім геометриялық пішіндер арқылы оқушылардың жауаптарын бағалайды, сабақ кезінде оқушылар жинап отырып өз - өзін бағалайды)