Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Информатика пәнінің мұғалімі: Оспанбаева Бағлан Өмірғалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат. Оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, ақпараттың түрлері мен қасиеттерімен таныстыру;
- информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді;
Тәрбиелік: топпен жұмыс жасауға, достық қарым-қатынасқа, салт-дәстүрді дәріптеуге баулу;
Дамытушылық: логикалық ойлауын, тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз бетімен оқуға дағдыландыру.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық!
амандасу, түгендеу, психологиялық ахуалды ретке келтіру.
Оқушылардың білім деңгейін анықтау: 2 мин
I – кезең: Топтық жұмыс: «Миға шабуыл» /әр топқа 1 сұрақтан беру, жауаптарын бағалату/
А) Өте ауыр В) Ауа алмасуы бұзылады
С) Ұнамсыз Д) Экран жабылып қалады
А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру керек.
В) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу.
С) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау.
Д) Арасында мониторды өшіріп отыру.
А) 6 сағаттан В) 45 минуттан
С) 2 сағаттан Д) 15 минуттан
А) 10-15 см. В) 20-30 см.
С) 40-50 см. Д) 60-70 см.
А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру
В) Компьютерді ажырату батырмасын басу
С) Тұрып, кабинеттен шығу
Д) Бөлмені ылғалдап, сүртіп шығу және желдету
А) Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуы мүмкін
В) Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар
С) Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін
Д) Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды
А) Мұғалімді шақырамын В) Ақауды өз бетіммен жоямын
С) Компьютерді электр желісінен ағытамын Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою: 2 мин.
Топқа бөлу («Монитор», «Пернетақта», «Принтер», «Тышқан» сөздері жазылған парақшаларды үлестіру, 4 топқа бөлу)
IY. Білімді өзектендіру: Ребустың шешуін табу.
-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Ақпарат. Оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері.

I I– кезең: Топтық жұмыс: 10 мин (тақырыптар жазылған тапсырманы әр топтан бір оқушы шығып алады, қай тақырып келсе, сол тақырыпты топ мүшелері бөліп орындайды). Жаңа сабақты өздері түсінуге мүмкіндік жасау. 3 мин
Сергіту сәті: 2 мин
III– кезең: 10 мин (Жаңа сабақты бекіту мақсатында 4 топқа тапсырма беру).
-«Кім тапқыр» ойын ойнату. (Сезім мүшелері арқылы қандай ақпарат алғандарын анықтау)
-Шатастырылған логикалық баулар – (бұзылған тізбекті қалпына келтіру).
-Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат түрлерін дұрыс табу.
-Ақпараттың қасиеттерін атау – «Көзіңді алдағың келе ме?» суреттер арқылы ойын ойнату.
Қорытынды: 3 мин
-Бүгін біз не үйрендік?
-Суретті мәтінге қандай жолдармен қоюға болады?
-Неше тәсілмен қоюға болады екен?

YII. Бағалау: 4 мин
Әр топ бағалау парағы арқылы бірін – бірі бағалайды.
Рефлексия: 2 мин
Алдарындағы жүрекшелерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтада ілулі тұрған «смайликтердің» астына іледі. «Ұнады» несімен ұнады, «ұнамады» не ұнаған жоқ.
YIII. Үйге тапсырма: 2 мин
«Ақпарат. Оның түрлері, мазмұны мен қасиеттері» тақырыбын оқу, эссе жазу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Бөлек ауылы
М.Горький орта мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі Оспанбаева Бағлан Өмірғалиқызы