Мектепалды даярлық «Қуыршақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу күні :27.12.19ж
Тәрбиеші:Абенова М.К.
Білім беру саласы «Шығармашылық»
Пән: Аппликация
Өтпелі тақырып: «Қош келдің жаңа жыл»
Тақырыбы: Аққала
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: әңгімелеу арқылы баланың байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3.Оқыту: : қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту,жапсырудың домалақтау әдісімен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: жеке тұлғаға бағытталған, денсаулық сақтау,ойын технологиясы,ақпараттық технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: қыс бейнесінің суреттері,аққала.
Көптілдік:аққала-снеговик
Просмотр содержимого документа
«"Аққала "»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Үйымдастыру кезеңі:
-Қәзір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атаңдар?
-Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?
-Қыста адамдар қалай киінеді?
-Қыста қандай ойындар ойналады?
-Қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Негізгі бөлім:
Балалардың назарын әдемі қорапшаға аударамын.Қораптың ішін ашып хат барын хабарлаймын.Хатты сендерге ақшақар жіберіпті.Ақшақардың көптеген тапсырмалары бар екен.
1-тапсырма;Суретпен жұмыс.
-Қыста күн суық ызғарлы болады.Қар жауады.
Қардан балалар әдемі аққала соғып ойнайды.Аязды күнде біздің терезелерге аяз оюлар салады,оны қырау дейді.Қыс мезгілі өте қызықты,көңілді.Қыста ауа таза болады.
Сергіту сәті
Аппақ қылып өңірді,
Қар жауды,қар жауды.
Көңілді балалар
Қызығып секірді.
2-тапсырма; Жүмбақ жасыру.
-Қыста ғана болады,үстасаң қолың тонады.
-Қолы жоқ сурет салады,тілі жоқ тістеп алады.
-Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны.
3-тапсырма.»Аққаланы жапсыру»
Жүмыс барысы;
*Аққаланың суретін көрсете отырып таныстыру.
*Аққаланы жапсыру үшін,қағазды үш бөлікке бөліп алады.
*Бөліктерді үлкенінен бастап,бірінің үстіне бірін қояды.
*Екі қолын жапсырады.
*Мұрнын сары түсті қағаздан жапсырады.
*Бас киімін төртбүрышты етіп жапсырады.
«Аққала» өлеңін оқу.
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мүрны сәбіз үп-ушкір.
Көзі көмір қап-қара.
Қорытынды:
-Аққала неше бөліктен түрады?
-Сендер аққаланы неден жасадыңдар?
-Оның бөліктерінің пішіні қандай?
-Аққаланың түсі қандай?
-Ақшақардың тапсырмалары ұнады ма?
Қайырлы күн досым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгіңгі күн міне,
Қуанышқа толсын!