СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Акробатика. Жауырында тұру. Шатқа отыру (шпагат)

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары №2

V - сынып

6 - күн

4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Акробатика. Жауырында тұру. Шатқа отыру (шпагат)

Мәліметтер көзі:WWW.youtub.com.

Акробатика №2. Шпагаты, №4 Стойки. «Дене тәрбиесі» 5- сынып Төтенай Б. Тайжанов С. 41-43 беттер.

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың тірек қимыл-қозғалысын, тепе-теңдік сақтау және керілу қабілеттерін дамыту

б) ұстамдылық, шыдамдылық және төзімділік қабілетін ашу.

в) Ойланып іс-қимыл жасауға баулу.

г) Топтағы құрбыларының іс-әрекетін әділ бағалай білуге үйрету.

Қол жеткізер нәтижелер:

а) жаттығулардың күрделі болуы оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай тәуекелдікке үйретеді.

б) Жаттығуларды жасап үйрену кезінде оқушылардың өз қабілетіне сенімділігі артады.

в) Оқушылар шешім қабылдап үйренеді.

г) Өз мүмкіндіктеріне сенім мен сыни көзқарас туындайды.

Мұғалімнің іс - әрекеті:

Оқушылардың іс - әрекеті:

Ұйымдастыру:

Дайындық бөлімі:  10 минут

Орындау:

       Оқушылардың сабаққа қатысуын және тиісті киім үлгісінің болуын ескеремін, техника қауіпсіздігімен таныстырамын.

        Оқушылармен әрдайым жақсы, достық қатынаста болуға ұмтыламын. Сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін сергіту сәтін (тәсіл 2 – бетте.) жалпы дамыту жаттығуларымен біріктіріп әртүрлі аңдар, құстар, өсімдіктердің қимыл – қозғалысын келтіріп жасатамын. Топқа бөлемін. (тәсіл 2 – бетте.)

       Сабақта спорттық немесе жаттығу жасауға ыңғайлы киімі болуы шарт. Техника қауіпсіздігін сақтауға міндетті. Дамыту жаттығуларын тиянақты, ретімен, дұрыс жасаулары керек.              

        Жаттығуларды селқос, немқұрайлы орындамай, дене буындарының жақсылап шынығуына көңіл бөлулері керек. Топ арасындағы қимыл – қозғалыстар мен ойындарға белсенді араласуға әрекеттенеді. 

Бақылау:

Негізгі бөлім: 25-30 минут

Жаттығулар:

             Дайындық жаттығуларын және негізгі жаттығуларды алдымен өзім жасап көрсетемін. Жаттығуларды жасауға кіріскенде, оқушылардың қателіктерін дұрыстап, олармен тығыз араласып диалогқа шақырамын. Өз-өздерін реттеп әрекеттенулерін, жаттығуларды дұрыс, мұқият орындауларын қадағалаймын. Сабақ барысында бір – бірінің іс-әрекетін іштей бағалап жұруді тапсырамын.

Жаттығулар

  1. Матаға отырып 2 аяқтың табанын беттестіріп екі тізені 2 қолмен төмен қарай ақырын серпіп басады.
  2. Матаға аяқтың арасын барынша ашып отырады да тізені бүкпей оң аяққа, ортаға, сол аяққа қолды денемен бірге созады.
  3. Екі қолды жерге тіреп, екі аяқты барынша екі жаққа созып отырады.
  4. Екі қолды жерге тіреп, екі аяқты барынша алға және артқа созып отырады.
  5. Жүрелеп отырған қалыптан артқа аунап түсіп арқаға жату. Аяқты созып жоғары көтеру. Шынтақты төсегішке қолды белге тіреп денені тік ұстау.

Тәжірибені қолдану:

Қорытынды бөлім: 5-10 минут

Бағалау

        Оқушылардың әрқайсысына бағалар жазылған (орташа, жақсы, өте жақсы) кеспелерді таратамын. Топтағы әр оқушы, топ ішінен бір оқушыға бағасын беріп, сол ретпен топтағы әр оқушыны кезекпен бағалап шығуларын сұраймын. Олардың іс - әрекетін қадағалаймын. 

           Бағаланатын оқушыны топтағы басқа оқушылар, сабақтағы ынтасын, жаттығуларды орындауын және өздері байқаған сол оқушының басқа іс - әрекеттерін(достарына көмегін т.с.с) ойына түсіріп бағалайды. Бағаны әділ және дұрыс қойып үйренуге әрекеттенеді.

Сергіту сәтін ұйымдастыру: Оқушыларды бір – бірінің қолынан ұстап тұрғызып,

                                                    қолдары екі жаққа толық созылғанша артқа шегіндіріп,

                                                    үлкен шеңбер құрап орналастырамын. Шеңбер ішін

                                                    айналдыра 5-жерге 5-орындық қоямын. Орындықтарды

                                                    айнала жаттығулар жасағанда шеңбер кішіреймейді немесе

                                                    ұлғаймайды. Жалпы дамыту жаттығуларын өткізу кезінде,

                                                    қыздарды кезекпен ортаға өзімнің жаныма шақырамын.

                                                    Жүгіру, жүру, секіру барысында қыздарға – «Атпен қалай

                                                    шабамыз», «Маймыл қалай жүгіреді», «Кенгуру қалай

                                                    секіреді», «Түйе құс қалай жүгіреді», «Үйрек-қаз қалай

                                                    жүреді», «Қыран құс қалай ұшады», «Жел соққанда тал

                                                    қалай қозғалады», «Талдағы алманы секіріп жұламыз»,

                                                    «Пингвиннің жүрісі», «Жолды тастан тазалаймыз», «Құйын

                                                    қалай айналады», «Нашар жолмен машина айдаймыз»,

                                                    «Солдатша жүгіреміз»,  мысалдарды көрсетіп, топқа

                                                    жасатуға тапсырма беремін. - Өзім бағыт-бағдар беріп, бірге

                                                    жасап көрсетемін.

Топқа бөлу:                   5 орындықты бес жаққа қаратып, ортаға қоямын. Оқушылар баяу

                                         жылдамдықта шеңбер бойы айналып жүгіріп жүреді. Мен қол

                                         шапалақтағанда кері бағытқа қарай жүгіреді. Осы әдіспен жүгіру

                                         бағытын ауыстыра отырып, кез – келген, олар күтпеген сәтте

                                         «отыр» деген команда беремін. Бірінші болып отырып үлгерген 5

                                         оқушы бір топ болады да, келесі ойынға қосылмайды. Екінші

                                         айналымда екінші топты анықтаймын. Қалған оқушы саны бір

                                         топты құрауға көптік қылатын болса, орындық санын азайтып

                                         және бір бөлемін.

Негізгі бөлім:

Сергіту сәті:                          «Тартыспақ» ойыны.

Ұйымдстыру:   Әр топ өздеріне берілген маталардың (төсеніштердің) үстіне орналасады.

                             Төсеніш сол топтың «үйі» болып есептеледі. Әр топтың төсеніштерінің

                             арасы жарты метр. Мұғалімнің берген командасы бойынша оқушылар

                             басқа топтың оқушыларына қол созып ұстасып өздерінің «үйіне» тартып

                             алуға тырысады. Ойын соңында «үйіне» көп оқушы жинаған топ жеңіске

                             жетеді.

Ойын тәртібі:   Төсеніштердің арасындағы кеңестікке аяғын тіреп, шығаруға болмайды.

                            Аяғы төсеніштен шығып кеткен оқушы қарсылас топтың үйіне өтеді де,

                            сол үйдің адамына айналады. Қарсыласын бір немесе екі қолмен тартуға

                            рұқсат беріледі. Өз үйіндегі достарының көмектесіп, қосылып тартып

                            алуларына болады. Итеруге, жұлқылауға, тартып тұрып жібере салуға

                            тиым салынады. Тиым салынған әдістерді қолданған топқа ескерту

                            беріліп, оқушысы ойыннан шығады.

Дене тәрбиесі:  Қыздар.

Акробатика V- сынып.

№2 бақылау жұмысы.

Тапсырма:  Жауырында тұру. Шатқа отыру. (шпагат)

Критерийлік бағалау өлшемі: (топтың  бағалауы, дескриптор).

        Критерий А

Дескрипторлар

Жетістіктер деңгейі

Жоғарғы ұпай – 10

               0 ұпай

Төменде берілген жаттығуларды орындай алмады.

            1-2 ұпай

Бірінші жаттығудың техникасын дұрыс орындамады. Елеулі қателік жіберді. Екінші тапсырманың дайындық жаттығуларын немқұрайлы жасады. Шатқа отыра алмады.

            3-4 ұпай

Бірінші жаттығудың техникасын дұрыс орындады. Елеусіз қателік жіберді. Екінші тапсырманың дайындық жаттығуларын немқұрайлы жасады. Шатқа отыру сапасы төмен.

           5-6 ұпай

Бірінші жаттығуды маңызды емес қатемен орындады. Екінші тапсырманың дайындық жаттығуларын толық жасамады. Буындардың қызынуын ескермеді. Шатқа отыруы қанағаттанарлық.

           7-8 ұпай

Бірінші жаттығуды қатесіз жақсы орындады. Екінші тапсырманың дайындық жаттығуларын ретсіз орындады. Толық жасап шықпады. Шатқа отыруы жақсы.

           9-10 ұпай

Бірінші жаттығуды қатесіз жақсы орындады. Екінші тапсырманың дайындық жаттығуларын толық және дұрыс жасап шықты. Шатқа отыруы өте жақсы.

Ұпайлар саны

%

Баға

Қосымша бағалау

8-10

5

Оқушының тапсырманы орындауға ынталануы, қызығушылығы, достарына көмегі, сабақта белсенді болуы ескеріліп, қосымша ұпай беріліп немесе ұпай алынып тасталуы мүмкін.

6-8

4

3-5

           3

0-2

           2

Просмотр содержимого документа
«Акробатика. Жауырында тұру. Шатқа отыру (шпагат)»

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!