Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні:04.02.2020
Тәрбиеші:Бексултанова Д.С
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: “Аквариумдағы балықтар”
Мақсаты: Жанды табиғат бұрышын мекендеушілер туралы түсініктерін
кеңейту. Қарапайым дербес тəжірибе іс-əрекеттерін ұйымдастыру
арқылы балалардың түсініктерін дамыту.
Дид-қ ойын: «Мекенін тап»
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, салыстыру, сергіту сәті, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршақ, шортан, сазан, гурами.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, балықтардың суреттері. Үлестірмелі құрал-жабдықтар: Сары түсті поедка, дәнді дақыл(жүгері), диск, сары түсті қағаз.
Қолданылатын технология: Үш ойын түрі
Таңғажайып сәт: Аквариумдағы балықтар
Кіріспе:
Шаттық шеңбері:
Достар бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз, күлеміз
Бірге балық аулаймыз.
Міне, біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз
Әрқашанда біргеміз!
Әрқашан тіліктес
Досыңа көмектес!
Өткен тақырыпты қайталау:
- Балалар, сендер балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Аспан, бұлт, машина, жер, қар.
- Балалар, күн, су, ауа бізге керек пе?
- Ия.
- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейді?
- Табиғат дейді.
- Балалар, сусыз өмір сүре аламыз ба?
- Жоқ.
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Екіге (тірі және өлі табиғат).
- Жақсы, балалар. Өткен тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер.
Негізгі бөлім:
Кіріспе: Жұмбақ жасыру (интерактивті тақта)
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ (балық).
- Балалар, шешуін дұрыс таптыңдар.
- Балалар, бүгін біз балық туралы білетін боламыз.
- Балалар, балық деген не? Балық – омыртқалы жануар. Балықтар негізінен, судағы тіршілікке бейімделген жануар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі. Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар үнсіз, суда қанаттары және құйрығы арқылы жүзеді. Балықтар мұхиттарда, өзен-көлдер мен су қоймаларында тіршілік етеді.
- Балалар, біз қандай балықтардың аттарын білеміз? Есімізге түсіріп көрейікші.
- Сазан, шортан, алабұға.
- Олар немен қоректенеді?
- Олар құрттар мен жасыл шөптермен қоректенеді.
- Балықтар суда тіршілік етіп көбейеді.
- Балалар, балықтың бейнесіне назар аударайықшы. Оның денесі, басы, көзі, аузы, желбезегі, жүзбе қанаттары, қабыршағы, құйрығы бар.
Сөздік жұмыс: Желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршақ, шортан, сазан.
- Балалар, көздеріңді бір сәт жұмайықшы.
Ғажайып сәт (аквариумдағы балықтар)
- Енді, теңіз балықтары мен аквариумда тіршілік ететін балықтарды салыстырайық.
- Балалар, алдымызда не тұр?
- Аквариум.
- Аквариум қандай ыдыстан жасалған?
- Шыныдан.
- Ішінде нелер бар екен?
- Балықтар, тастар, шөптер.
- Ендеше, балықтар аквариумда да тіршілік етеді екен. Аквариумдағы балықтарды әдемілікке ұстайды.
- Балалар, балықтар адам ағзасына да өте пайдалы екен. Аквариумдағы балықтарды жеуге болады ма?
- Болмайды.
- Қандай балықтарды жеуге болады?
- Сазан, шортан және т.б. Бұларды жеуге болады екен.
- Аквариумдағы балықтарды жы жылына бір рет ауыстырып тұрамыз.
- Балалар, балықтар сусыз өмір сүре ала ма?
- Жоқ.
1.Тәрбиеші жетекшілігімен ойын:
Балық аулау
2.Топтық жұмыс:
1.Құрылымдалған ойын:
- Балалар, екі топқа бөлінеді
1- топ: Балық құрастыру
2- топ: Балықтардың көлеңкесін тап.
3.Еркін ойын:
Балықтарды аквариумға орналастыру..
Сергіту сәті:
. Күндей болып күлеміз
Гүлдей болып өсеміз.
Құстар болып ұшамыз
Балық болып жүземіз.
Бақа болып секіреміз
Көбелектей қонамыз
Орнымызға отырамыз.
Қорытынды:
Балалардың білімін бағалау, мақтау – мадақтау
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет! Жұлдызша арқылы білімдерін бағалау. Даралап мақтап – мадақтау.