Мектеп_______________Мерзiм____________№
Тақырып: Алынбайтын асу жоқ
Құндылық: Дұрыс іс -әрекет
Қасиеттер: Адамгершілік,сенім, әдептілік
Мұғалiм: Болатбек Н Сынып: 10 Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.
Міндеттері:
- адам мүмкіндіктері туралы түсініктерін одан әрі тереңдету;
- әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету;
-өз мүмкіндіктерінбағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңi. ( сәлемдесу,түгендеу,5 құрал-жабдықты талап ету)
Тыныштық сәтi.
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаныңыз: денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпынына шағалалардың шуылына құлақ түріңіз.Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз:ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезініп, су астында жүзу қандай керемет жағыңызға қараңыз; мұнда кемпірқосақ тәрізді әрлі берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасаен зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз...бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлемсіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз?(мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады.) Ал қазір жоғарыға өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты, сіз субетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
|
- Үй тапсырмасын тексеру.
Б.Сапар Алидің ғарышкер Тоқтар Әубәкіров туралы шығармасынан үзіндіні сұрау.
- Тоқтар Әубәкіровтың топырақты, жусан мен қазақ әнін, елтаңбаны өзімен бірге ғарышқа алып ұшуын қалай түсіндірер едіңдер?
- Ғарышкердің орнында болсаңыз, сіз ғарышқа не алып ұшар едіңіз?
- Кез келген адам арманы мен мақсатына жете ала ма?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
- Әңгiмелеу (сұхбат).
Әңгімелелу барысында оқушылардың алган білімдерін өз іс тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады.Ол үшін оқулықта «ойланайық пікірлесеік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысады.
• Кез келген адам арманы мен мақсатына жете ала ма? Неліктен?
• Қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыз?
• Мақсатқа жетуде адамның өзгелердің алдындағы міндеттері мен парыздары кедергі бола ала ма?
|
|
- Дәйек сөз.
«Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атауға болады»
Леонардо До Винчи
- Арманға жетудің жолы не деп ойлайсыз?
- Сіздің арманыңыз....?
|
|
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды өз мақсаттарын жүйелі іске асыруға үйрету мақсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген.
Бір күндік, бір апталық, бір айлық мақсатыңызды жоспарлаңыз,оларға жету жолдарын белгілеңіз.
Тапсырма дәптерде орындалады
|
|
- Топпен ән айту.
Ертегілер әлемі
Сөзі мен әні Е.Елгезековтікі
|
|
- Үй тапсырмасы.
«Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді» тақырыбында шағын шығарма жазып келіңдер.
|
|
- Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді ой-елегінен өткізіп,ойларыңызбен бөлісіңіз.
|
|
Просмотр содержимого документа
«Алынбайтын асу жоқ»