СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ана - өмірдің шуағы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сыныпқа арналған 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған " Ана- өмірдің шуағы" тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
«"Ана - өмірдің шуағы"»

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, слайд, гүлдер, т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады.

Сахнада Аяулым Монолог.

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын.

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры ... (апайға немесе ағайға) береміз.

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «Анажан» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

Ғазиз:

Мұхамеджан:

2-жүргізуші: 

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Мұхаммеджан мен Аяулымның орындауындағы «Қос алқа» күйін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,  Амирхан мен Ғазиздің орындауында грузин халқының ұлттық биін  ұсынамыз.

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші: Оқушылар сіздердің шапшаңдықтарыңызды байқау мақсатында және де сергіту мақсатында шағын ойын ойнайық. Ойынның атауы «Қолшатыр». Ойын шарты: Сіздер 5 оқушысыздар, ал ортада 4 колшатыр тұрады және әуен жүріп тұрады. Сіздер әуен ырғағына билеп, әуен тоқтаған кезде қолшатырды алып үлгерулеріңіз керек. Қолшатыр ала алмаған оқушы ойыннан шығады.

1-жүргізуші: «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз барда жасымыз жүздің асуынан асса да, өзімізді әрқашан бейкүне сәбидей сезінеміз. Небары үш-ақ әріптен құралған сөзде қаншама мән мағына жатыр. Ана жайында ойыңды айтып жеткізу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген құрметі, махаббаты шексіз. Осы орайда Амирхан мен Дананың аналарға арнаған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің бишілер

Көрінген көштің басынан – демекші, ендігі кезекте «Тарантелла» биі, қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Ата-аналармен сұрақ-жауап. Шардың ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

2-ж: Жақсы биде өнеге,

«Сегіз қырлы бір сырлы»

Өнерді үйрен бір-бірлеп,

Биді биле талпынып – деп, ортада «Жастар» биі.

1-ж: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 

2-жүргізуші: 

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін, 

Жинадың сен маған. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

1-ж: Осы мерекелік шараға дайындалу барысындағы естеліктерді назарларыңызға ұсынамыз. Проектордың көмегімен видео көрсетіледі.  

2-жүргізуші:  Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Ән: «Ана». Орындайтын: Аяулым.

Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді апайға немесе ағайға береміз.

1-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!