Ана тілің – дана тілің
Ана тілі 2-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев, «Түлкі мен қырғауыл» мысалы.
Сабақтың мақсаты:
Спандияр Көбеев туралы әңгімелеу. Шығармаларының тәрбиелік мәніне назар аудару. Түсініп оқуға баулу.
Тапқырлыққа, көркем әрі шешен сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
С.Көбеев портреті.
Блокты тапсырмалар: «АС» - картасы.
Тақырыптық плакат.
Дидактикалық ойын: «Ұтып шық!»
«5 жолды өлең стратегиясы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
(Сабақ барысында қажетті көрнекі плакаттар ретіне қарай тақтаға ілініп отырылады.)
-Балалар бүгін аптаның нешінші күні?
...
-Бұл күн қалай аталады?
...
Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге не тапсырма берілді?
1.Ғ.Мүсіреповтың «Ақымақ бота» әңгімесін оқып, түсінік айту.
2. Бота тақырыбына эссе жазып келу.
-Ендеше, Ғ.Мүсірепов туралы не айта аласыңдар?
-Жазушының қандай ертегі, аңыз, әңгңмелерімен таныссыңдар?
-«Ақымақ бота» әңгімесін кім әңгімелеп береді.
(2-3 оқушы әңгімелеп болғаннан кейін, эссеге кезек беру.)
-Эссе «Бота» оқытып , бағалап шығу. ( оқушылар жауабы бағалау мониторингінде бағаланып отырады)
II Жаңа сабақ
(Тақтаға С.Көбеев суреті мен «АС» картасы ілінеді)
-Спандияр Көбеев Қостанай обылысында дүниеге туылған. Балаларға арнап, әңгіме, өлең, мысалдар жазған. Өмірін балалар тәрбиесіне арнап, ұстаз болды. «Үлгі бала» атты оқулық кітабы бар.
-Биылғы жылы қандай ертегі, әңгімесін оқығанымыз кімнің есінде бар екен?
1. «Еңбекпен ел көгерер.»
2. «Өсиет»
(оқушылар назарын тақтадағы блок-тапсырмаларға бұрамын.)
№1 Арнайы жүйеде құрылған 9 сөзден тұратын блок ілініп, есте сақтау үшін уақыт беріледі.
| «АС» картасы Қалың бұйрық Түлкі қорықпа Қырғауыл иттер Кәрімін қарамастан естімеген |
№2 Оқушыларға көздерін жұму тапсырылып, осы сәтте блокқа өзгеріс енгізілді:
ОЙЛАУ МАТИВАЦИЯСЫН ДАМЫТУ
| «АС» картасы ... бұйрық Түлкі ... ... иттер Кәрімін ... қарамаған |
№3 Оқушыларға көздерін қайта ашқан соң, блокты қайта бастапқа қалыпы бойынша құрып шығуға нұсқау беріледі:
| «АС» картасы Қалың бұйрық Түлкі қорықпа Қырғауыл иттер Кәрімін қарамастан Естімеген |
Нәтижесінде оқушылар бүгін сабақта оқылатын мысалда кездесетін, негізгі ойға байланысты айтылатын сөздерді естеріне сақтап қалу мүмкіндігіне ие болады.
-Ал, қазір мен сендерге С.Көпеевтің «Түлкі мен Қырғауыл» деген мысалын оқып берейін. Сендер, мысалда осы блокта кездескен сөздерге қатысты қандай нәрселер айтылғанын ұғып, түсінуге тырысыңдар.
Көрнекілікпен жұмыс: (Тақтаға мысал бойынша көрініс бейнеленген плакат ілінеді. Мұғалім мысалды нақышына келтіре оқып шығады. Әңгіме-мысалда кездесетін түсініксіздеу деген сөздерге тоқталып, сөздік жұмыс жүргізіледі.)
Сөздік жұмыс:
Зорлық қорламау.
Бір ұяға жұмыртқалау-дос, тату болу.
Сергіту жаттығуы
Жұмбақ шешу:
Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қуылығы.
(Түлкі)
Жаңылтпаш. /Жарыс/
Ізшілер іздеседі,
Түз кезді, із кесті.
III Қорыту.
Тақтамен жұмыс:
5 жолды өлең.
Не? ... Қандай? ... , ... Не істеді? ... , ... Сөйлем Мағыналас сөз ... |
-Қырғауыл
-Тапқыр, сүйкімді
-Кездесті, сөйлетті, алдады
-Қырғауыл ағашқа қонды
-Құс
Дидактикалық ойын: «Ұтып шық!»
(«Түлкі» сөзіндегі әріптерден әртүрлі сөз құру)
Түлкі-түк, үк, үкі, кіл, күл, түлік.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Рөлдерде ойнау.
«Қырғауыл» тақырыбына эссе жазу.