|
– Балалардың көңіл күйлері қалай? Оны қалай аңғардың?
2-жаттығу орындалады. Мұғалім мәтінді тақырыбы бойынша болжау жасатып, содан соң тыңдатады.
- Балалар, тіл дыбыстарының басқа дыбыстардан өзгешелігі неде? дегенсұрақ төңірегінде талдаужүргізіледі.
«Адасқан әріптер» ойыны
Су, тіл, құс сөздеріндегі дыбыстардың орындарын ауыстырып айтып көрейік. Мысалы: ус, літ, ұсқ десек, сөз мағынасын түсінесіңдер ме? Неліктен?
- Сөз неден құралады екен? Дыбыстарды қайтеміз? Әріптерді ше? Жетекші сұрақтар қоя отырып, жауап алу арқылы оқушылардың өздеріне ереже құрастырып айтқызу өтетиімді.
Сөз дыбыстан құралады. Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады. Әріптерді көреміз, жазамыз.
Сергіту сәті. Артикуляциялық жаттығу Дәптермен жұмыс
Мұнда мұғалім б дыбысының сөздің басында, ортасында, кейбір сөздерде ғана сөз соңында келетінін айтады.
3-жаттығу жазбаша орындалады.
Дескриптор:
- сөздерді оқыпшығады;
- қатесіз көшіріпжазады;
- сұрақтарға жауапбереді.
|
ал жеңіл көлік жүк көлігіне қарағанда баяу дыбыс шығаратынын, құстың үнін, балалардың көңілді дауыстарын айтады.
2-жаттығу.
Оқушылар мәтінді тыңдап болғаннан кейін сұрақтарға жауап береді. Мазмұнына талдау жасайды.
С, т, і, л, ұ, с, қ, у дыбыстарынан сөздер құрастырады.
Мысалы: су, тіл, құс. Сұрақтарға жауап бере отырып, өздері ереже құрастырып айтуға тырысады. Содан кейін оқулықтағы ереженіоқиды.
Сипаттамасы: Ауызды кең ашып, тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып,
10–15 секунд ұстап тұру керек.
Көркем жазу
Б Б Б Б Б Б Б Б
б б б б б б б б
3-жаттығу. Берілген сөздерді көшіріп жазады. Үш сөзге ауызша дыбыстық талдау жасайды.
Ай, ине, бота, ...
Ай сөзінде екі әріп, екі дыбыс бар.
|
|
|