СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аналар - асыл қазынам!

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік

Просмотр содержимого документа
«Аналар - асыл қазынам!»


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 15 орта мектебі" ММ





/ертеңгілік/




Қостанай қаласы, 2019 жыл

Тақырыбы: Аналар – асыл қазынам!
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, жүрекшелер, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б

Ертеңгіліктің барысы:

Балалар музыка мен залға кіреді

Тәрбиеші:: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.


Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы
«Ақ мамам» (хормен) атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.


Тақпақ:

Илана:

Көктем келді жадырап

Күн нұрымен таласып

Жайнай берші жарқырап

Жаны жайсан аналар


Арслан:

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың гүлін

Аналардын құттықтаймын

Жырдың шашу арнаймыз

Аружан:

Апатайм анашым

Ақылы иол данасын

Қамқоршысы баланың

Гүлі сенсің әр үйдің

Санжар

Наурыздың сегізі

Сұлулықтың неізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі


Жансая:

Менің анам ардақты

Алтыннан да салмақты

Жаақсы көріп баласын

Мәпелейді анашым

Жәнібек:

Құтты борлсын анашым

Құтты болсын мерекен

Әр кез саған тілеймін

Ұзақ өмір жолдарын

Айлана:

Еркелеттің асырадың

Мойына асыламын

Аман болшы ардақты анам


Мерей :

Бізді өсірген анашым

Еңбегіңіз зор екен

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекен

Сабина:

Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

Тұлыншағым желпілдеп

Би билейік кештерде

Ақ көйлегім желпілдеп

Биші болам өскенде

Би: «Тұлпар биі»


Тәрбиеші: Аялаймыз ананы

Құрметтейміз бағамыз

Сіздер үшін аналар

Шырқап тақпақ айтамыз

Тақпақ:

Айару:

Бәрімізге анамыз

Біз үшін күн болып жанасын

Құтты болсын меркең

Құттықтаймын анашым

Мирас:

Менің әже мейірбан

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам

Жа балаш күледі

Рауля:

Менің әжем,ақ әжем-

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең.

Айтып берер тағы әжем.

Таир:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық!

Махаббат:

Әр кез сөзімді жаттаған,

жүрегімде сақтаған,

анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Гүлжан:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Тәрбиеші: Құрметті ата – аналар бүгінгі мерекеде аналарымыздың құрметіне бүлдіршіндеріміздің дайындаған биін қабыл алыңыздар /АНАШЫМ/ биі









Ойын: «Кім анасың бірінші құшақтайды.»

Әуен ойналады. Балалар шеңбердің айналасында тұрады. Әуен ойналады, аналар шеңбер бойымен жүреді,балалар алақандарымен көздерің жұмады. Әуен аяқталағанда, балалар көздерін ашып, аналарын табуға асығады, тез құшақтап алады.

Келесі кезекті тақпақтарымызға берейік:

Сезім:

Үн қатасын бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен.

Айару:

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Айлана:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Тәрбиеші:

Мәңгі жарық күн сыйлаған маған
Бір адам бар ол өзіңсің ана
Мейірімге бір өзіңнен қанам
Жылуды да жүрегіңнен алам
Ардақты ана, аяулы мама- дей келе кішкентай бүлдіршіндеріміздің өз қолдарымен дайындаған ашық хаттарын сыйлауға рұқсат етіңіздер/әуен қосылады/ КҮЙ

Давит:

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын әніміз

Ана сізді құттықтап

Әндетеміз бәріміз

Сабина:

Көктем келмей бүгінде,

Көңілді өтпес мереке.

Көктемді мұнда шақырып,

Табамыз қайдан лезде?
Тәрбиеші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. Олай болса, ортаға әнші қыздарымызды шақырамыз /Аужан, Жансая, Илана, Айлана/ Ән: «Біз өмірдің гүліміз!»

Тақпақ:

А.Аружан:

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып берді.

Нұрсулу:



Бәрімізге анасың,-

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым!

Мирас:

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

Тәрбиеші:

Досқа тілек жақсы гой

Дос дегенін асыл гой

Досым дедкен озіне

Кулкі тілейм жүзіне- дей отыра ұлдарымыздың қыздарға дайындаған шағын сыйлықтары бар екен, соны табыстауға рұқсат етіңіздер!
Тәрбиеші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар ,біздің «Аналар - асыл қазынам!» атты мерекелік ертеңгілімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!