СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Аналарды құрметтеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды аналарын құрметтеуге және отбасын сыйлауға үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Аналарды құрметтеу"»

«Жан анам!»
Музыка залы әсем безендірілген. Әуенмен бір-бірлеп залға кіреді. Бір-екі қимыл жасап, ұлдар дайындаған сыйлықтарын аналарына ұсынады сосын аналар отырады. Балалар ән айтады.

Ән: «Нұрлы көктем»
Тәрбиеші: Құрметті аналар, қыздар, апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр кез жүздеріңіз шұғылалы көктемнің күніндей күлімдеп, көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын!

Ғани : Индира Сейдалықызы бүгін сіздіде мерекеңізбен құттықтаймыз. Сондықтан, барша әйелдер қауымына, аналарымызға арналған шағын ертеңгілігімізді тамашалаңыз.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

Жүргізуші Саян

Қымбатты әжелер, аналар, апайлар, қыздар!
       Сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
       Сіздерге зорден саулық, мол бақыт тілейміз.
       Мерекелеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі тамаша мерекемізді балалардың өлең –шумақтарымен жалғастырамыз.

Диара: Қандай қызық көктемде
           Күн шуағын төккенде
          Гүл тереміз алуан,
   Шығып алып көк белге
Көктем күні керемет
  Жаңбыр жауар себелеп
Күн ашылса болғаны,
Көлбеңдейді көбелек.

Әмірхан:

Әжем менің ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен

Аппақ әжем пәк әжем

Мейіріммен тербеткен

Аман болсын басыңыз

Ағармасын шашыңыз

Шөбере сүйіп әлі де

Жүзге жетсін жасыңыз
Нұралы:

Үн қатамын бал тіліммен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен!

Қ. Әділжан:

Құдіреттен жаралған

Тең келе алмас жан адам

Алыптардың алыбы

Ол өзімнің жан анам


Аймухан:

Менің анам ардақты,

Алтыннанда салмақты.

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым.


Дария:

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған

«Алтыным»- деп мақтаған

Айналайын ақ мамам

Самира:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған не бір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Нәзік жанды аналарды аялаңдар

Қамқоршы боп әркез көмек аямаңдар

Бағалы қазынамыз – аналарды

Жоғарыдан орын беріп бағаландар.


Жүргізуші Саян: Аналарымызды құттықтап өз өнерлерің  тарту етеді.

Би:  «Аналарға арналады»

Тәрбиеші:

Ақ қар еріп, су көбейіп
      Сай-сайларға ағады
      Бүршік атып, жапырақ ашып
      Гүл бәйшешек басады...
      Мал маңырап, төл жамырап,
      Жайлау малға толады.
      Айтыңдаршы балалар
      Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы: көктемде
Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Көктем кіреді.

Көктем :

Армысыңдар балақайлар,
          Әзиз әже, назды апайлар
          Мол шуақты ала келдім
          Қуаныңдар балақайлар
          Мен құлпырған бәйшешекпін
          Келіп жеттім көктемменен
          Шаттаныңдар мейірімді біздің аналар
          Бұл мереке тек сіздерге арналар.


Жүргізуші :Рахмет, Көктем біздің балалар сізге сыйлық ретінде дайындаған әндері  мен билері бар, қабыл алыңыз. Өзіңізде біздің балалармен бірге мерекені тойлаңыз.

Жүргізуші: Саян балалардың өлең –шумақтарымен жалғастырамыз


Айсұлтан : Сегізінші наурыз келді,
              Шаттық сезім, ой келді.
              Қуанышты күні енді,
              Құттықтаймыз сіздерді.
             Жанымызды жайнатқан,
             Сіздер ғой біздің аналар
              Зор денсаулық, мол бақыт
             Тілейміз біз аналар.

Арыстан : Бар табиғат нәр алып,
                Шыға келер жаңарып
            Қызғалдақ боп құлпырап
            Көктем–біздің балалық.  

Карима: Гүл-гүл жайнап бәріміз

Кіреді біздің сәніміз

Аналарды тойымен

Құттықтаймыз бәріміз.

Амир:    

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Маған ақыл беретін

Әжем менің асыл жан

Нурсулу:

Ақ сүтін берген анашым,

Ақылды менің данашым

Өзңімдей жанды әлемнен,

Қайдан табамын анашым.

Алида: Бәрімізге де анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.


Көрініс: (бөлменің іші ойыншықтар шашылған, қыздар ұқтап жатады анасы келеді)

Анасы: Ойбуу мына қыздар әлі ұқтап жатыр ғой. Мына үйдің ішін өздері шашып тастапты. Ханшайым қызым -ау ояншы, күнім сол ақылдым менің. Бүгін демалыс екен деп бұлай ұқтап жата беруге болмайды.

Ханшайым: Қойыңызшы анашым, ешәрсеге зауқым жоқ, мазамды ала бермеңізші.

Анасы : Сендерді не істесем екен? Қыздарым бүгін мереке екенін ұмытқан сияқты. (Анасы шығып кетеде)

Әжесі: Менің алтын қыздарым әлі ұйқыдан тұрмағаны несі –әй. Қызым- ау Айзерем менің ұйқыңнан тұрағой. Күнім менің, аспандағы айым менің. Екеуіңе арнап тәтті бәліш пісіріп қойдым.

Амина: Әже туу маған тыныштық беріңізші, менің ұйқым кеп тұр.

Әжесі : Қыздарым осылай жалқауланып кетпесе екен. Үйді жинайын десем енкейсем мына белім ауырады. Әй- әй менің қыздарымай. (деп шығып кетеді)

Ғажайып періштесі Елана: Тұрағой сүйкімді қыз, тұрағой!

Қыздар: Сіз кімсіз?

Ғажайып періштесі: Мен Ғажайып періштемін. Мен бәрін, бәрін көріп тұрмын. Сендер әжелерің мен аналарыңды ренжіттіңдер. Бүгін мереке екенін ұмытып кеттіңдер ме?

Қыздар: Енді не істейміз? (қыздар беттерін ұстап)

Ғажайып періштесі: Сендер енді аналарың мен әжелеріңнен кешірім сұрау керексіңдер. Мына бөлмедегі ойыншықтарды жинап, мына төсек орындарыңды дұрыстап қойсаңдар, ренжігендерін ұмытып кетеді. (Қыздар үйді жинауға кіріседі) 

Ғажайып періштесі: Ақ сүт беріп өсірген аналарыңды, мәпелеп өсірген әжелеріңді ешқашан ренжітпеңдер. (деп кетеді)

Қызы Ханшайым: енді анамыз бен әжем қуанатын шығар.

Анасы: Қыздарым менің, құлыншақтарым менің үйді жақсылап жинап қойыпты өздері. Әжесі қараңызшы біздің қыздар сондай ақылды өздері.

Әжесі: Жарайсыңдар қыздарым!

Қызы Ханшайым: Әже менің сізге арнаған өлеңімді айтып берейінші.

Әжетай нұрға толсын жүзіңіз,

Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.

Тіршіліктің қызығына бөленіп,

Аман – есен ортамызда жүріңіз!

Мерекенізбен әжетайым менің.

Әжесі: Рахмет қызым, маған сыйлығың қатты ұнады.

Қызы Ханшайым: анашым менде сізге арнаған өлеңімді айтып берейінші.

Аспан жарық көрінер жұлдызымен,

Ана көркем көрінер ұл- қызымен.

Ардақтаймын қашанда анашымды,

Өзің баптап ұшырасың ұл-қызыңды.

Ана. Ана десе әңгіме таусылама,

Ана деген қашанда асыл ана!

Аналарды қашанда мақтан етем,

Қуанышты лебізін , нұр жүзінен.

Анасы: Рахмет қызым. Әже, қыздарым жүріңіздер мерекеге арналган тәтті бәлішпен шәй ішейік.

Тәрбиеші:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық

Ән: « Аяулым анашым » Құлпынай тобының көп балалы аналарының құрметіне арналады.

Жүргізуші: Саян: Ендігі кезекте балалардың өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Әділ :

Қуаныштың ағайын

Қоңырауын соғайын

Ағартпасын тентектер

Аналардың самайын

Қамқоршы боп жүреді

Маңдайымнан сүйеді

Суға түсіп, отқа да

Бір мен үшін күйеді

Тимур:

Үн қатамын бал тіліммен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен!

Құдіреттен жаралған

Тең келе алмас жан адам

Алыптардың алыбы

Ол өзімнің жан анам

Ернур:

Бейнетімнен қашпаған

Еңбегі үлкен басқадан

Ол өзімнің анашым

Жүрегі кең жақсы адам

Мейріміне қанбаймын

Ең бақытты жандаймын

Ақ мамама ешкімді

Теңестіре алмаймын

Әділжан: Ерлік еткен біз үшін,
               Еңбек еткен біз үшін
              Еркелеткен біздерді
               Еркіндеткен біздерді  
                Анамызға мың алғыс !

Арнур : Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз

Айлин:

Алысқа кетсеиде,

Сағынамын мен сені

Әрқашанда жанымнан,

Табылатын менің менің анашым!


Ән: « Анашым анажаным»

Жүргізуші : Саян

Жанымызды жайнатқан,
Сіздер біздің аналар
Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар

Ендігі кезекті аналарымызды құттықтау үшін кезекті биге береміз

Би: «Қуыршақтар»

Жүргізуші Саян:

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда

«Оркестр»

Бәйшешек: Балалар сендердің өнерлерің өте тамаша екен, маған қатты ұнады. Көп рахмет.
Тәрбиеші: Осымен құрметті аналар, әжелер. Біздің балалардың дайындаған
           ертеңгілігіміз  аяқталды.  Келесі кездескенше сау-сәлеметте болайық!

 












1.«Нұрлы көктем»

2.Тақпақтар

3.Би

4.Көктем кіреді

5. Тақпақтар

6.Көрініс

7.Ән «Аяулы анашым»

8. Тақпақтар

9.Ән «Анашым,анажаным»

10.Би «Қуыршақтар»

11. Оркестр