Просмотр содержимого документа
«Анимация туралы түсінік»
Абайдың “Ескендір” поэмасы
Пән мұғалімі: Исмаилова Г
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,
ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де-ақымақшылық.
(Абай)
Сабақтың мақсаты:
Поэманың мәтіні арқылы идеясын ашу, кейіпкерлеріне мінездеме жасау.
Оқу, талдау, жоспар құру, мінездеме беру арқылы оқушылардың ойын дамыту.
Оқушыларды адамгершілікке, іскерлікке, ізденіске, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
ІІ. Үй тапсырма
сы
І.
Ұйымдастыру
кезеңі
ІІІ.Жаңа материалды
түсіндіру
ҮІ.
Үйге тапсырма
беру
Ү. Қорытынды
ІҮ. Жаңа сабақты
бекіту
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
1.“Ескендір ”поэмасы – Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ой- пікірлерін тереңірек танытатыны.
Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған, Еуропа Александр Макендонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.
Поэманың мәтінін алты топқа бөліп,мазмұнын баяндату
А) Патшаның жорығы
Ә) Бұлаққа кездесу
Б) Ескендірдің бұйрығы
В) Қақпаға кездесу
Г) Күзетшінің сөзі мен сыйы
Ғ) Өсиет(ақыл сөз). Өсиет – көпшілікке айтылатын уағыз, келелі кеңес түріндегі өлең
Әскер жиып қарулану
Ескендірдің іс-әрекеті
Жауға аттану
Қырып жою
Қаласын тартып алу
Поэмадағы кейіпкерлер:
Ескендір, Аристотель, мифологиялық образдар
(табиғат, жұмбақ бұлақ, алтын қақпа, күзетші, орамалға түйілген сүйек)
ЕскендірЗұлқарнайын
Табиғат, жұмбақ бұлақ
Адамның көз сүйегі
Мінездеме жасау
Зұлым патша
Көзі тар
Ескендір
баққұмар
Көрсеқызар
Ел жаулағыш
тойымсыз
“ Бақпен озған патшадан, мимен озған қара артық”.
“ Хан ақымақ болса, жұртың ылаң болар”
Кешенді талдау
Шығарма аты:
Авторы:
Тақырыбы(идеясы):
Жанры:
Оқиға дәуірі:
Кейіпкерлері:
Шумақ :
Әр шумақ:
Бунақ саны:
Буын саны:
Ұйқас түрі:
Сабақты бекіту:
- Әлемді қаһарымен сескендірген Ескендірге кімнің сөзі тосқауыл болды?
- Білек күшінен білім мен даналық күшінің басымдылығы дастанда қалай суреттелген?
- Тарихи тұлға әрекеттерін алға тартуда Абай нені айтпақ болған?Бүгінгі заман үшін өнегелік жағы неде?
- Сюжет дегеніміз не ?
Қорытынды:
Поэмада Абай жауыздықты, ынсапсыздықты әшкерелей отырып, өмірдегі, жеке адамдар басындағы ондай қан құмарлық, көрсеқызарлық сияқты адамгершіліккке жат пиғыл мен жауыздық іс-әркеттерді ақылдың, білімнің, парасаттың, адамгершіліктің жеңіп шығатындығын, білек күшінен білімнің, парасат пен даналық күшінің артықшылығын көрсете білді.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»
Н.Ә.Назарбаев
Үйге тапсырма:
Аристотельге мінездеме жазу, поэмадан үзінді жаттау, кейіпкерлердің мінезін ашатындай мақал-мәтелдер жазып келу.
Бағалау: