СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Аппақ, аппақ бәрі аппақ» Қар қандай?

Нажмите, чтобы узнать подробности

қоршаған орта, қыс туралы балалардың білімдерін кеңейту.

Просмотр содержимого документа
««Аппақ, аппақ бәрі аппақ» Қар қандай?»


Тақырыбы: «Қыс келді»


Білім беру саласы:

Таным

Бөлімі:

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:

«Аппақ, аппақ бәрі аппақ» Қар қандай?

Мақсаты:

Қыстың табиғи ерекшеліктерімен құбылыстарымен таныстыру

Міндеті:

Балалардың алған қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтай отырып, ойын тапсырмалар арқылы айту, есту, ойлау, өз ойын тұжырымдай білу, сөздік қорларын байыту

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Қыс мезгілінің суреттері. қар жауып тұрған кезі. Доп.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

Балалардың назарын «шытырманға» аудару.

Тапқыр, тапқыр, тапқырлық,

Тамаша ғой батылдық,

Алға басып келеміз,

Шытырманды шешеміз

Балалар тапсырмаларды шешеміз бе?

Балалар қазір қандай мезгіл?

Ойын- тапсырмалар дұрыс орындалса, әр бұрылыста , қоңырау сылдырлайды, дұрыс жолды табамыз,

Ендеше екі топқа бөлінейік, І-топ- өнер орталығына «Қыс келді» тақырыбында сурет салады, ІІ топ- табиғат бұрышына барып тапсырмаларды орындаймыз.

Балалар мұқият қарайды




Балалар тапсырмаларды орындауға келіседі


қыс


Ұйымдастыру- іздестіру
























































Сергету сәті

Қыс мегілінде неше ай бар кім біледі?

-Айтып берейікші.

Жұмбақ жасыру:

«Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады»

«Ыстық жақтарда суық қыс болмайды, сондықтан балалар ол мемлекетте қарды көрмеген. Африканы елестетіңдерші, сендер сол жердегі балаларға келсеңдер, қар туралы не айтасыңдар?»

Сөздік ойын "Қар қандай ?"доп арқылы

Тәрбиеші допты лақтырып қарға байланысты анықтауыш сөздерді айтқызады.

-Керемет, қоңырау сылдырлайды, дұрыс жолды таптық деген сөз.


Дидактикалық ойын: «Салыстыр неге ұқсайды»

Қар үлпілдек......

Қар жұмсақ....

Қар нәзік ...

Жел тікенекті....

Жел суық....

Мұз жылтыр....

Ұлпақарлар айналады...


Қар ериді...

Мұз сүңгісі...

Қоңырау сылдырлайды, дұрыс жолды таптық

-Аққала неге қысты қармен жақсы көреді?

-Ал сендер аққаланы Африкаға апара аласыңдарма?

-Ол үшін не істеу керек?

«Бір минут қызықты болды»

Мақсаты: балалардың қызушылықтарын кеңейту

Аққала сендерге бір шелек қар беріп жіберіпті, қәне ойнайық, қолымызға қолғап киіп аққаланың

дөңгелектерін жасайық

-Қандай қардан аққала жасаймыз?

-Ауызымызға қарды және мұз сүңгісін салуға болама? ----Неге?

«Бір минут қызықты болды?» Неге?

«Қөлді жапқан қақпа

Сіресіп тұр қатты –ақ, ол не?»

Д/ойын: «Қандай ойын ойнаймыз мұзда?»

-мұзда не тебуге болады?

Шешімін таптыңдар жол ашық

Д/ойын: «Қысқы болжамдар»

Қысқы болжамдар білесіндерме, қәне ойнайық

-«Түн аязды, тыныш және жұлдыздар аспанда,

Үйлерден түтін тік шығып тұр...

-« Жел оңтүстік жақтан, қар ұлпалары бар, аяз ақырындады...

-« Балық мұз астында құйрықтарымен тарсылдатса қысқы күнде...

-«Әйнекте аяз оюлар салса, ағаштың бұтақтарында қырау болса.....

-«Қыс қарлы болса...

-«Қыс аязды болса...

Балалар сендер мені куантыңдар

Ұнтаспадан ұйытқыған боран болған дыбысы естіледі

- Ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?

-Жел қандай болады?

-Жел не істейді?

Ойын: «Аяз ата тондырады»

Балалар судыр қағаз (целлофаннан) жасалған жолдардан жүреді сықырлаған қардың дыбысын естіп

-Балалар сықырлаған қар дыбысын естідіңдерме.

Неліктен қар сықырлайды?

Дәптермен жұмыс.

«Ұйқасын тап»

Балалар безендірілген әдемі шыршаны көріп, бірдей ұлпақарларын табады

Мақал -мәтелдер:

Қыс туралы мақал мәтел білесіңдерме?

«Қыстағы қар – жерге ырыс,

Жердегі ылғал-елге ырыс»

Үш ай

-Желтоқсан, қантар, ақпан.



қар




Балалар допты ұстап алып айтады,

балалардың жауабы: әдемі, үлпілдек, ақ, суық керемет, мамық, жылтыр,тамаша, жабысқақ, дымқыл,

Балалар қоңырау сылдырлағанын естиді

Балалар ойланып, ұқсастығын салыстырып,

сөздерді тауып, жауап береді

мақта сияқты, ұлпа сияқты,

төсек сияқты, көрпе сияқты

жібектей

кірпі сияқты, ине сияқты, тікенекті

мұздай

шыныдай

жұлдыздай, жалындай, жаңа сауған сүттей

мұз сүңгісіндей, балмұздақтай

баладай, бүлдіршіндей жылайды











жабысқақ, дымқылдан


жылыға кіргесін, қар еріп қалды


мұз,

Коньки тебеміз мұзда. Хоккей ойнаймыз

әр дұрыс айтқан жауапқа қоңырау сылдырлайды


Слайд «Қысқы табиғат» болжамдарға

Балалардың жауабы


-Қатты аяз болғандықтан


-Күндіз күн ашық болады»


- боран болады»


-Күндер жылынады

-Күн ашық, аязды болады

-Ұйытқып боран болады.

( Ұйытқан боранның дыбысы естиді)

-Қатты жел, ұйытқан боран, боран

-Қатты, ақырын, аялап, әлсіз, тікенекті, нәзік, таза, сергіткіш


- суық, баяу, бас киім шешіледі, ысқырады, ұйытқиды

Балалар шеңберге тұрып , қолдарын алдына созады , Аяз ата кімнің қолына өзінің таяқшасымен тисе сол ойыннан шығады



Балалар ұйқас ұлпақарларды тауып, сызықпен қосады





Балалар мақал- мәтелді тындап, талдайды.



Рефлексивті-түзетуші

«Жақсы-жаман» ойын арқылы сабақты қорытындылау

Тапқыр , тапқыр, тапқырлық,

Тамаша ғой батылдық,

Алға басып келдік біз,

Шытырманды шештік біз!

Алақай!

«Қыс жақсы... неге?

Қыс жаман....неге?»

Балалар өз ойларын айтып тұжырымдайды.

Күтілетін нәтиже:.



Нені білу керек:

Қыс мезгілінің ерекшелігін сипаттайтын жаңа сөздерді білу керек

Нені игереді:

Қардың қасиеттерін игереді.

Нені біледі:

Табиғаттың ерекшеліген сәйкес жыл мезгілін айыра білуді және табиғатты аялауға үйренеді.