СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Апрельские планы

Нажмите, чтобы узнать подробности

ттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт

Просмотр содержимого документа
«Апрельские планы»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 02.04.18ж

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлімі: І. Аппликация бағыты.

Бөлімше: 2.2. Материалдармен құралдармен жұмыс

Оқу мақсаты: 0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданба

лы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, пішіндермен ою элементтерін кезектестіре отырып,жапсыру

дағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып геометриялық пішіндер,өсімдік элементтері негізінде өрнектер ден жапсырулар құрастыру.

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлім: Аппликация

Тақырып: Сауыттағы гүл

Мақсаты: Балаларға өсімдіктердің пайдасы, оның қасиеттері туралы түсінік беру. Бүктеу әдісін қолданып,жаңа жапсыру тісіліне үйрету.

Міндеттері: Бөлме өсімдіктер тура лы түсінік беру. Гүл дердің атауларын, сырт келбетін,жеке бөлшек атауларын дұ рыс айтуға үйрету.

Түрлі тәсілдерді пайдаланып қиып алу дағдыларын дамыту. Әсемдікке құштар болуға тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: гүл- flowers

Сөздік жұмысы: сауыттағы гүл

Құралдар: бөлме гүлдері, үглі суреттер, әліппе-дәптері, желім, альбомдар, сүлгі, қайшы.


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



ҰОҚ-не дайындықты тексеру.

Тәрбиеленушілер клеенканы төсейді, үстелдің оң бұрышына қайшы, желім жаққыш, қарындаштар мен фломастерлер салынған стақанды қояды. Стақанның қасына желім, қағаз қиындыларын салуға арналған ыдысты қояды. Қиып алынған суреттерге желім жағуға арналған қағаз парақтарын дестелеп қояды. Артық желімді сүртуге арналған шүберекті орналастырады. Оң жақта түрлі түсті қағаздар.



Негізгі бөлім

Педагог тәрбиеленушілерге әліппе-альбомдағы суретке қарап, гүлдердегі таныс элементтерін атауды ұсынады.

Жұмыстың орындалу технологиясы

Педагог балаларды жұмыс алгоритмімен таныстырады. Гүлге қызыл, сары, көк, жасыл түстер ерекше әдемі реңк беретінін айтады. Қағаз бүктеу білігіне назар аудартады (бұрышты бұрышқа).

Педагог жұмыс кезеңдерін атап отырады.

Балалардың назарын ойдағы композицияны құрастыру үшін қиып алынған суреттерді жапсырылатын бетке, яғни фонға ретімен орналастыру керектігіне аударады. Егер ойдағы композиция ұнамаса, бөлшектерді басқаша қоюды үйретеді. Қиюдың кейбір тәсілдерін көрсетеді.


(ұ) «тату-тәтті саусақтар» жаттығуы.

Бұл саусақтар шымшылайды (бас бармақпен және сұқ саусақпен екінші қолымыздың алақанын шымшылаймыз).

Мына саусақтар серуендейді (сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты екінші қолдың үстімен «жүргіземіз»).

Ирексу: көлемі 6х6 см шаршыны төрт кішкентай шаршыға бөлеміз. Екі шаршыны элементтің орталығы үшін қалдырамыз. Ал қалған екеуінен диагональ бойынша бір бұрыштан екінші бұрышқа дейін екі үшбұрыш қиып аламыз. Әліппе-альбомның суретінде көрсетілгендей, өрнек құрастырамыз.

Гүл: түрлі түсті қағаздан дайындалған шаршыны екіге бүктейміз, үлгінің көмегімен немесе жадымыз бойынша гүлдің жартысының суретін саламыз. Қиып алып, бүктеуін жазамыз.

Одан кейін әзірлемелерді қамзолдың немесе шапанның сұлбасына орналастырамыз.





Қорытынды

бөлім


Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. «Алты қалпақ» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Гүлдің бөліктерін түрлі - түсті қағаздан қияды.

Түсінеді: көктемнің алғашқы гүлдерін біледі.

Қабылдайды : қайшымен қиюға машықтанады.


Толтырған тәрбиеші:__________________














Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 02.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: 3.Физикалық құбылыс

Бөлімше: 3.4. Жылу

Оқу мақсаты: 0.3.4.1. Жылу көздерін атау

Білім беру саласы: Таным

Бөлім: Жаратылыстану

Тақырып: Жылу не үшін қажет?

Мақсаты: Жылу көздерін атау. Жылу көздеріне үшін керек екенің түсіндіру.

Міндеттері: Жылу көздері, оның маңыздылығы туралы ұғымды қалыптастыру. Танымдық қызығу

шылығын дамыту. Қоршаған табиғатқа қатысты сезімге тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: жылы- heat

Сөздік жұмысы: жылы- heat

Құралдар: мұз, төсеніш, колба, жылытқыш, суреттер, үлестірмелі қағаздар, лупа мен әліппе дәптері.


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балаларға сұрақтар қояды.

  • Балалар , қазыр қандай жыл мезгілі?

  • Көктемде ауа райы қандай?

  • Қар неліктен еріп кетті?

Зерттеу жүргізу.

Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді.

  • Көктем мезгілі. Көктемде дала жылы болады. Күннің көзі көбірек жылытады.


Педагогтың көмегімен тәжірибе жасайды.



Негізгі бөлім

№1 тәжірибе.

«Мұзды еріту». Қорытынды шығару. Мұз алақанның жылуынан еріді.


Дәптермен жұмыс.

Тапсырма. Жылу не үшін қажет?


Сергіту сәті.

Бір, екіү ұш

Бойға жинап күш

Биік болып өсеміз

Өскенде айға жетерміз.


№2 тәжірибе.

Лупамен күннің көзін қағазға түсіру.

Балалар ыдыстағы мұзды алады. Алақандарына ұстап, жылытады. Ерігенін байқайды.




Балалар тиісті суреттерді тауып, бояйды.






Қимылмен көрсетеді.




Қағаздың жылы болғанын байқыйды. Қорытынды шығарады.







Қорытынды

бөлім


Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. «Тілектеп шарлары» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Жылу туралы жалпы мағлұмат алады.

Түсінеді: жылудың адам өміріне, қоршаған ортаға маңыздылығын біледі.

Қабылдайды : тәжірибе жасау, тұжырымдау.


Толтырған тәрбиеші:__________________

























Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 02.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: 4. Математикалық модельдеу

Бөлімше: 4. Математикалық модельдеу

Оқу мақсаты: 0.4.1.3. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.

Білім беру саласы: Таным

Бөлім: ҚМҰҚ

Тақырып: Көкөністер жеймін. Мысалдар шығарамын.

Мақсаты: Тапсырмаларды орындауға үйрету

Міндеттері: Заттардың мәні және көлемі бойынша ара қатынастарын көрсететін математикалық атауларды қолдану. Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу біліктіліктерін дамыту. Шапшаң есеп шығаруға тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: көкөністер-Vegetables , сәбіз -Carrot, қызанақ-A tomato, қияр-Cucumber

Сөздік жұмысы: тізбекті есептер, шешу жолдары.

Құралдар: есептеуге арналған сызғыш, таяқшалар, үлестірмелі қағаздар, дәптермлер, қаламдар мен қарындаштар, асбұршақ


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог жұмысқа дайындықтарын тексереді. Логикалық тапсырмалар жасырады.

  • Бір адамда неше аяқ бар? Ал екі адамда?

  • Көлде жүзді без аққу, екі аққу ұшып кетті. Кейін біреуі қайтып келді. Көлде неше аққу жүзіп жүр?

Балалар өз орындарына жайғасады.



Логикалық тапсырмаларды шешеді.



5-2=3, 3+1=4 жауаптарын айтады.


Таяқшалармен, санауға арналған асбұршақтармен санайды.



Негізгі бөлім

1-тапсырма.

Көкөністерді жина, сана, тиісті цифрды жапсыр.


2-тапсырмада цифрларды бастырып жазу жұмысы орындалады.

Педагог орындау үлгісін көрсетіп, жұмысты тексереді.

Дұрыс айналдыра бастырып сызу үшін түсіндіреді.


Сергіту сәті

One, one, one  (сұқ саусақ көрсету)

I can run ! (жүгіру)

Two, two,two (екі саусақ)

I can jump too! (секіру)

Three, three, three  (үш саусақ)

Look at me ! (күлкілі позада тұрады)


Деңгейлік тапсырмалар таратылады.

Педагог балалармен жеке жұмыс орындайды.


Сәбіздер-4

Қиярлар-5

Қызанақ-1

Картоптар-2

Пияз- 3


Цифрларды басады. Атайды.


Ағылшықша 10-ға дейін санайды.

one

two

three

four

five

six

seven

eight

nine

ten

1-қадам. Торшаның жоғарғы оң жартысында дөңгелектей отырып жəне визуальды ортасына дейін сəл жеткізбей шағын жарты сопақша саламыз.

2-қадам. Жазуды жалғастырып, екінші жарты сопақшаға ауысамыз, ол алдыңғыдан сəл үлкенірек болуы тиіс.


1-деңгей.

Қалып қойған цифрдф тап, жаз.


2-деңгей. Суреттегі пішіндер тізбегін жалғастыр, тиісті цифды жапсыр.


3-деңгей. Тізбекші есептер шығар. Мысалы:

4+2+5+1-5-7

2+2+8-6-1-3






Қорытынды

бөлім


Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. «Тілектер ағашы » рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Көкөністер атаулары үш тілде біледі, ажыратады.

Түсінеді: санауға арналған асбұршақты пайдаланады.

Қабылдайды : тізбекті күрделі есептерді шығаруды үйренеді.


Толтырған тәрбиеші:__________________




Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 03.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: 4. Математикалық модельдеу

Бөлімше: 4. Математикалық модельдеу

Оқу мақсаты: 0.4.1.3. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.

Білім беру саласы: Таным

Бөлім: ҚМҰҚ

Тақырып: Пайдалы азық-түлік. Цифрларды бастырып жазамын. Мысалдар шығарамын.

Мақсаты: Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешуге үйрету

Міндеттері: Қарапайым арифметикалық тапсырмалар құрап, олардышешуге үйрету.

Сурет, жоспар, сызба түрінде нысандардың арасындағы кеңістік қатынастарды үлгілеу қабілеттілігін дамыту. Шапшаң есеп шығаруға тәрбиелеу

Полилингвальды компонент: көкөністер-Vegetables , жемістер - fruit

Сөздік жұмысы: тізбекті есептер, шешу жолдары.

Құралдар: есептеуге арналған сызғыш, таяқшалар, үлестірмелі қағаздар, дәптермлер, қаламдар мен қарындаштар, асбұршақ


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балалардан таңғы аста не жегендерін сұрайды.

–Тамақ пайдалы болды ма?

Қандай тамақ пайдалы екенін білуді ұсынады.

Өзектендіру.

ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе ретінде педагог «Үндемес»

ойынын ұсынады.

  • Педагог балаларға жауабы бар карточканы көтеруді ұсынады.

Балалар өз орындарына жайғасады.







Өзі болса үнсіз тұрып мысалдары бар карточкаларды көрсетеді.


Логикалық тапсырмаларды шешеді.





Негізгі бөлім

2-тапсырмада цифрларды бастырып жазу жұмысы орындалады.

Педагог орындау үлгісін көрсетіп, жұмысты тексеруді ұсынады.


Сергіту сәті

One, one, one  (сұқ саусақ көрсету)

I can run ! (жүгіру)

Two, two,two (екі саусақ)

I can jump too! (секіру)

Three, three, three  (үш саусақ)

Look at me ! (күлкілі позада тұрады)


Деңгейлік тапсырмалар таратылады.

Педагог балалармен жеке жұмыс орындайды.



Дұрыс айналдыра бастырып сызу үшін түсіндіріп отырыңыз.

1-қадам. Торшаның жоғарғы оң жартысында дөңгелектей отырып жəне визуальды ортасына дейін сəл жеткізбей шағын жарты сопақша салады.


2-қадам. Жазуды жалғастырып, екінші жарты сопақшаға ауысамыз, ол алдыңғыдан сəл үлкенірек болуы тиіс.


Балалар таяқшалар, асбұршақ немесе басқа қосалқы материалмен санайды.


Оларды үйшікте көрсетілгендей, түрліше орналастырады.


1-деңгей.

1-10 дейін сандарды табу, сызық арқылы қосу.


2-деңгей. «Көкөністер мен жемістер»

Көкөністер- 6

Жемістер - 7






Қорытынды

бөлім


Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. «Тілектер ағашы » рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Көкөністер мен жемістер атаулары үш тілде біледі, ажыратады.

Түсінеді: санауға арналған асбұршақты пайдаланады.

Қабылдайды : тапсырмаларды өздігінен шығарады.


Толтырған тәрбиеші:__________________









Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 03.04.18ж

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлімі: 1.Мен-Адаммын

Бөлімше: 1.2 Мен ерекше адаммын

Оқу мақсаты: Рухани- адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлім: Өзін-өзі тану

Тақырып: Мен осындай баламын

Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы түсініктерін бекіту.

Міндеттері: Жақсы- жаман ұғымымен таныстырып, оның мәнін түсінуге үйрету. Өз сөзіне жауап бере алуға дағдыларын дамыту.Айналасындағы адамдардың жақсы істеріне еліктеуге үйрету.

Полилингвальды компонент: жақсы- good

Сөздік жұмысы: адамгершілік, құрмет тұту.

Құралдар: бөлме гүлдері, үглі суреттер, әліппе-дәптері, желім, альбомдар, сүлгі, қайшы.


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрады, мына өлең жолдарын қайталайды.


Кіп – кішкентай болсам да ,

Мен тәртіпті баламын.

Үлкенді мен сыйлаймын.

Бәрін де жақсы көремін. – деп балалар бір – бірімен құшақтасып амандасады.




Негізгі бөлім

Әңгімелесу.Тәрбиеші жақсы адам сөзінің мағынасын ашу мақсатында А. Меңжанованың

« Болайықшы осылай » өлеңін оқып талдайды

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер – азамат болады.

Қиындыққа жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым – ай!

Таза бала мұнтаздай

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Ұқыпты осындай

Болайықшы досым – ай !

* Өлеңдегі бала қандай бала екен?

* Сендер өздеріңді қандай баламын деп ойлайсыңдар?

* Адамның қандай істері оның жақсы екенін көрсетеді?

* Айналасындағыларға адамдарға көмектесетін адамдарды қайырымды адам деп айта

аламыз ба?

* Қане, есімізге түсірейікші, біз қандай адамгершілік құндылықтарымен таныстық.?

кейіпкерлердің бойындағы құнды қасиеттер жайлы әңгімелестік.

Жағдаяттарды талдау.

1.Самат ертеңгісін топқа келгенде тәрбиешіге,достарына бір сөзді айтуды ұмытып

кетті.Ол қандай қандай сөз.

2. Топтағы бөлме гүлдерін суарамыз деп Айгүл мен Айжан байқаусызда гүлдің

бір бұтасын сындырып алды.Ертеңінде оны байқаған апай: «Балалар , мына гүлді

кім сындырды ?» - деп сұрады

3. Сәуле ойыншықтарын жинап қойып еді,Аслан оны қайтадан шашып тастады.




Үлкенге көмектесіп,

кішіге қамқор болып, сыйлап, достарына адал болу - әр баланың адамдық міндеті.

Әдепті, ұқыпты, әдемі, адамгершілігі мол адамдарды жаны сұлу, жақсы адамдар деп

айтамыз.










Сергіту сәті.

Мен жақсы баламын. ( Жайлап отырып ақырындап айтады )

Мен өте жақсы баламын ( Біртіндеп тұрып сөзді қаттырақ айтады.)

Мен нағыз жақсы баламын. ( Орнынан тұрып, қатты дауыспен айтады,)


Шығармашылық жұмыс.

Балалар жақсылық жасап тұрған фотосуреттерін немесе салған суреттерін алдын ала

алғызып, қолдануға болады. Мұғалім оны барлық оқушыларға көрсетеді. Балалар сол

суреттердің ішінен өздері « мен осындай болсам екен » деген суреттерді таңдап алады.

Дайын тұрған күннің шуақтарына жапсырады. Әр бала әңгіме барысында бұл баланы

неліктен « жақсы адам » деп ойлайтынын айтып береді.

Ғажайып сөз

* Мен жақсы баламын

* Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Қорытындылау.

- Жақсы бала деген атқа лайық болу үшін біз ұқыпты, тілалғыш, шыншыл,

қайырымды, адал, еңбекқор, әдепті болуымыз керек.




Қорытынды

бөлім


«Алты қалпақ» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: суретке қарап әңгімелейді.

Түсінеді: «Адамшылық» сөзінің мағынасын.

Қабылдайды : адамгершілік құндылықтар туралы.


Толтырған тәрбиеші:__________________












Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 04.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

Бөлімше: 1.1 Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату

Оқу мақсаты: 0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлім: Сауат ашу негіздері

Тақырып: Тағамдар қайдан келеді? «Я» дыбысы

Мақсаты: Я дыбысы және әрпімен таныстыру. Аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорды толықтыру.

Міндеттері: Сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айту

ды жетілдіру. Сөйлемді сөздерге жіктеуді, графиктік сызба бойынша сөйлем құрастыруды дамыту. Ұқыпты жазуға тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: көкөністер-Vegetables , сәбіз -Carrot, қызанақ-A tomato, қияр-Cucumber

Сөздік жұмысы: Күрке

Құралдар: көкөністер жемістер муляждары, суреттер, үлестірмеліі қағаздар.


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балаларға көгөністер мен жемістердің суретін көрсетеді. Балалар оларды атайды. Адам дене құрлысының суреті берілген.

Педагог балалардың жауаптарын толықтырады.

Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма

Я – қосарлы дыбыс.

Я=й+а

Педагог Я əрпінің дыбысталуын түсіндіреді.

2-тапсырма. Суреттердегі берілген тағам түрленінің атауларын атайды. Торкөздің екінші жағына пісірмей жейтін тағамдарды белгілейді. Тапсырма орындамас бұрын педагог балаларға тағамдардың пайдасы жəне кейбір пісірілмей тұтынатын тағамдар туралы түсіндіреді.


3-тапсырма. Я əрпімен танысамыз.

Педагог өлең жолдарын оқып береді, балалар қайталап есте сақтайды. Суреттегі пияздың суретінің Я əрпінің тақтадағы бейнесіне ұқсайтынын табады.

Педагог Я əрпінің баспаша түрімен таныстырады.

Педагог балаларға қызықты əңгіме оқып береді.

Ертеде римдіктер мен гректер пиязды жауынгерлерге күш жəне батылдық беретін əрі жарақатты жазатын шипалы, қасиеті күшті өсімдік деп есептеген. Олар пияздың бір түріне «Жеңімпаз» деп ат берген. Себебі С дəрумені дененің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын заттарға бай.



Көгөністер мен жемістердің суретін қарастырады. Атайды: көкөністер-Vegetables , сәбіз -Carrot, қызанақ-A tomato, қияр-Cucumber


Балалар берілген көгөністер мен жемістердің дене мүшесіне

ұқсастығын табады.

Балалар суретке қарап отырып берілген тағамдарды атайды.

Жерден өніп шығатын тағамдарды жасыл түспен, малдан өндірілетін тағамдарды қызыл түспен бояйды. Суретте: май, сəбіз, сүт, қияр, құрт, алма, нан.

Берілген тағамдар атауларының сызбасы берілген.

Сызбадағы бос торкөздерге дауысты дыбыстарды тауып жазады. Қияр сөзін буынға бөледі


Сия мен ұяның суретін атайды.

Педагог сия мен ұя туралы түсінік береді.

Балалар сөздің соңында естілген дыбысты табады.




Сергіту сəті.

Терезені ашайық, «Таза ауа кірсін», – деп. Жаттығуды жасайық, «Денем мықты болсын», – деп.



Пияздың ащы болаты туралы балалар өз ойларын айтады.




Негізгі бөлім





Қорытынды

бөлім


«Жемістер ағашы» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Я дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы я дыбысының орнын ажыратады.


Түсінеді: Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.


Қабылдайды : Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.


Толтырған тәрбиеші:__________________































Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 05.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

Бөлімше: 1.1 Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату

Оқу мақсаты: 0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлім: Сауат ашу негіздері

Тақырып: Кәмпиттің сөзі . «Ф» дыбысы

Мақсаты: Ф дыбысы және әрпімен таныстыру.Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды салыстырып, оларды дұрыс атауға үйрету.

Міндеттері: Сөздегі дыбыстарды және олардың белгі

лерін ажыратуға үйрету. Дыбыстардың әріппен белгіленуін салыстырып, белгілі бір дыбысты сөздерді айтуды дамыту.Әдемі жазуға тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: кәмпит- candy

Сөздік жұмысы: өндіріледі, кондитер

Құралдар: кәмпиттер муляжы, әріптер, әліппе-дәптері, қарындаштар мен таратпалы қағаздар.

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балаларға екі қолын беліне ұстап тұрған спортшының суретін көрсетеді. Балалар спортшы неге екі қолын беліне қойып тұр? Балалар сұраққа жауап береді. Педагог балалар жауабын толықтырады.


Барлық балалар спортшы сияқты тұрып, керілу созылу жаттығуын жасайды.



Негізгі бөлім

Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма. Педагог балаларға мəтінді оқып береді.

Дүкенде қандай пішінді кəмпиттер сатылады екен?

Кəмпиттер қайда өндіріледі?

Мəтінен Ф дыбысы бар қандай сөз естідіңдер?

2-тапсырма.

Қандай дыбыс естіледі?

Піл ме əлде філ ме?

Телефон ба əлде телебон ба?


Ф – қатаң дауыссыз дыбыс.



(Ұ) Сергіту сəті

Педагогпен бірге қолдарын белге қойып, жаттығулар жасайды.


3-тапсырма.

4-тапсырма. Педагог балаларға ф əрпінің баспа түрі жазылған қағазын жəне домалақ пішінді кəмпит береді.




Футбол, фабрика, вафли сөздерін буынға бөледі.

Ф дыбысын дұрыс дауыстатып айтады

Сұрақтарға жауап беріп, ф дыбысының орнын табады. Пілдің суретін көріп, «Піл» деп қайталайды.

Телефон суретін атайды.

Ф дыбысын П жəне Б дыбыстарынан ажыратып, дұрыс айтуға жаттығады. Үстіңгі ерін сəл көтеріңкі қалыпта болады да тіске тимейді, иек сəл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шығып, Ф дыбысы жасалады.

Балалар орындарынан тұрып сергіту сəтін жасайды.


Суреттегі заттарды атайды: фонтан, факс, футбол, фото .

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайды, сөздерді буынға бөледі.

Кəмпиттен Ф əрпінің бейнесін жасайды.





Қорытынды

бөлім


Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. «Жетістік шыңы» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Ф дыбысын қатыстырып сөздер құрайды.

Түсінеді: сөздерді буынға бөліп оқиды.

Қабылдайды : Балалар ф əрпінің баспа түрін жазып біледі.


Толтырған тәрбиеші:__________________


























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!