Мақсаты: білім алушыларды мамандығы бойынша заманауи технологиямен оқыта отырып, кәсіби шеберлікке баулу, құзіреттілігі жоғары мамандар дайындау және мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру,патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: слайд,бильборд,музыкалық құрылғылар,көрме,шармен безендіру
Жоспары:
-
Кіріспе сөз
-
Бағдарламамен таныстыру
-
«Мамандығым-мақтанышым» әдеби монтаж
-
Қорытынды
Б А Р Ы С Ы
Ән: «Мәңгілік ел» орындайтын ПГС-22о тобының студенті
І жүргізуші: Қайырлы таң, құрметті ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар, қымбатты студенттер!
І жүргізуші: 14-25қараша аралығында «Энергетика және құрылыс мамандықтар» бөлімшесінің ұйымдастырумен «Жаңа Қазақстан:кәсіби маман-жарқын болашақ» тақырыбында өтетін онкүндігіміздің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Оқытушылар мен білім алушылардың қызығушылығын арттыру барысында апталықтардың алар орны ерекше. Онкүндік өткізудегі негізгі мақсатымыз –Студенттерді мамандығы бойынша заманауи технологиямен оқыта отырып, кәсіби шеберлікке баулу, құзіреттілігі жоғары мамандар дайындау және мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру.Отансүйгіштікке баулу,патриоттық тәрбие беру.
І жүргізуші: Онкүндік бағдарламасымен таныстыру үшін сөз кезегін «Энергетика және құрылыс мамандықтары» бөлімшесінің меңгерушісі Гүлнар Өтешқызына беріледі.
р/с | Өткізілетін іс-шараның атауы | Өтетін мерзімі | Өткізілетін орны | Жұмыс түрі | Жауапты оқытушылар |
1 | «Жаңа Қазақстан: Кәсіби маман, жарқын болашақ» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты | 14 қараша сағ 1140 | Колледж фойесі | Салтанатты жиын | «Энергетика және құрылыс мамандықтары» бөлімше оқытушылары |
2 | Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150жылдығына арналған «Ахметтің аманаты» атты әдеби қойылым | 14 қараша сағ 1140 | Колледж фойесі | Әдеби қойылым | «Мемлекеттік және шет тілдері» ПЦК оқытушылары |
3 | Облыстық олимпиада «Жас-электрик»- 2022 | 15қараша сағ 10оо | 202ауд | Олимпиада | Жакипова Ж Жумагулова А Имангазина Н Сейтжанова Г |
4 | «Тәуелсіздік символы — ұлттық валюта» | 16 қараша сағ 10-оо | Колледж кітапханасы | Ашық тәрбие сағаты | Майханова К. ПГС-22о оқу тобы |
5 | «Үш тілдің білгірі» | 16қараша сағ 15оо | 305 ауд | Интеллектуалдық сайыс | Жұлдызбай Г Ахметова А Жантас А Асан Н |
| «Менің өмірімді өзгерткен кітаптар» | 16қараша сағ 1010 | Колледж кітапханасы | Колледжішілік эсселер байқауы | Қалманова А Бектасова А Қарақұл М Ерғалиева А Рахметова Ж |
6 | «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» | 17 қараша сағ15оо | Мәжіліс залы | Дөңгелек үстел | Нурманова Д. Махамбетова А. |
7 | «Устремленный к вершинам вдохновения» | 18 қараша 14оосағ | Кітапхана | Городской конкурс художественного слова | Казыбаева А Женсикбаева ШИльясова К Жаппарова С |
8 | «Тапқыр болсаң,озып көр» | 18 қараша 15оо сағ | 110 ауд | Жас оқытушылар арасындағы интеллектуалдық сайыс | Жакенова Б Советбай М Ноғаев Н Базартай Ш |
9 | «Дуалды оқыту- кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкінддігі» | 21 қараша 15оо сағ | Мәжіліс зал | Оқытушылармен кездесу | Жакенова Б Калтаева А Жумагулова А |
10 | Тақырыбы:Патриотический акт «Мәңгілік Ел» | 22 қараша 10оо сағ | 30 ауд | Ашық сабақ | Казыбаева А Л-22о оқу тобымен |
11 | Сайыс «Жас маман» | 22 қараша сағ 15оо | 401ауд | Студенттер арасында сайыс | Ноғаев Н Ломанов П Советбай М |
| « М.Әуезов арулары» | 22 қараша сағ 15оо | Акт залы | Облыстық байқау | Қалманова А Бектасова А Қарақұл М Ерғалиева А Рахметова Ж |
12 | «Менің таңдауым –құрылысшы» | 23қараша сағ 1000 | 113 ауд | Интеллектуалдық сайыс | Каденова М Ибраева Ж.А ПГС-22 оку тобымен |
13 | Жаңа оқытудың ақпараттық технологиясын қолдана отырып, білім алушылардың тәжірибелік, графикалық сауаттылығын арттыруда атқарған жұмыстарының нәтижесі | 24 қараша сағ 15оо | Мәжіліс залы | Семинар практикум | Ахметова А.Қ Меңліқұлов Н.М |
14 | Тақырыбы:«Natural disasters» | 24 қараша сағ 12оо | 38a ауд | Ашық сабақ | Ахметова А ПХ-22о оку тобымен |
15 | «Жаңа Қазақстан: Кәсіби маман, жарқын болашақ» тақырыбындағы апталықтың жабылуы | 25 қараша сағ 15оо | Колледж фойесі | Апталықтың жабылуы | «Энергетика және құрылыс мамандықтары» бөлімше оқытушылары |
І жүргізуші: Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегінқалыптастыруға негізделген.
ІІ жүргізуші: Жастар үшін ең бастысы – білім. Себебі білімді азамат өзін еркін сезінеді, болашаққа сеніммен қарайды және қай бағытта қозғалу керек екенін біледі. Әрбір жас қазақстандық осыған ұмтылуы тиіс. Әрине, мамандық таңдау – күрделі мәселе.
І жүргізуші: Әлем тез дамып келеді. Күннен күнге жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Соның көбі біздің қоғамға бейтаныс. Заңгер, қаржыгер, журналист сынды мамандар көп екені бәрімізге мәлім. Ал қазіргі жастар жаңа салада жұмыс істегісі келеді. Жаңа заманның талабына сай маман атану – табысқа жеткізетін жол.
ІІ жүргізуші:Біздің бөлімшеде де жаңа Қазақстан талап етер жаңарған маман иелерін дайындауда.Барлығы 9 мамандық,9 біліктілік бойынша студенттер білім алуда.
І жүргізуші: Ғимараттар,зәулім сарай салатын,
Елсіз жерді гүлдендіре алатын
Құрылысшы мамандығым –мақтанам,
Қазағыма Жаңа қала салатын.
ІІ жүргізуші: Шамшырағын әрбір үйдің жағатын,
Жарық көзін ток сымынан табатын,
Электрик маманы біз боламыз
Сөндірмейтін сәуле шамын Қазақтың!
І жүргізуші: Металдарды біріктіре алатын,
Пісіретін,балқытатын,қосатын,
Дәнекерлеу ісінің біз маманы,
Темірден де ою сала алатын.
ІІ жүргізуші: Бар қалаға жылу көзін беретін,
Әрбір үйге жылылықты төгетін,
Жылу-технигі мамандығым таңдаған,
Отаныма жылу көзін себетін.
І жүргізуші: Елмен елді жалғастырып тұратын,
Даңғыл-даңғыл ғажап жолдар салатын,
Жол құрылысы маманымыз болашақ
Жаңа елге жаңа жолдар құратын.
ІІ жүргізуші: Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл.
І жүргізуші: Жыл көлемінде мерейтойы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бүгін сол шаралардың қорытындысы Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150жылдығына арналған «Мемлекеттік және шет тілдері» пәндік циклдік комиссиясының оқытушылары ұйымдастырған Аскерхан АҚТАЙдың «Ахметтің аманаты» пьесасынан үзінді ұсынғалы отырмыз. Олай болса кезекті «Жастар театрына» берсек.
І жүргізуші: Осымен «Энергетика және құрылыс мамандықтары» бөлімшесінің он күндік апталығы ашық деп жариялаймыз.
ІІ жүргізуші: Назар салып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет!