Сабақтың тақырыбы | Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі. |
Оқыту мақсаты | Әртүрлі типті өрнектерді қолданып, программа құрылымын ескере отырып, арифметикалық өрнектерді жазу ережелерімен таныстыру. |
Оқу мақсаты | Өрнек ұғымын, өрнек құрамын, бүтін санды бөлу операторларын, арифметикалық өрнекті жазу ережелерін біледі. Арифметикалық амалдарды қолданып, өрнектерді құрастыруды түсінеді. Операторлардың басымдылығын ескере отырып, өрнектегі әрекет орындалу реттілігін анықтай алады. |
Сілтеме | Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.А.Бекетауов Информатика. 7 сынып. Астана: «Арман-ПВ», 2015 Интернет материалдары |
Әдіс тәсілдер | Жеке жұмыс, топтық жұмыс, АКТ пайдалану, «Үлкен шеңбер» әдісі, сәйкестендіру әдісі, дарынды және талантты балалармен жұмыс. |
Ресурстар | Компьютер, интерактивті тақта, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар |
Сабақтың өтілетін уақыты | 45 минут |
Сабақ жоспары | Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша Рефлексия Үйге тапсырма |
Үйге тапсырма | §12 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын құрастыру. |
Ойлауды Блум бойынша жіктеу | Мақсат | Тапсырма түрі. Түрткілер. | Нәтиже | Бағалау |
критерийлер | дескриптор | Ұпай | Жиын тық |
Білу | Психологиялық дайындық | Көңіл күйіңіз қалай? | Оқушылардың көңіл күйлерін анықтау | Білім көлемін зерделеу | Сұраққа толық жауап берді | 3 | |
Топқа бөліну | Стикер түсі бойынша топқа бөлу. «Өрнек», «Тип», «Mod», «Div» Топ ережесін еске түсіру | Стикердің түсі бойынша топқа бөлінеді. Ережені бір оқушы тақтадан оқиды, естеріне түсіреді |
Өткен тақырып бойынша теориялық білімді тексеру | Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар Бұл кім? (Никлаус Вирт) Паскаль тілінің алфавиті неден тұрады? Шығару операторы Енгізу операторы Паскаль тілінде файлдарды сақтау операциясы Паскаль тілінде бүтін тип қалай сипатталады? Нақты тип қалай жазылады? Паскаль программасы неше бөліктен тұрады? Операторлар бөлімі қалай жазылады? Программа жолдарынан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? | Миға шабуыл жетелеуші сұрақтар арқылы өткен теориялық білім тексеріледі. |
Қателіктері болды | 2 |
Жауап беруге қиналды | 1 |
Түсіну | Сабақтың басты идеясын табу | Ойлан,жұптас,пікірлес әдісі арқылы тақырып идеясын ашу. Электронды оқулық және оқулық бойынша жұмыс. Түртіп алу «Өрнек» сөзін топтастыру | Тапсырма орындау арқылы сабақтың идеясы анықталады. | Ережені толық игеру толық игеру | Тапсырманы толық орындады, ізденді | 3 | |
Ауызша идея қосты, қателіктері болды | 2 |
Тапсырманы орындай алмады | 1 |
Бағалау | Бас бармақ арқылы бағалау | | | | | |
Қолдану | Тақырып бойынша алған білімін практикада жүзеге асыру | «Тау шыңына шығу» ойыны. Тау шыңына шығу үшін оқушыларға деңгейлік тапсырмалар орындату. 1 деңгей. Нәтижесін есепте: 36 div 8= 10 mod 4= (15+15) mod 5= 2 деңгей. Өрнекті Паскаль тілінде жаз.  3 деңгей. Өрнекті Паскаль тілінде жаз және программасын құр, компьютерде орында.  | Алған білімдерін практикада жүзеге асыра алады. | Практикада қолдану дағдысын дамыту | 1 деңгей | 10 | |
2 деңгей | 6 |
3 деңгей | 3 |
Сергіту сәті Жаттығу жасау |
Талдау | Әр түрлі жағдайларда ереженің сақталғандығын анықтау | Конверт сұрақ 1)Математикалық өрнек жазу. Мысалы: А=4(2b+c) 2)Өрнекті паскаль тіліне аудару 3)Паскаль тіліне аударылған өрнекке паскаль тіліндепрограмма жазу 4)Жазылған программаны тексеру.Қатесін табу.Хабарлау | Сұрақтарға жауап бере отырып ережені ажыратады, себебін түсіндіреді. | Талдау, жіктеу мүмкіндігі | Өрнек жазуға қатысты | 3 | |
Ауызша ой қосты | 2 |
Өрнек жазуда қиналды | 1 |
Жинақтау | Ақпаратты жинақтау негізінде алған білімдерін тұжырымдау. | Информатикалық диктант 1957 жаттығу №2  | Ақпаратты жинақтау негізінде алған білімдерін тұжырымдайды. | Қайта анықтау мүмкіндігі, құзыреттілігі | Қатесіз жазды | 3 | |
Қателері болды | 2 |
Диктант жазуда шатасты | 1 |
Бағалау | Оқушының ойлау дағдысын дамыту, кеңейту | Блоб ағашы  | Ойлана отырып, шешім шығарады. | Ойлауын дамыту | Тақырыпты толық түсінген | 3 | |
Орташа деңгейде түсінген | 2 |
Төмен деңгейде түсінген | 1 |
Рефлексия | Хаттар ұяшығы. Стикерге өз ойын жазып, қажетті жерге жабыстыру.  |