Просмотр содержимого документа
«Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту»
CLIL әдістемесі бойынша арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастыру
«Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Бүгінде ағылшын тілі –жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды.» дегендей елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Оқытудың жаңа технологиясы — оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.
Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бұл студенттердің білім ала отырып, екінші бір тілді меңгеруіне мүмкіндік жасалады. Пәнді ағылшын тілінде оқыту кезінде көбірек практикалық тапсырма түрін ұйымдастырған дұрыс деп ойлаймыз. Себебі, студент белгілі бір жұмысты жасай отырып тіл білімін дамытады.
Ағылшын тілінде оқыту процесін ұйымдастыруды және іске асыру алгоритмі:
Мазмұн мен мақсаттың анықтылығы;
Оқу –тәрбие процесінде оқытушының ролі;
Ұйымдастыру жұмысының нақтылығы
Білім алушыларды оқытуда әдіс-тәсілдерді және оқытуды ұйымдастыруды кешенді түрде қолдану;
Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесін ұйымдастыру;
Практикалық тапсырмаларды ағылшын тілінде орындауда шығармашылық белсенділікті қамтамасыз ететіндей жағдай жасау;
Пән ерекшелігіне қарай ғылыми – техникалық мәтіндерді түсініп, аудармасын жасауға дағдылану;
Оқыту барысында кездесетін ғылыми-техникалық терминдердің мағынасын түсініп, сабақта қолдана білу;
Оқыту процесіне инновациялық технологияны енгізе отырып, арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуда кіріктірілген сабақ жүргізу.
Сабақты ағылшын тілінде өткізуді ұйымдастыруды бастағанда студентке түсінікті болу үшін ауызекі тілден және ойын әдістерін қолданудан бастау қажет.
CLIL әртүрлі білім беру топтарында – балабақшаның жоғарғы тобынан бастап жоғары білім беруге дейін пайдаланылады, яғни бұл әдістемеде тіл зерттеу объектісі ретінде емес басқа пәндерді тану құралы ретінде қарастырылады. Сол сияқты білім алушының оқыту процесін түсіну қабілетін, коммуникативтік құзыреттіліктері мен уәждемесін қалыптастыру, дамыту құралы ретінде қаралады.
Clil әдістемесінің негізгі міндеттері:
үш тілде білім беру процесінде білім беруді ұйымдастырудың негізгі қағидаттарын түсіну;
арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін үйрену;
арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесіне CLIL пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдана білу;
оқу сабағын CLIL пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдістемесі негізінде жоспарлай білу;
ағылшын тіліндегі арнайы пәндер бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді қалыптастыра білу;
арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту кезінде CLIL пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдістемесі бойынша бағалау жүйесін қолдана алу;
педагогикалық қызметкерлерің кәсіби ағылшын тіліндегі білімдерін үздіксіз жетілдіру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер.
үш тілде білім беру жағдайында оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарын біледі;
арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін біледі;
ағылшын тілін білу деңгейін және өзіндік мүмкіншіліктерін ескере отырып арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыта біледі;
СLIL пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдістемесі бойынша сабақты жоспарлай алады;
ағылшын тіліндегі арнайы пәндер бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді қалыптастыру дағдыларын меңгереді;
арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде СLIL пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдістемесі бойынша бағалау жүйесін практикалық қолдану дағдылары бар;
кәсіби ағылшын тілі бойынша өзіндік білімін жетілдіреді.
Сонымен, оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытуда:
сабақ құрылымында мәселелік жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын білім алушының ойлау әрекетін белсендіруге;
білім алушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;
сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;
білім алушының шығармашылық ойлауын дамытуға және олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
CLIL – бұл пәндік білімді игеру мен тілдік құзыреттілікті жақсартуға қос фокуспен шет тілі арқылы тілдік емес пәнді оқыту тәсілін сипаттау үшін пайдаланылатын жалпы термин. CLIL әдістемесі болашақ түлектердің өз мамандығы шеңберінде қарым-қатынасты шет тілінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін деңгейде білуіне жол беретін, лингвистикалық компетенцияларды қалыптастырады.