Просмотр содержимого документа
«Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту»
Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту
Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бұл студенттердің білім ала отырып, екінші бір тілді меңгеруіне мүмкіндік жасалады. Пәнді ағылшын тілінде оқыту кезінде көбірек практикалық тапсырма түрін ұйымдастырған дұрыс деп ойлаймын. Себебі, студент белгілі бір жұмысты жасай отырып тіл білімін дамытады.
«CLIL әдістемесі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту» тақырыбы бойынша «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен ТжКБ ұйымдарының арнайы пән оқытушыларына жүргізілген біліктілікті арттыру курсын жүргізіп келемін. Тәжірибемнен ұсынатыным пәнді ағылшын тілінде оқыту кезінде көбірек практикалық тапсырма түрін ұйымдастырған дұрыс деп ойлаймын. Себебі, студент белгілі бір жұмысты жасай отырып тіл білімін дамытады.
Ағылшын тілінде оқыту процесін іске асыру алгоритмін ұсынамын:
Мазмұн мен мақсаттың анықтылығы;
Оқу –тәрбие процесінде оқытушының ролі;
Ұйымдастыру жұмысының нақтылығы;
Білім алушыларды оқытуда әдіс-тәсілдерді және оқытуды ұйымдастыруды кешенді түрде қолдану;
Практикалық тапсырмаларды ағылшын тілінде орындауда шығармашылық белсенділікті қамтамасыз ететіндей жағдай жасау;
Тілді жетік меңгеруге арналған ортаны қалыптастыру. Мысалы: арнайы тілді меңгеруге арналған курстардан, шетелдік тілдік тағылымдамалардан өту.
Мысалы, шетелдік тілдік тағылымдамадан өтуде әрі қарай осы саланы тереңінен зерттеуіме септігін тигізді. Тағылымдама барысында ұсынылған курс бағдарламасы өте жүйелі болды. Курстың бағдарламасы ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру, Ұлыбританиядағы жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесін зерттеу, білім мекемелерінің институционалды серіктестері, ағылшын тіліндегі теориялық және практикалық сабақтар және «Teacher training and Academic English» бағдарламасы бойынша жүргізілді. Курс Шотландиядағы Glasgow Caledonian University базасында, INTO GCU оқытушыларының бірігуімен жүргізілді. Курс негізі тілдік мақсатты дамытуға және Ұлыбританиядағы жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесі қарастырылды.
Тағылымдама шеңберінде мынадай негізгі тақырыптық мәселелер қаралды:
1. Speaking and Listening (Сөйлеу және тыңдау)
2. Language Skills (Тілдік дағдылар)
3. Educational Trainer Talk (Талқылау)
4. Workshop / Independent Study (Семинар / Тәуелсіз зерттеулер)
5. Academic Study Skills (Академиялық дайындық дағдылары)
6. Testing and Assessment (Тестілеу және бағалау)
7. Tutorials (Оқу құралы/ Кеңес беру)
Экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған экскурсиялар ағылшын тілінің дағдыларын жетілдіруді қамтамасыз етті. Тарихи орындар және оқу орындары туралы жаңа білім алуға мүмкіндік берді, олардың МТБ – сын көруге мүмкіндік берді.