Cабақтың тақырыбы: Қышқылдар: құрамы, жіктелуі, номенклатурасы, қасиеттері, қолданылуы.
Сабақтың мақсаты: Қышқылдарды анықтау, жіктеу, талдау, есептер шығару, маңызын түсіну,қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті оқытудың комплексті әдісі.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, химиялық реактивтер, үлестірмелер, тірек-сызбалар, суреттер, металдардың активтік қатары.
Сабақтың барысы:
Үй жұмысын тексеру:
Тест
1. Негіздер қатарын белгіле:
А) LiOH, AI(OH)3 CuO , Б) NaOH Zn(OH)2 Fe(OH)2, В) Са(OH)2 СаО Ва(ОН)2
2. Суда еритін негіздер басқаша қалай аталады?
А) гидроксидтер Б) сілтілер В) оксидтер
3. Сілтілік ортада лакмус түсі:
А) қызарады Б) көгереді В) өзгермейді
4. Суда ерімейтін негіздерді алуға тән реакция:
А) Na2O+H2O→2NaOH Б)2K+ 2H2O→2KOH +H2 В) CuCI2 + 2NaOH→Cu(OH)2 +2 NaCI
5. Негіздерге тән қасиеттер:
А) қышқылмен, сілтілермен әрекеттесу
Б) тұздармен, негіздік оқсидтермен әрекеттесу
В) қышқылдармен, қышқылдық оксидтермен әрекеттесу
6. Натрий гидроксидіндегі натрийдің массалық үлесі % :
А) 56 Б) 57,5 В) 55
7. Ерімейтін негіздерге ғана тән қасиетті сипаттайтын химиялық реакция теңдеуі:
А) KOH + HCI→KCI + H2O Б) Fe(OH)2→FeO+H2O В) Cu(OH)2 +H2SO4→CuSO4+2H2O
8. Сілтілік ортада түссіз фенолфталеин қандай түске өзгереді?
А) қызыл Б) көк В) таңқурай түсті
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ - 9 сынып»
Тақырыбы:«Жұлдызды сәт» ойыны
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ақыл –ойын,
логикалық ойлауын арттыру.
Ұраны: Мыңнан тұлпар, жүзден жұйрік озады.
1«ҰЛЫ ҒАЛЫМДАР»:
Периодтық заң және жүйенің негізін қалаушы ғалым.(Менделеев)
Алғаш рет оттекті алған ғалым.(Шееле, Пристли)
Алғаш болып ауанын құрамын зерттеген ғалым.(Лавуазье)
Зат массасы сақталу заңының негізін қалаушы.(Ломоносов)
Сутектің қасиеттерін сипаттаған ғалым.(Кавендиш)
Зат құрамының тұрақтылық заңының негізін қалаушы ғалым.(Пруст)
Атом құрылысын зерттеп моделін ұсынған ғалым.(Резерфорд)
Атом-молекулалық ілімнің негізін қалаушы.(Ломоносов)
«Химиялық элемент» ұғымын алғаш енгізген ғалым (Р.Бойль)
1886 жылы фторды ашқан (Г.Муассан)
Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын ұсынды(С.Аррениус)
Иондардың гидраттануы туралы ұғымды енгізген (И.Каблуков)
Сутектің жай зат екенін анықтап,оған «гидрогениум» деп ат берген (Лавуазье)
Металдардың кернеу қатарын жасаған (Н.Бекетов)
2 «ХИМИЯЛЫҚ ЖҰМБАҚТАР»
Оттекті,оттексіз боп бөлінеді,
Бәрі тек бір элементтен басталып. (қышқыл)
Күмістей түсі жылтыр,өзі сұйық
Буланбас,қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты,жылуды анық
Қандай зат құрал жасар соны құйып. (сынап)
Ауаны шарлап кезеді,
Таза күйде пайдасыз.
Білгіш болсаң айта ғой,
Қосылысы өмір өзегі. (Азот)
Жазылуы бойынша оқысаң элементпін
Ал керісінше оқысаң өткізгішпін.
Ойлаңдаршы сонда мен кіммін (мыс – сым)
3«АЛУАН ТҮРЛІ ХИМИЯ»
I «ЕҢ....., ЕҢ......, ЕҢ.......» МЕТАЛДАР
Ең бағалы МЕ- платина
Ең қиын балқитын Ме- вольфрам
Ең жеңіл металл- литий
Ең ауыр Ме –осмий
Ең қатты Ме-хром
Ең жеңіл балқитын Ме-сынап
Ең жұмсақ Ме-сілітілік Ме
Ең созылғыш Ме-алтын
Ең мазасыз Ме-натрий
Ең маңызды Ме гемоглобин құрамына кіреді- темір
Қанатты Ме-алюминий
Ең электрөткізгіш Ме-күміс
Ең үйкеліске төзімдіМе-титан
Ең сұйық Ме–сынап
II. «БЕЙМЕТАЛДАР»
Әлемде ең кең таралған БейМе. – сутегі
Ең сұйық БейМе– бром
Латын тілінен аударғанда «тіршіліксіз» деген мағынаны білдіретін БейМе. – азот
Графит, алмаз, фуллерен, карбин қай Бейме аллотропиясы. – көміртек
Бұл БейМе тістін құрамына кіреді–фосфор
Дәрі–дәрмек алуда қолданатын БейМе–күкірт
Металдық жылтыры бар БейМе–йод
Ақуыздың құрамына кіретін БейМе–оттегі, сутегі,күкірт,азот.
100 көлем суда 3көлем еритын БейМе – оттегі
Күн жүйесі планеталарының 92 % - ін құрайтын БейМе - сутегі
4. «ХИМИЯНЫҢ ТАРИХЫ»
Периодтық заңның негізі қаланған жыл. –1869ж
Қай жылы ауа құрамы зерттелді–1774ж
Авогадро заңның негізі қаланған жыл. –1811ж
Зат құрамының тұрақтылық заңының негізі қаланған жыл–1748ж
Атом құрылысының « планетарлық» моделі ұсынылған жыл–1911ж
Иод элементі ашылған жыл - 1811ж
5. «ЭЛЕМЕНТТЕР АУКЦИОНЫ»
Үш әріптен тұратын 3 элемент атаныз (йод, бор, мыс)
Төрт әріптен тұратын 4 элементті атаныз (бром, хлор, фтор, уран)
Бес әріптен тұратын 5 элементті атаныз (барий, калий, цезий, радон, торий)
Элемент таңбалары көрсетіледі, оқушылар элементтерді атау керек.
Ва, N, As, Sn, S, Rb, Pb, Sb, Ga, Te.
«Туысын тап»
Төрт класқа бөлу керек:
NO2 , CaSO4 , AI(OH)3 , HCI ,P2O5 , H2SO4 , CuO, CaO, HJ, NaOH, K2CO3 , Cr(OH)3 , LiNO3 , FeCI2, H3PO4 , Mn2O7 , HNO3 , Ba(OH)2 , Н2О.(молекулалық массаларын табу)
. « МАҚАЛ –МӘТЕЛДЕР»
Ескі мата бөз болмас,
Екі темір біз болмас.
Арпа бидай ас екен,
Алтын – күміс тас екен.
Пәлен жерде алтын бар
Барсаң мыста жоқ.
Ақыл арымас,
Алтын шірімес.
Су ішкенде құдығына түкірме
Сабыр түбі –сары алтын.
8. «Білімділер байқауы»
Теңдеулерді аяқтау:
а) КOH + HCl = б) NaOH + H2SO4
в) Na2CO3+ H2SO4= г) P2O5+ Н2О=