СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ .Әдебиеттік оқу, Бейімбет Майлин "Күлпаш"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мәтіннің мазмұнымен таныстырып,оқушыны жүйелі сөйлеуге,өз ойын еркін жеткізе білуге баулу.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ .Әдебиеттік оқу, Бейімбет Майлин "Күлпаш"»

Күні:18.01.2018

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ақ шаш. В.Сухомлинский (орыс жазушысы) 

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды В.Сухомлинскийдің «Ақ шаш» мәтінінің мазмұнымен таныстыра отырып, ондағы негізгі ойды, идеяны меңгерту. Орыс жазушысы В.Сухомлинский туралы мағлұмат беру

Оқушылардың таным мүмкінділіктерін,олардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын ірікпей айтып, дәлелді сөйлей білуге шапшаң ойын қорыта алуға үйрету.

Баланың анаға деген сүйіспеншілігін ояту, ана еңбегін ардақтап, сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ананың махаббатын, мейірімін, жақсылығын түсіну.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қозғау, топтық жұмыс, «топтастыру» стратегиясы.

Көрнекілігі: В.Сухомлинский, В.Сухомлинскийдің оқулығы, «Ана» туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер /презентация/

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.-Үлкенге де «сіз»,Кішіге де «сіз»,Бас иеміз сіздерге Құрметпенен біз!

2.Психологиялық дайындық.-оқушылар зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды,жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.Барлығы:Күн жарығын алақанға саламын,Жүрегіме басып ұстай қаламын.Мейірімді анам болса қасымда Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Міне, жүрегімізді осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

3. Топқа бөліну. І-топ: «Мейірім», ІІ-топ: «Шапағат».

4.Топ ережесімен таныстыру.1.Мұғалімге бағыну.2.Уақытқа бағыну.3.Бір-бірімізді тыңдау.4.Сыйластықта болу.5.Мадақтау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1.С.Бегалиннің «Мейірім» әңгімесінің мазмұнын айту.2.С.Бегалиннің «Мейірім» әңгімесі бойынша топтар бір-біріне сұрақ қояды.ІІ.Үй тапсырмасын бекіту.Әдептілік туралы мақал – мәтелдер айту. 

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.1.Ой қозғау» стратегиясы.Жұмбақ шешу

.І-топқа:Бала, бала, бала депТүнде шошып оянған.Түн ұйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған. (Ана)
ІІ-топқа:Егер болсаң жаман,Кейитін кім саған? (Ана)
ІІІ- топқа:«Ана» кім? өз ойларын айту.
қамқоршы, мейірімді ,жанашыр, ардақты ,аяулы,
тілекші, қымбатты ,ақылды, дос, жарық өмір сыйлаушы 
-Балалар, «Адамда қандай қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен дариды» деген екен.Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы орыс жазушысы В.Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі .

Василий Александрович Сухомлинский – орыс жазушысы, публицист. Ол 1918 жылы 28 қыркүйекте Александр уезді, Херсонская губерниясы, Кировоградская облысы, Украинада кедей отбасында дүниеге келген. Оның балалық шағы осында өтеді. Әкесі - Александар Емельянович Сухомлинский плотник болып жұмыс істеген. Анасы Оксана Авдеевна үй шаруасында болған. Олардың Василийден басқа тағы Иван, Сергей, Милани атты үш ұлы болды. Үшеуі де ауылда мұғалім болып қызмет еткен. Александрия қаласында В.А.Сухомлинскийдің құрметіне аталған Александр педагогикалық колледжі болған. Колледждің ауласында Сухомлинскийдің ескерткіші бар.В.А.Сухомлинскийдің «Сердце отдаю детям», «Сто советов учителю», «Родительская педагогика», т.б. көптеген көлемді шығармалары бар.
Оқулықпен жұмыс.-«Ақ шаш» мәтіні.

- іштей оқиды

-дауыстап оқиды

тізбектеп оқиды

-Сұрақ-жауап.Әр топ бір -біріне мәтін бойынша сұрақтар қояды.

Миша анасының басынан не тауып алды?

Ол нешеу еді?

Біраз күннен кейін ол нешеу болды?

Анасы неге олай болды деп жауап берді?

Миша неге үнсіз қалды?

Мәтіннің негізгі ойы неде деп ойлайсың?
 Түсінгендерін тексеру: 1. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қатысты екенін әңгімелеп көр. 


Топтық жұмыс.І-топ: «Ана» туралы эссе жазу.

ІІ-топ: «Ана» туралы 5 жолды өлең құрау.

-Балалар, кім тағы ана туралы өлең жолдарын біледі?

ІІІ- топ: Ана туралы мақал-мәтелдер айтту.

Жағдаяттық сұрақтар:

І-топ: Сен сабақтан нашар баға алып келдің. Анаң қандай күйде болады? Қандай жол тауып анаңды көңілдендіресің?


ІІ-топ:Марат анасына жаман сөздер айтып, жүрегін ауыртты. Баласының осы қылығына анасы басын шайқады да қала берді. Сен Мараттың орнында болсаң не істер едің?

ІІІ-топ:
Сен мектепте тәртіпсіздік істедің, анаңды мұғалім мектепке шақырды. Сенің әрекетің?
Бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Мәтін кім туралы екен? Неге анасының шашы ағарды деп ойлайсың? Сен анаңды осылай уайымдатасың ба?

Қорытынды.«Жүректен жүрекке». Оқушылар жүрекше пішіндес қиылған қағаздарға анаға деген өз сезімдерін, лебіздерін жазып тақтаға іледі.
Үйге тапсырма: 144 бет маз. айту."Менің анам" шығарма жазу.

Бағалау. Оқушылардың білімін жинаған фишкаларымен бағалау.





  • 1