СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу,В. Сухомлинский "Ақ шаш"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыны жүйелі сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге баулу.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу,В. Сухомлинский "Ақ шаш"»



Күні:21.11.2017

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы : Б.Майлин."Күлпаш" 

Сабақтың мақсаты :

Білімділік:Мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыны жүйелі сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге баулу.

Мәтіндегі  түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік:Шыдамды,төзімді болуға,өз елін,Отанын жерін танып,сүюге тәрбиелеу.

Сабақ түрі : Дәстүрлі сабақ.

Әдісі : ой қозғау,әңгімелеу, Венн диаграммасы, топпен жұмыс,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі : Б.Майлиннің суреті,интерактивті тақта.

Сабақтың  барысы : І. Ұйымдастыру бөлімі.Қызығушылықтарын ояту.

                   Қайырлы күн, қонақтар,

                  Қайырлы күн ,балалар.

                  Сейсенбі күн сәттілікке толсын.

                  Бүгінгі ашық сабақта, деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз            

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Мәтін мазмұны( әр бөлікті бір оқушыдан сұрау ) (1-слайд)

Пысықтау сұрақтары :

1.Әңгіменің авторы кім?

2.Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам ?

3.Түрмеде оған қандай айып тағылды ?

4.Тоқаштың анасының есімі кім ?

5.Тоқашқа жолығуға кім келді?

5.Ол анасымен не жайында сөйлесті ?

6.Айыптаудың қорытындысы не болды?

7.Түрмеге анасымен бірге кім келді?

8.Тоқаш айыптау қорытындысымен неше күннен кейін танысты?

9."Зарлы дауыс" кімнің даусы болды?

-Балалар ,осы оқып отырған тарау қалай аталады ? (Ата –бабам тарихы-менің тарихым)

(Ашаршылықтан бейнетаспа көрсету) «Не білесің?» (2-слайд)

1.Ашаршылық кезінде халықтың тұрмысы қандай болды?

2.Бейнетаспадан не түйдің?

    1930-1932 жылдары Қазақстан халқының саны алты милионнан асқан болса,соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды.

1921-22және 1931-32-ші жылдарда Қазақтың, тіпті адамзат тарихында бұрын соңды естіп-білмеген, қасіретке толы, қайғылы, зұлмат жылдар! Қанды қол қызылдардың қасақана қолдан жасаған ашаршылығынан кейбір деректер бойынша 4млн.100 мың қазақ баласы қырылып қалған. Бұл біздің бабамыз, шыққан тегіміз, бауырымыз, аяулы жандарымыз, үзілген үміттер болған жылдар болды.

Қара жолдың бойындағы қыстақтардағы үйлерінде, ой мен қырда, тау-тастың қуысында қазақтар қынадай қырылып жатты.

ІІІ. Жаңа білімді игеру. (3-слайд )      

     Тақырыпты анықта

НІҢМЕНДОСЯУЗЦ

ЫМКҮЛПАШЖҰХЙ

ЦБЮГЭРЬЙВЧЪӘҒҚ

Біз бүгін  Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» деген әңгімесімен танысамыз.

                     (4-слайд)

  Бейімбет Майлин –қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында туған.Бір жасқа толмай жатып әкесінен,алтыға шығарда анасынан айрылған.1911-1915 ж. Уфадағы «Ғалия »медресесінде оқып білім алған.Бейімбет -әңгіме жанрының шебері,әрі ақын.»Садақ»қолжазба журналының белсенді авторы. «Шұғаның белгісі» , «Раушан –коммунист»  деген шығармалары бар.

Бұл әңгімеде  кедей отбасының ауыр тұрмысы сөз етіледі. Бейімбетте кедей отбасынан шыққандықтан кедейдің мұңын мұңдап, жырын жырлаған ақиық ақын, әңгіме жанрының хас шебері.

Әңгімедегі негізгі кейіпкер- Күлпаш.

 ( 5-слайд) Оқулықпен жұмыс:

Мәтінмен жұмыс

1.Мәтінді қатарға бөліп оқытамын.

2.Тізбектеп оқу.

3.Бөлімдерге ат қою.

(6-слайд )Сөздік жұмысы:

           Өрім-өрім –тозған,жыртылған.

           Бөкебай-басқа жамылатын шәлі.

           Ызғырық –суық жел

           Өлмелі кедей -өте кедей.

(7-слайд )Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер:

1. Күлпаштың сыртқы киімі қалай аталады?

2.Ызғырық желдің үйге кіру себебі не?

3.Қара судан басқа дәм алмағанына нешінші күн?

4.Бұл ауылда тұратын адамдар қандай болған?

5.Қали анасын қалай атады?

6.Мақтымның мойнында не болды?

7.Қалидың ата-анасының жылау себебі не?

Сергіту сәті:

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де.

Қуанайық достар,

Арайлап атқан күнге!

Шығармашылық тапсырма (8-слайд)

1-қатар: Мәтінде Күлпаштың сыртқы кескін-келбеті суреттелген тұсты жаз.

2-қатар: Қали мен қазіргі балалардың өмірін салыстыр...

            Венн диаграммасы.

             Қали                  Қазіргі бала

3-қатар:Мақтымның отбасына сипаттама бер...

Бекіту:Бейнетаспа "Күлпаш" (Оқушылар ойы)

Қорытынды: Мәтіннің негізгі идеясы не?(Кедей отбасының ауыр тұрмысы)

Мәтін мазмұнына байланысты қандай мақал-мәтел айтар едің?

Мәтінді сахналау. (ІІ бөлімді)

Үйге тапсырма: Б.Майлин «Күлпаш» әңгімесінің мазмұнын айту.

Бағалау:Сабаққа қатысқан оқушыларға баға қою.