СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Менің елім Қазақстан" 3 сынып

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ "Менің елім Қазақстан" бастауыш сыныпта

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Менің елім Қазақстан" 3 сынып»

Сабақтың тақырыбы: «Менің елім - Қазақстан».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Отанды сүюге баулу. Туған жерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: бейнелі суреттер, кітаптар, слайд, карта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка.

Сабақтың барысы:

1.           Ұйымдастыру кезеңі.

А) оқушыларды түгелдеу және сабаққа даярлықтарын тексеру;

     Оқушылармен сәлемдесу – қуаныш шеңберді құру.

Таң атты: «Қайырлы таң!» - деп,

Күн шықты: «Қайырлы таң!» - деп,

Жел есті: «Қайырлы таң!» - деп.

-    Қайырлы күн! Жақсылық баршаңызға!

 

Бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Өлеңді тыңдау

Қазақстан.

Қазақстан елім менің,

Қазақстан жерім менің.

Саған арнап айтылады

Әнім менің.

 

Алатаудың аясында,

Гүл жайнаған саясында,

Гүлге ұқсап өсіп келем,

Үлкендікке көшіп келем.

Қазақ жері Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан.

Алыс кетсем сағынамын,

Отаным сен – Қазақстан.

2. Балаларға сұрақтар қойылады:

-         Отан дегеніміз не?

-         Отан дегеніміз туып-өскен жеріміз. Әр халықтың өз Отаны болады.

-         Біздің Отанымыз қалай аталады?

-         Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.

-         Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-         Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет.

-         Еліміздің елордасы қай қала?

-         Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы.

-         Балалар, желтоқсан айының 16-сы күні қандай мейрам?

-         16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.

-         Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл болады?

-         Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл болады.

 

1 оқушы жаттаған өлеңді айтады:

Он алтыншы желтоқсан –

Елдің ұлы мейрамы,

Жаңа шыққан көктемдей,

Жаз күніндей жайдары.

Арымыздай тап-таза,

Жанымыздай шуақты

Көтерілді биікке

Қазақстан байрағы.

 

-         Мемлекеттік рәміздерді атаңдар. (әнұран, ту, елтаңба)

Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып айту:

1)    Елтаңбада ..., ...,  ...  бейнеленген.

2)    Елтаңбаның түсі ... және ... .

3)    Елтаңбаның ....  .... бес бұрышты жұлдыз бар.

4)    «Қазақстан» деген жазу елтаңбаның ....  ... .

 «Карусель» әдісі

«Қазақстан » тақырыбына байланысты суреттер топтарға таратылады . Сол суреттер арқылы әр топ таныс сөздерін, сөз тіркестерін жазады, келесі топқа береді, ал келесі топ тағы да басқа сөз бен сөз тіркестерін толықтырады.

Алғашқы топ өздерінің тапсырмасын қайтып келгенде оқиды.



3. Мақалдарды түсініп оқу, жаздыру.

1.     Жері байдың елі бай.

2.     Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып жазыңдар, жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Наша Родина, большая роща, чистое озеро, красивый город, дружный народ, наша Республика, маленький аул, богатый край.

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Мен Қазақстанда .... . Бұл - .... мемлекет. Біздің мемлекетімізде .... ұлт өкілдері тұрады. Қазақстанда ..., .... . Біздің Отанымыздың табиғаты ... . Қазақстанның елордасы - ... ... . Мен ... тілді білемін. ..., ... тілдерді меңгеріп жүрмін. Мен өз елімді ... .

 Кроссворд шешу

1.     Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл.

2.     «Мама» сөзі қазақшаға қалай аударылады?

3.     «Закон» сөзі қазақшаға қалай аударылады?

4.     «Дедушка» сөзі қазақшаға қалай аударылады?

5.     Қазақстанның қай қаласы көмірге бай?

6.     Біздің облысымыз Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

7.     ҚазақстанРеспубликасының валютасы.

8.     «Село» сөзі қазақшаға қалай аударылады?

Қ

а

з

а

қ

т

і

л

і

А

н

а

 

З

а

ң

 

А

т

а

 

Қ

а

р

а

ғ

а

н

д

ы

С

о

л

т

ү

с

т

і

к

Т

е

ң

г

е

 

А

у

ы

л

 

Н

а

з

а

р

б

а

е

в

5. - Балалар, сендер біздің мемлекетіміздің болашағы. Бүгін жақсы оқып, ертең еліміздің абзал азаматтары боласыңдар. 

         Қазақстанның шаңырағы биік болсын, үйінің қабырғасы кең, іргесі берік болсын!

«Жүректен-жүрекке» жылы сөздер:

Өзімді-өзім жақтаймын,

Денсаулықты сақтаймын,

Жүректе жылуы соншама,

Тілейміз саулық баршаға!




























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!