СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ өзін-өзі тану

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ өзін-өзі стану

Открытый урок самопознание

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ өзін-өзі тану»

Өзiн-өзi тану пәнінен ашық сабақтың жоспары



Мектеп: «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Тақырып__ Мен елімнің азаматымын

Құндылық__Сүйіспеншілік

Қасиеттері: _ туған жерге деген сүйіспеншілік, тілін құрметтеу, салт-дәстүрлерін қастерлеу, Отан анаға тағзым

Сынып: 4

Мұғалім: Ақбар Л. Б


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «Отан» , «ел», «Отанға құрмет», «Сүйіспеншілік» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері:

Білімділік: туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;


Дамытушылық: елге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;


Тәрбиелік: елжандылыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: төртінші сыныптың өзін-өзі тану оқулығы, арнай дәптер, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, слайд.

Сабақтың әдістері: тыныштық сәті, интервью әдісі, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, жаңа ақпарат, тапсырма, дәйексөз, дәптермен жұмыс

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

5 «Т» ережесін еске түсіреміз.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

  1. Тыныштық сәтi.

(ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН)


  1. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. «Қанағат », «Ақыл», «Рахым» оқушылар өз топтарының мәнін ашу үшін сұрақтар қойылады. «Шапалақ әдісі» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.


  1. Үйге тапсырма ретінде оқулықтағы тапсырма беріледі. Дәптердегі нақыл сөздерді оқып мағынасын түсініп алыңдар және өмірде қолданыңдар. Оқушылар үй тапсырмасын «Интервью , журналист» әдісі арқылы сұралады.



Жаңа сабақтың дәйексөзі.

«Ел іші – алтын бесік»

Халық мақалы


  • Халық нақалын қалай түсінесіңдер?


«Ел іші – алтын бесік» деп халық тегін айтпаған.Әрбір адам туғаннан – ақ ел бесігінде тербеледі.Олай дейтініміз ол сол жердің топырағында өсіп,суын ішіп,ауасымен тыныстайды,табиғатымен біте қайнаса,адам болып қалыптасады,өскен ортасының тәрбиесін алады.Сол себепті өз елінің азаматы ретінде Отанына жанашырлықпен қарайды,суығына төзеді,жақсылығын бірге бөліседі,барлық уақытта да халқымен бірге болады.



Әңгімелесу.

Оқулықта берілген тоқсан үшінші беттергі Сырбай Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін » әңгімесін үш топ кезек- кезектен оқиды және сұрақтарға жауап береді.

  • «Туған жерсіз адамның күні жоқ» дегенде нені түсінесіңдер?

  • Сендерге өз елің несімен ыстық?

  • Сендер өз еліңді қадірлейтіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар?



Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың туған ел туралы түсініктерін кеңейту мақсатында сахналау ұйымдастырылады.

  • «Сағынған ер елін аңсайды,

Саралы қаз көлін аңсайды»,- демекші ауылыма жеттім-ау!

  • «Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас » - деп бекер айтылмаған ғой,құрдас.

  • «Ел іші- алтын бесік» - ауылдан алыстап қайда барамыз.

  • «Пәлен жерде пайда бар,

Өз жеріңдей қайда бар» - кіндік қанымыз тамған жер қашанда ыстық қой!

  • «Туған жердің жуасыда тәтті ғой шіркін!»

  • Айтпа құрдас! «Әркімнің өз жері жұмақ»

  • «Туған жердің жері де көрікті,

Елі де сүйікті» - деген рас-ау!

  • «Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары» - екенін ұмытпайық.


Екі оқушының «Туған ел» тақырыбындағы диалогі тыңдалады.

2- тапсырма

Үш топқа тақырыптар ұсынылады.

  1. Топқа: «Туған жерім- тірегім»

  2. Топқа: « Аяулы өлкем»

  3. Топқа: «Елімді мақтан етемін»


Дәптермен жұмыс

Тапсырма: Дәптерде берілген өлең жолын жалғастырып өз ойларыңмен жазыңдар.

Топпен ән айту.

«Атамекен» әні


Өлеңін жазған: Қадір Мырза Әли

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев


Үй тапсырмасы.


Сұрақтарға жауап беру.

  • Өз туған жерлеріңнің қандай артықшылығын білесіңдер?

  • Ата-бабаларыңның туған жері туралы не білесіңдер?


Бағалау.

Сабаққа өте жақсы қатысып отырған, оқушыларды мадақтау және үй тапсырмасын беру.

Сабақтың қорытынды сәті


(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»















«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі









Ашық сабақтың тақырыбы:







« Мен елімнің азаматымын»









Пән мұғалімі: Ақбар Л.Б.









2018-2019 оқу жылы