СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Салыстырмалы шырай" 7-сынып

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары 7-сыныпқа арналған.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін  дамыту мақсатында сабақ жоспары үш тілде құрастырылған.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Салыстырмалы шырай" 7-сынып»

Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім: Ниязбекова Г.Б

Сынып:7 «а»

Сабақ тақырыбы:

Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары

Жалпы мақсат:

Білімділік: Сын есімнің шырайлары туралы түсінік беру. Салыстырмалы шырай туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды достыққа, сыйластыққа, нақтылыққа тәрбиелеу;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайд,кәртішкелер

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Оқушылармен амандасу үш тілде

-Сәлеметсіздер ме,здравствуйте,good morning!

  1. Шеңбер құрып, бір-біріне үш тілде сәттілік,жылы лебіздер айтқызу

Бір-бірінің қолдарын ұстап, жылы сөздер айтып,сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру

5 мин









Қызығушылықты ояту

3 мин

«Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы оқушыларға өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтары беріледі.

  • Сын есім дегеніміз не?

  • Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  • Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  • Сын есімдерге мысал келтіріңдер

  • Сын есімнің түрленуі деген не?

  • Сын есімге үш мысал келтіріңіз

Сабақтың тақырыбын тапсырма арқылы айқындау. Сөйлемнен сын есімі тауып, сипаттама беріңдер.

Көгілдір аспанда бозторғай ән салады.

. -Оқушылар, мына сөйлемдердегі не мақсатпен аталған аспанның қандай сипаттамасын байқадыңдар?

-Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбын кім біледі?

Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады. Дәптерлеріңе күн,сабақтың тақырыбы жазылады.

Талдау,жинақтау,қорыту


















Жаңа тақырып

7 мин






Слайд 4-7 арқылы түсінік беру

Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, терең-тереңірек, көк-көкшіл т.б

Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады.

–рақ,-рек,-ырақ,-ірек

–лау,-леу,-дау,-деу

–аң,-қай,-ша,-ше

–шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім


Пысықтау

5 мин



3 мин



Сергіту сәті

2 мин

1.(Ж) Слайд 9 . Берілген суреттер бойынша салыстырмалы шырайға сөйлемдер құрыңдар.Берілген суреттердің атауларың орыс, ағылшын тілдерінде атаңдар. Көбелек -бабочка-butterfly,көк-синий-blue,алма-яблоко-apple, жүрек-сердце-heart,үй-дом-house


Оқулықтағы тапсырманы орындау.48-жаттығу

2.Тақтамен жұмыс: Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып,жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар.

Ауыр-лау, сирек-теу, көр-гіш, сарғыш-тау, ақ-шылтым, қышқылт-ым, терең-ірек, тәуір-леу.



7 мин

3. (ЖЖ)Шығармашылық жұмыс. Шашылып қалған сөздерден мақал-мәтелдер құрып,мағынасын түсіңдіріңдер,анықтауыш қызметіндегі сөздерді атаңдар.

*Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.

*Өнер алды – қызыл тіл.

* Народная дружба и братство - дороже всякого богатства.

*A friend in need is a friend indeed.(друзья познаются в беде)

Оқушылар тіл туралы ,отан,достық туралы түсініктерін талқылайды

Бекіту

3 мин

«Адасқан жұрнақтар» ойыны

слайд 10

Сабақта алған білімдерін түйіндеу

Қорытынды

3 мин

Кластер

Салыстырмалы шырай

Алған білімтерін қорытындылайды

Үйге тапсырма

2 мин

Салыстырмалы сын есім шырайларын қатыстырып 5 сөйлем құрастыру.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

2 мин

Өзін-өзі бағалауы

Рефлексия

1 мин

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!