СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ " Тәуелсіз елім- Қазақстан!"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды қазақ елі, тәуелсіз мемлекет сөздерінің мағынасын түсіндіру, түсініктерін терең және жан-жақты қалыптастыру. Ойындар арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ " Тәуелсіз елім- Қазақстан!"»




Ситахметова Айгул Кайранбаевна

Қазақ тілі мұғалімі:КҚМҚ«Березка балабақшасы»


Сабақтың тақырыбы: "Тәуелсіз елім-Қазақстан"





Балалардың бойында қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Түсініктерін терең және жан-жақты дамыту.. Қазақстанның рәміздері( Ту, Елтаңба, Ән-ұран) туралы білімдерін толықтыру. Ойындар арқылы балалардың қазақ-тіліне деген қызығушылығын арттыру. Отанды қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу.



Мақсаты: Қазақстан рәміздері туралы түсініктерін кеңейту.Мемлекеттік рәміздерді танып білуге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:Балалрдың сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс, анық айтуға тілдерін жаттықтыру.

Балаларға қазақ тілінде тақпақтар, жаттату арқылы тілдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін жақсарту.

Сабақтың көрнекіліктері: Ту, Елтаңба, Әнұран, Қазақстанның картасы, себет, жемістер мен көкөністер, карточкалар ойыншық ұшақ.

Билингвальдық компонент: Ту-флаг, Елтаңба-герб, Әнұран-Гимн, Ұшақ-сомолет, Отан-Родина, Мемлекет-государство. Мать-ана, қызыл-красный, жасыл-зеленный, жемістер- фрукты, көкөністер-овощи.


Сабақтың барысы.


Мұғалім: -Қайырлы таң, балалар!

- Қайырлы таң, қонақтар

-Армысың, алтын күн!

-Армысың кең далам.

- Армысың, жан досым!

-Жылуыма жылу қос,

-Міне, менің қолым бос

-Балалар, менің қолымдағы жүрекшені бір-бірімізге беріп, жылы лебіздерімізді білдірейік.!

-Ашық аспан тілеймін!

-Тыныштық болсын!

-Бақыт тілеймін!

-Әрқашан күн сөнбесін!

-Күніміз көңілді өтсін!

-Балалар мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер дұрыс жауап беруге тырысыңдар.

- Біз қандай Республикада тұрамыз?

- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Сендер қандай ауылда тұрасыңдар?

-Біз Шахан кентінде тұрамыз.

-Сендер қандай балабақшаға барасыңдар?

-Біз "Березка" балабақшасына барамыз.

-Біз қандай мерекені тойлаймыз?

-Қазақстанымыздың тәуелсіздік алған күнін тойлаймыз.

1991 жылы 16 желтоқсанда біз өз алдымызға жеке мемлекет болып тәуелсіз ел болдық. Әр мемлекеттің өзінің тілі, діні, рәміздері болады.

-Қане, бәріміз орнымыздан тұрып ән-ұранды орындайық.

(Ән-ұран орындалады,балалар отырады)

(Есік қағылып хат беріледі)

-Балалар, бізге Қазақстанымыздың елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан хат келіпті.(хат оқылады)

" Құрметті балалар, мен сендерді Қазақстанымыздың тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Менің сендерге жолдаған тапсырмам бар, егер сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар Қазақстанымыздың туын, көлін, орманын, жануарларын көре аласыңар. Әзірше не екені құпия"

хат жолдаған: Н.Ә. Назарбаев.

Тапсырмалар түрлі-түсті конветтерде салынған.

-Неше тапсырма беріпті санайық. (балалар қазақша санайды)

-Бір, екі, уш, төрт.

-Қане, Максим өзің таңдаған конвертті ала ғой. Қандай түсті таңдадың?

-Мен қызыл түсті таңдадым.

Бірінші тапсырма:

-Қазақстанның рәміздерін ата?

-Ту, Елтаңба, Ән-Ұран.

( тақтаға рәміздердің жеке-жеке суреттері ілінеді)

-Тудың түсі қандай?

-Тудың түсі көгілдір.

(балалар тақпақтар айтады)

-Елтаңбада не бейнеленген?

Ту-Флаг

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Елтаңба- Герб

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер төккен.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім,елтаңбам.

Әнұран- Гимн

Әнұраным, жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Әнұраным табынарым.


Туған жерде өскен қандай бақытты,

Туған жерде сүрем өмір шаттықты.

Сұлу көркің жүрегімді жырлатты.

Туған жерім, бар асылдан қымбатты.


Бірінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар, қызыл түсті аламыз.

(келесі бала екінші тапсырманы алады, түсін қазақша айтады)


Екінші тапсырма: "Не артық?"

Мына үй жануарларының ішінде қайсысы артық?

Жылқы, сиыр, қой, ешкі, жолбарыс.

-Жолбарыс артық

-Неге олай ойлайсың?

-Жылқы сиыр, қой, ешкі-үй жануарлары. Жолбарыс-жабайы жануар.

Нан, сүт, қант, балмұздақ, кесе.

Кітап, дәптер, қалам, қарындаш, алма.

Құлақ, көз, қас, шаш, нан.

Екінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар, (картаның бір шеті ашалады)


Сергіту сәті: Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.


Үшінші тапсырма: "Жемістер мен көкеністердің қазақша атауларын дұрыс ата, тиісті себеттерге сал" Тақтада екі себет ілініп тұрады балалар алған жемістерімен көкөністердің қазақша атауын атап екі себетке бөліп салады.

-Мынау- қызыл алма. Бұл жеміс.

-Мынау- қызыл сары сәбіз. Бұл көкөніс.(тиісті себетке осылай салып шыгады)Үшінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар картаның үшінші шеті ашылады.

Төртінші тапсырма:

Ойын: " Сөздерді қазақ тілінде аудар" ( допты бір балаға лақтырып орысшасын айтамын, ол допты кері қайтарып қазақша аудармасын айтады, осылай барлық бала қазақша орысша аттарын атап шығады)

Родина-Отан

Семья-Отбасы

Государство-мемлекет

Дружба- Достық

Мать-Ана

Флаг-ту

Жақсы -хорощо

Рахмет- спасибо!

Төртінші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Жарайсыңдар!

-Біздің құпия суретіміз не болып шықты?

-Қазақстанның картасы. Қазақстанның картасынан біз барлық өзен-көлдерді, тау-тасты, Қазақстанның барлық қалаларын аң-құстарын көріп тұрмыз. Балалар өздері картадан көрсетеді.

Қане, балалар бәріміз тұрайық, үлкен шеңбер құрайық.

-Балалар, сендер ұшақпен ұшып көрдіңдер ма?

-Ұшқыларың келе ме?

(ия, ұшқымыз келеді)

-Ал, ендеше бәріміз ұшаққа отырып ұшайық.(Музыка әуені ойналады)

-Балалар, төмен қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?(балалар жауап береді)

-Тау, өзен, орман, теңіз.

(Балалар өздерін аспанда қалықтап жүргендей сезініп, екі қолдарын жайып төмен қарап ойларын айтады).

-Міне ұшағымызда жерге қонды.

-Бақшамызға келдік.

-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Несімен ұнады?

(Балалар не ұнағанын айтып жауап береді).

-Маған ұшақпен ұшқан ұнады.

-Маған ойын ойнаған ұнады.

-Маған жемістер мен көкөністерді себетке жинағанымыз ұнады.

Балалар, сендер елбасының берген тапсырмасын дұрыс орындап, құпия суретті тауып әрің сабаққа белсене қатыстыңдар. Қазақ тілінде көп сөз білетіндеріңді көрсеттіңдер. Елбасы сендерді мақтап, сыйлықтар және "Жарайсыңдар бүлдіршіндер" деген жазуы бар медальдар беріп жіберіпті.

(балалар қуанады)

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!