| Жаңылтпаш жаттау: Иса мәшине жуса, Мұса да мәшине жуады. Сергіту жаттығуы: Музыка әуенімен мәшиненің рулін айналдырып билеу. Дидактикалық ойын: «Автосалон». Бір бала мәшине сатушы болады. Қалған балалар көлік сатып алушылар болады. Көлік сатып алушылар бір көлікті сипаттайды, ал көлік сатушы ол қандай көлік екенін тауып, оны алып береді. Әліппе-дәптермен жұмыс: 2-тапсырма. Жұмбақ шешейік. Төбесінде ебелек, Ұшады ол керемет. (Тікұшақ) Табанында жолы бар, Төбесінде қолы бар. (Трамвай) Арқасында ауыл жүр, Ала тайым шауып жүр. (Автобус) 3-тапсырма. Суретті толықтырып сал. 4-тапсырма. Дидактикалық ойын: «Сөйлемдерді толықтыр». Педагог сөйлемді толық айтпайды. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырады. Мысалы: Егер жермен жүрсе бұл ... (жер) көлігі. Олар: КамАЗ, автобус, өрт сөндіргіш мәшине. Егер сумен жүрсе бұл ... (су) көлігі. Олар: кеме, қайық, катер. Егер әуеде ұшса, бұл .. (әуе) көлігі. Олар: ұшақ, тікұшақ, зымыран. Педагог балалармен қоғамдық көлікте ережелерді сақтау туралы әңгімелеседі. Ережелерді балалармен бірге талқылау. Қоғамдық көлікке ешкімді итермей, асықпай кір. Айналадағы адамдармен сыпайы сөйлес. Көліктің ішін ластама, орындықты сызба. Жолақысын уақытымен төле. Үлкен кісілерге орын бер. |