СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Үйшік ертегісі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үйшік ертегісін мазмұндау, толықтырып, жатқа айту.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Үйшік ертегісі"»

МҚКҚ №7 с/б















Ашық сабақ

Театр іс-әрекеті.

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.







Тәрбиеші: Камешева М. Б.

Ортаңғы «А» тобы












Павлодар қаласы





Күні 22.12.2016ж

Білім беру саласы: Вариатив

Бөлімі: Театр іс-әрекеті.

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.

Сабақтың мақсаты:

  • Балалардың тілдерін Пропп карта арқылы дамыту,

  • Третрға деген сүйіспеншілігін арттыру.

  • Балаларды достыққа, бірлікке баулу, аңдарды қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, сахналау, жұмбақ жасыру,

бағалау.

Көрнекіліктер: Пропп карта суреттері, тышқан, бақа, қоян, түлкі, аю.

Сөздік жұмыс: Үйшік

Билингвалдық компонент: Ертегі-сказка

Шаттық шеңбері:

Балалар «Ертегілер әлемі» әуенімен топқа кіріп, шеңберге тұрады.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, апайлар

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы апайлар бізге қонаққа келіпті, кәне апайлармен амандасайықшы.

Балалар: Сәлеметсіздерме? -Бір кезде есік қағылады,

Тәрбиеші: Балалар тыңдаңдаршы біреу есік қағып тұр. Бұл кім болды екен?

Балалар: Бұл Бақа.

Тәрбиеші: Балалар бізге Бақа ертегілер елінен келіп тұр. Айтындаршы бұл қандай ертегінің кейіпкері?

Балалар: Бұл «Үйшік» ертегісі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Бұл кішкентай үйшік ертегісі, оның ішіне көптеген аңдар тұрғысы келген. Олай болса, «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлерін есімізге түсірейік.

Балалар: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, аю.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы Бақаның қолында хат бар екен. Оның ішінде не жазылған екен, -Балалар Бақа бізге тапсырма ала келіпті ол, жұмбақ екен. Кәне жұмбақты шешіп көрейік.

Бақаның жұмбағы:

«Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады»

  • Бұл не балалар?

  • Қоян.

  • Дұрыс.

  • Енді келесі жұмбақ.

«Қырда жүрер ол жортып,

Інде жоқ бармайтын,

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын.

  • Бұл не балалар?

  • Түлкі.

  • Дұрыс.

Тәрбиеші: Ал, балалар, енді біз сендермен екі орталыққа бөлінейік. Ол үшін «Білім» орталығына баратын балалар кітаптың суретін, «Шығармашылық» орталығына баратын балалар қылқаламның суретін алып орындарына отырыңдар.

  1. Шығармашылық орталығы:

Шығармашылық орталығында біз сендермен алдарыңдағы қоянның бейнесін жұлмалау тәсілі арқылы жапсырайық.



  1. Білім орталығы:

Біз сендермен «Үйшік» ертегісін Пропп карта арқылы сахналайық.

Тәрбиеші: Орманда бір үйшік тұрады. Бір күні тышқан келе жатса сол үйшікті көріп, жақындап сұрайды.

Тышқан: Мына үйшікте кім тұрады?

Тәрбиеші: Ешкім жауап бермейді. Ешкім жауап бермеген соң, ол сол үйшікке кіріп тұрады. Жолда бақа келе жатады. Бақа сол үйшікке жақындайды.

Бақа: Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Ол мен шиқылдауық тышқан, ал сен кімсің?

Бақа: Ол мен бақылдауық бақамын.

Тышқан: Кел бірге тұрайық.

Тәрбиеші: Сөйтіп, олар үйшіктің ішінде екеуі дос болып тұрып жатады. Міне қоянда жүгіріп келіп үйшіктің қасына жақындап сұрады.

Қоян: Мына үйшікте кім тұрады?

Тышқан мен Бақа: Ол мен шиқылдауық тышқанмын, мен бақылдауық бақамын! Ал сен кімсің?

Тышқан мен Бақа: Кел, кір үйге!

Қоян: Мен қорқақ Қоянмын. Менде сендермен тұрайыншы.

Тәрбиеші: Сөйтіп олар үшеуі дос болып тұрып жатады. Одан кейін түлкі келеді.

Түлкі: Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан, Бақа мен Қоян: Ол мен шиқылдауық тышқанмын, мен бақылдауық бақамын, мен қорқақ Қоянмын! Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен қу түлкімін, кіргізіңдерші мені?

Тышқан, Бақа мен Қоян: Жарайды, кір үйге!

Тәрбиеші: Сөйтіп олар төртеуі дос болып тұрып жатады. Сөйтіп аю да келіпті

Аю: Кім үйшікте тұрады?

Тышқан, Бақа, Қоян мен Түлкі: Ол мен шиқылдауық тышқанмын, мен бақылдауық бақамын, мен қорқақ Қоянмын, мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?

Аю: Ол мен маймақ аюмын, мені де кіргізіндерші?

Тышқан, Бақа, Қоян мен Түлкі: Сен үлкенсің, сымайсың?

Аю: Қалай болса да сыямыз?

Тышқан, Бақа, Қоян мен Түлкі: Солай болса кір!

Тәрбиеші: Аю үйшікке кіргенде, ол үйшік сынып қалады.

Аю: Уайымдамаңдар мен сендерге жақсы, үлкен үйшік жасап беремін!

Тәрбиеші: Солай олар жаңа үй салып бірге өмір сүріпті.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Енді балалар Бақаның алып келген ойыны бар екен, сол ойынды ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Қай ертегі екенін тап». Теледидардан ертегіні айтады.

Шарты: Балалар теледидардан қай ертегі екенін табады.

Қорытынды: «Кубизм әдісі» арқылы қорытындылау.

Бағалау, мадақтау. Жұлдызша тарату.