Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жай сөйлемнің түрлерін білу. Жай сөйлем туралы алған білімдерін қорытындылау. Түрлерін ажырата білу.
Дамутышылық: оқушылардың танымдық қабілетін, тілін, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін сүйетін, халқының адал азаматы болуға тәрбиелеу. Мақал-мәтелдер арқылы отаншыл болуға баулу.
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың түрі: дамыта оқыту әдісі
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба, презентация.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
2. Мақсат қою.
II. Қайталау.
1.Сұрақ-жауап әдісін дұрыс қолданып, өткен грамматикалық тақырыптарды қайталау (ауызша).
1. Сөйлем дегеніміз не?
- Қарым – қатынас құралын іске асырудағы адамның ойын айтудың формасы - сөйлем деп аталады. Сөйлем - ойды білдіре алатын тілдің ең кіші бөлшегі.
2. Айтылу мақсатына қарай сөйлемдер қандай түрлерге бөлінеді?
-А) Хабарлы сөйлем.
Айтылу мақсаты баяндауды, суреттеуді білдіретін сөйлем.
Мысалы: Жаңбыр жауды. Дала гүлдермен құлпырды.
-Б) Сұраулы сөйлем.
Жауап алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлем.
Кім, не? Ма,ме, ба,бе, па,пе, ша, ше, ғой, шығар.
Мысалы: Сабағын оқыған шығар.
-В) Бұйрықты сөйлем.
Өтініш, тілек ету, бұйыру мақсатына айтылған сөйлем.
Мысалы: Сабағын оқысын! Күй тартшы!
-Г) Лепті сөйлем.
Көңіл күйді білдіріп, ерекше әуенмен айтылатын сөйлем.
Мысалы: Жағбырдың құйын - ай!
3. Сөйлем құрылысына қарай қандай екі түрге бөлінеді?
- Сөйлем құрылысына қарай екі түрге бөлінеді.
А) Жай сөйлем - бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады
Б) Құрмалас сөйлем – екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.
4. Сөйлемдер атқаратын қызметі жағынан қандай болады?
- Бастуыш , баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
5. Жай сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?
- Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай:
Жалаң , Жайылма , Жақты , Жақсыз , Толымды , Толымсыз сөйлем.
6.Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді атаймыз?
- Жалаң сөйлем.
Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем.
Мысалы: Қонақтар келді.
7.Жайылма сөйлем деп қандай сөйлемді атаймыз?
- Жайылма сөйлем.
Тұрлаусыз мүшелер араласқан сөйлем.
Астана – әдемі қала.
8.Жақты сөйлем деп қандай сөйлемді атаймыз?
- Жақты сөйлем.
Бастауышы бар сөйлем.
Бүгін циркке бардық. (Біздер)
9. Жақсыз сөйлем деп қандай сөйлемді атаймыз?
- Жақсыз сөйлем.
Бастауышы болмайтын сөйлем.Баяндауышыныңжасалу жолы:
- қы, - кі,-ғы, -гі жұрнақты қалау райға кел етістігі тіркеседі.
Айтқым келді.
Тұйық етістікке керек,жөн, мүмкін, тиіс сөздері тіркеседі.
Айтуы тиіс.
-ып, -і,п -п жұрнақты көсемшеге бол сөзі тіркеседі.
Айтып болмайды.
Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, тұрақты тіркес.
Әйнектің тас - талқаны шықты.
10.Толымды сөйлем деп қандай сөйлемді атаймыз?
- Толымды сөйлем.
Айтылуға тиісті мүшелері түгел сөйлем.
Қой арам шөптің 570- ке жуық түрін жейді. (бастауыш, баяндауыш)
11.Толымсыз сөйлем деп қандай сөйлемді атаймыз?
- Толымсыз сөйлем.
Айтылуға тиісті тұрлаулы мүшелерінің бірі түсіріліп айтылған сөйлем.
- Есіміңіз кім болады? – Болат. (бастуышы жоқ)
2. СИНТАКСИСТІК ТАЛДАУ
1.Айтылу мақсатына қарай: хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты.
2.Құрылысына қарай:
1.Жай сөйлем
2.Құрмалас сөйлем.
3.Жай сөйлемнің түрлері:
1. жалаң, 2.жайылма
3. толымды, 4.толымсыз
5. жақты, 6.жақсыз
7. атаулы
4.Сөйлем мүшелері:
а) бастауыш
ә)баяндауш
б)толықтауыш
в)анықтауыш
г)пысықтау
Мысалы: (Подчеркнуть подл исказуем стр213 зеленая книга)
1.Абай бір топ кісімен үйге кірді. (М.Әуезов).
– хабарлы, жайылма, жақты, толымды сөйлем.
2.Қазір осы елдің жүн – жұрқасын жинайтын кім?
- сұраулы, жайылма, жақсыз, толымсыз сөйлем.
3. Белес – белес биік қар.
- хабарлы, жайылма, атаулы сөйлем.
III.Бекіту.
Тапсырмалар:
(1 – ші топ)
Күрделі бастауыштарды тауып, оның қандай жолмен жасалғанын көрсетіңдер.
Ауылдың жаны - терең сай, тасыған өзен гүрілдеп (Абай). Адам тілі тас жарар, тас жармаса, бас жарар (мақал). Сен екуіміз өлмейтін әке тауып алғанымыз жоқ па? (С.Ерубаев). Аудандық оқу бөлімі жұмысқа қызу кірісіп кетті. Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады (мақал). Менің айтып отырғаным – ақыл. Жасы құрдас - құрдас емес, заманы бір - құрдас.
(2 – ші топ)
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
1.Мәтінді оқып, көшіріп синтаксистік талдау жасап, қайсысы жалаң, қайсысы жайылма екенін көрсетіңіздер.
2.Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдаңыздар.
Біздің мектепте әр апта сайын сенбілік өткізіледі. Сынаптар қатысады. Әр сыныптан екі-үш оқушы, көбінесе қыздар, сыныпты тазалауға қалады. Бастауыш сынып оқушылары мектептің ауласын жинайды, сыпырады, жасыл желектерді суарады. Ал жоғары сыныптың оқушылары көше бойын сыпырады. Ағаш отырғызады. Оқушылар сенбілікке еңбек құралдарымен келеді. Біреуі-сыпырғыш әкелсе, екіншісі-күрек, үшіншісі шелек әкеледі. Біз тәртіп сақтаймыз. Берілген тапсырмаларды тиянақты орындаймыз. Қоршаған ортаны, мектеп ауласын, сынып бөлмелерін таза ұстауға-әрбір жасөспірімнің міндеті.
(3 – ші топ)
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңыздар
Нұмағанбет тілін алды. Ол киіне бастады. Нұмағанбет көзге түсті. Ойын-той болмайды. Сәні болмайды. Андрей шақырылды. Алия да құмар. Саусақтары жетпейді. Ол біледі. Марат келеді. Ағаш екті. Жаңбыр жауды. Жер су. Үй жылы. Тәтті қарбыз. Мектеп ауласы. Кино қызық. Сабақ оқы. Өлең айтты.
IV. Қорытынды.
Қорытынды сұрақтар.
1.Анықтауыш деген не?
2.Анықтауышқа қай сөзден қандай сұрақтар қойылады?
3.Пысықтауыштың анықтауышқа ұқсастығы және одан айырмашылығы қандай?
V. Үйге тапсырма.
Жай сөйлемдерді тауып,сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.
Сарай маңындағы жиын да біршама. Кілең ығай мен сығай, жайсаң мен жампоз.
Жыл сайын қоңыр күзде осы төбенің топырағын қанша басса да, Жомарт батыр хан рабатын жаңа көргендей қызықтауға бір тоймайды. Төрт құбыласын сұрықсыз, реңсіз, жадағай жазық дала ала қашқан бұл төбенің сыңсыған ағашы мол. Қолдың саласындай етіп текшелеп еккен жеміс ағаштарының дәл ортасындағы үлкен сарай ерекше көркем. Көк күмбез киіз ұйдің шаңырағындай әсем төңкеріліп, көз қиығын түсірмей өткізбейді. Сарайдың дәл алдында жиегін ақ мәрмармен шегендеген хауыздің мөлдір суы тұнып тұр. Батыр әдейлеп келіп хауызға және бір қарап өтті. Дәл былтырғы қалпы, суы бір елі не жоғарлап, не төмендемепті. Хауыздың тһрт бұрышындағы қолдан құйылған төрт айдаһардың құйрықтары тиер-тиместей мөлтектеп тұр.