Мотивация | Шаттық шеңберін ұыймдастырады. -Айналға қарап,табиғатты тамашалаңдар-бізді қандай сұлулық қоршаған.Өзімізді билеген қуаныш сезімімен бөлісіп,қоршаған әлемге алғыс сөздерімізді айтайық: «Жарық берген,жыл берген, Рахмет саған,күн көзі! Таза ауа сыйлаған, Рахмет саған,аспан! Рахмет саған,самал жел, Салқындығын сақтаған! Рахмет саған,ағашым, Маған әркез панасың!» | Тәрбиешінің ұсынысына қызығушылық білдіреді. Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап айтады. |
Ізденіс ұйымдастыру. | -Балалар бүгін біз седермен табиғатқа саяхатқа шығамыз. Көздерімізді жұмайық. Сұрақ-жауап: -балалар қазір қандай жыл мезгілі? -Көктемде неше ай бар? -Көктемде табиғат қалай өзгереді? -Қандай құстарды білесіңдер? -Балалар табиғат неше түрге бөлінеді? - Жанды және жансыз: Жанды табиғат – өседі, өнеді, көбейеді. Жансыз табиғат – өспейді, өнбейді, көбеймейді. 1. Жанды және жансыз табиғатқа жататын суреттерді екіге бөліп орналастыру. -Балалар қараңдаршы бізге бір топ қарлығаштар ұшып келді. Олардың бізге әкелген хаты бар. Хатты табиғат анамыз жазыпты: 2. Дүрбілерді алып тақада ілініп тұрған «Көктем» суретіне қарап сөйлем құрау керек. Сөйлемнің тірек сызбасын жасайды. Сөйлемде неше сөйлем бар екенін анықтап айту керек. 3. –Балалар ағаштың бұтағында Үкі құсы келіп қалыпты. Ол да бізге бір хат әкеліп беріпті. Тірек-сызба арқылы табиғат туралы тақпақ жаттау. Табиғат біздің анамыз, Жер ана біздің панамыз. Таза болса табиғат, Бізде аман боламыз. Сергіту сәті: Күнде аспанға қараймыз, Қайытқан құсты санаймыз. Үшбұрыш боп тырналар, Көк жүзінде сырғанар. Алақанды ашамыз, Допты қолға аламыз. Сақынаны киіміз, Жаттығуды жасаймыз 4. Табиғат құбылыстарын слайд бойынша атап шығады. Перфокарталармен жұмыс жасайды. 5. Табиғатқа қатысты тыйым сөздерді жаттау. 1. Гүлдерді жұлмаймыз. 2.Ағаштардың бұтақтарын сындыруға болмайды. 3. Табиғатты ластауға болмайды. 4. Орманда өрт жағуға болмайды. 6. Ассоцияция құру. «Табиғат» деген сөзді естігенде сендер қандай ассоцияцияларды көз алдыңа елестетесіңдер. Сендер бір сөзбен тек осы тақырыпқа үш минут ішінде тән белгілерді еске түсіп суреттерін салындар. Сонымен, « Табиғат» - бұл... -Табиғат анадан сендерге хат келіпті: -Жарайсыңдар,атқарған жұмыстарыңа қарап,сендердің табиғатты шынайы бағалап,қорғай алатындарыңды түсіндім. Сондықтан да бүгін мен бәріңе «Табиғаттың жас досы» лауазымын беремін (балаларға марапаттарын таратады) | Қызығушылық білдіріп, әңгімелейді. Сұрақтарға жауап береді. Жанды және жансыз Жанды табиғаттың суретерін ағашқа, жансыз суреттерді тауға іліп қоямыз. Көктемнің суретін құрастырып, әңгіме құрайды. Ол сөйлемнің тірек сызбасын жасайды. Тақпақты бірнеше рет қайталап шығады. Өлең жолдарына сай қимылдарды жасайды Жыл мезгілдеріне сай табиғат құбылыстарын қосады. Ой талқасына салып, Балалар табиғатқа жататын құбылыстар мен заттарды суретін салады. өз пікірлерін білдіреді. Табиғатқа жататын құбылыстар мен заттардың суретін салады |
Рефлексия | -Балалар егер сендерге сабақ ұнаса, сабақта орындаған тапсырмаларды түсінсендер «+», түсініксіз болса «-», бір тапсырмаларды түсінбей қалсаңдар «?» таңбаларын кқтеріндер | - Балалар өздері таңдаған «+», «-», «?» таңбаларын көрсетеді. |