СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Жеңімпаздар"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ әзірлемесі 6 сынып білім алушыларының жас ерекшеліктеріне сай құрастырылған. Тапсырмалар оқу мақсатына сәйкес. Мәтін мазмұны бойынша тақырыбы мен негізгі ойды анықтау, сөйлем соңында тыныс белгілер

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Жеңімпаздар"»

Бөлім:

10-бөлім

Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы

М.Әлімбаев «Шынықсаң, шымыр боларсың» өлеңі.

Ә. Дүйсенбиев «Күшті болсам мен егер».

Мұғалімнің аты-жөні:

Бекмухамбетова С. К.

Күні:

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жеңімпаздар

Оқу мақсаттары

6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;

6.4.5.1 -жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

Сабақтың мақсаттары

Оқушыларды орта көлемді шығармаларды түсінуге, тақырыбы мен негізгі ойды анықтауға, жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдануға үйрету



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері (уақыт)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал туғызу


Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен амандасады, суретте көрсеткен сәлемдесу әрекеттерін көрсетеді.


Біздің әр өткен кездесуіміз - қуаныш. Ал қуанышта кеңпейіл халқымыз не істеген?…Шашу шашқан.

 - Шашу дегеніміз не?… Ол тілек, береке. Біз де береке тілеп, шашу шашайық. (Шашу шашылады).

Келе жатқан Наурыз мейрамымыз құтты болсын!


Сабақтың мақсаттарымен таныстырады.


Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. Сәлемедесу әрекеттері арқылы амандасады, бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.
















Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл Сұрақтар қояды

  1. Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады?

  2. ҚР қандай әйгілі спортшыларын білесіңдер?


Жақсы, бүгінгі күні мен тақырыбын жазып алайық. Аптаның дәйексөзі «Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік»


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.










Сөздікпен жұмыс

апталық – неделя

бағдарлама – программа

қашықтық – дистанция

шаңғышы – лыжник

Жаңа сөздерді бекіту үшін сөздерді септейік

Апталық/ шаңғышы

Оқушылар жаңа сөздермен танысады, аудармасын, айтады, сөздік дәптерге жазып алады.



Оқушылар сөздерді септейді, жалғауларды дұрыс жалғайды, қатесіз жазады.





Дескриптор

Берілген сөздерге жалғауларды дұрыс, жалғайды, қатесіз жазады.

2 б.


Сабақтың ортасы


Оқылым тапсырмасын топпен орындаймыз. Тақиялар арқылы екі топқа бөлінейік.

1 топ/ 2 топ


1 топ «Қысқы олимпиада ойындары»

2 топ «Қазақстан жеңімпаз спортшылары»


Топқа бөлінеді.






Оқушылар мәтінмен танысады, түсініп оқиды, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, қосымша сұрақтарға жауап береді, бір-бірін тыңдайды, бағалайды.



Дескриптор

1.Мәтінді түсінеді.

2.Тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.

3.Сұрақтарға жауап береді.

4 б.

Бір-бірін тыңдап, бағалайды.



Сергіту сәті

«Наурыз – біздің жаңа жыл» ән айту




Сабақтың соңы


«Тыныс белгілері» ережені тыңдап алайық.

Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі.

Жазылым тапсырмасын жұмыс парақтарда орындайық.

ЕБҚБ жұмыс парағы беріледі.

Ережені меңгереді, тапсырмаларды орындайды.





Жұмыс парақта тапсырма орындайды.



Дескриптор

1.Сөйлем соңында тыныс белгілерді дұрыс қояды.

2.Өз мысалдарын келтіріп жазады.

3.Сөйлемдерді сәйкестендіреді.

4.Берілген тапсырмаларды мұқият, қатесіз орындайды.


4 б.


Үйге тапсырма

126 бетте 5-тапсырма




Рефлексия

Оқушылар сабақ бойынша алған әсерлерімен бөліседі. Өз көңіл-күйлерін айтады.