Ашық сабақтың тақырыбы: «Абай – ұлы тұлға»
Мақсаты:
а/ білімдік: Абай өмірі мен шығармашылығына қорытындылау сабақ ретінде шолу жасату. Ұлы тұлғаның әдеби мұрасын оқушыларға зерттете, талдата отырып, оның адамгершілік мұраты мен сезім-ой тереңдігіне бойлату арқылы шәкірттерді көркем сөздің құдіретін түсіне білуге үйрету.
ә/ тәрбиелік: шәкірттерге ақынның ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ой-толғауларын сездіре отырып, оларды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Поэзия құдіреті арқылы оқушы сезіміне әсер ете отырып, данышпан ұлы жанды құрметтеп, үлгі тұтуға үйрету.
б/ дамытушылық: оқушылардың ой-белсенділігін дамыту, еске түсіру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ оларды шешен сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Конференция сабағы.
Сабақтың техникалық құралдары: Ақпараттық коммуникативтік технологияларының элементтерін пайдалану, мультимедиялық проектор.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой-белсенділігін дамыту әдісі, сахналық шағын көрініс және Абайдың «Көзімнің қарасы» атты әні орындалады.
С/көрнекілігі: Ақынның шығармалары туралы кітаптары. Кітап көрмесі, буклет, рефераттар, портреті, «Шығарма-мінездеме» мен «Әдебиет лотосы», концептуалдық кесте (кейіпкерлерді бағалау) кестелері, тірек схемалары, слайдтар жинағы. Bilim Land сайтынан №785 Абай Құнанбайұлының «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» шығармасының аудио нұсқасы тындалады, осы шығармаға байланысты глоссарий жаздыру. Bilim Land сайтынан №797 Абай Құнанбайұлының алтыншы қара сөзінің аудио нұсқасы тындалып, талдайды және глоссариймен танысады. «Қыс», «Күз» өлендері мен «Ескендір» поэмасының аудио-видео нұсқасы тындалады. Крыловтан аударған « Шегіртке мен құмырсқа» аудио-видеосы көрсетіледі.
Көрініс: Стол үсті: ақынның суреті, ақынның шығармалары, оқушылардың жазған жобасы, мақаласы, рефераттар.
Жүргізуші: /Сабақтың эпиграфы / Қ. Мырзалиев кемеңгер Абай туралы былай деді :
Өмірге кінә тақсам да, Сап-сау қол, сап-сау аяқпен
Өлеңге тағар мінім жоқ. Тұғырға біз бе алаңдар :
Орынсыз кейде қалсам да, Атадан қалған таяқпен
Ойсыз бір қалған күнім жоқ. Абайдан қалған қалам бар
3-ші плакат. Абайдың шығармашылық жолына арналған схемасы.
Жүргізуші: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын Республика көлемінде атап өту туралы биыл 30 мамырда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бекітілді. Осыған орай мерейтойды дайындау, өткізу жөнінде комиссия құрылды. Үкімет һәкім Абайдың мерейтойын ел көлемінде атап өту үшін 500-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлаған.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Біздің колледжімізде осы мерекелік шарадан қалыс қалмай Ұлы данышпан Абай атамыздың 175 жылдығына арналған ашық сабақ «Абай – ұлы тұлға» атты шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Міржақып Дулатлов айтқандай: « Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Ең жоғары, ардақты орын – Абайдікі.»
Сабақтың барысы: ұйымдастыру,оқу құралдарын тексеру, дөңгелек үстел.
Көрініс: конференцияны басқарушыларға арналған дөңгелек үстел, оған отыратындар:
1. Әдебиетші /Абайдың өмірі туралы таныстыру/.
2. Лирик /оқу-білім, ғылым және табиғат лирикасы туралы/.
3. Аудармашы /аудармаларымен таныстыру/.
4. Философ /қара сөздері туралы/.
5. Абайтанушы /Абай туралы қорытындылап өз ойын айту/.
Абай Құнанбаевтын шығармаларына «Шығарма-мінездеме» мен «Әдебиет лотосы» кестелері бойынша талдау жасау/.
6. Композитор /ақынның әндері туралы және «Көзімнің қарасы» атты өлеңі орындалады/.
Оқытушы сөзі: Осы бүгінгі ашық сабағымыз «Ұлы Абайдың 175 жылдығына » арналып отыр.Ұлы данышпан Абай атамыз барша өмірін халқына арнаған, ел мүддесін , қара басының қамынан жоғары қойған ұлтжанды жан. Оның бойында ерекше бір сүю сезімі бар. М.Әуезов тілімен айтқанда ол жай сүю емес, жанынан артық көріп жұртын сүю сезімі, халқын сүю сезімі. Бұл сүюден қасиетті сезім жоқ.
Жүргізуші:
«Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын,»- деп ұлы Абай ел алдындағы парызын өтеуде « ата баласы емес, адам баласы » екенін дәлелдейді. Ұлы жанның ұлылығы осы болса керек.
Ұлылық , данышпандық , өлмес сөз , өзгермес ой қалдырса , ол – Абай сөзі . Абай даналығы .
Ал енді әдебиетшіге сөз беріледі .
Жауап : Кемеңгер Абайдың өмірі туралы /Аліпқали айтып береді . /
Оқытушы сөзі: Абай кім ?
Жауап : Абай – ақын, лирик, аудармашы, философ. Мұғалім : Абайдың лирикалық өлеңдері қандай тақырыптарға арналған, кім айтады ?
Жауап : Оқу-білім, саяси-әлеуметтік, табиғат, достық, махаббат лирикаларына арналған. /Шығармашылығы туралы -Алталиева./
Оқытушы сөзі: Оқушылар , Абай өлеңдерінің көпшілігі феодалдық қоғамды, ел билеу, басқару
жүйелерін сынауға арналды. Өмір сүрген ортаның әділетсіздігі, сол ортаны билеп отырған үстем тап өкілдерінің екі жүзділігін, сол ұнамсыз типтердің мінез-құлықтарын
жыр бұлағына айналдырды.
Олай болса Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасына жататын өлеңдерін атаңдар және кім жатқа мәнерлеп , оқып береді ?
Жауап : « Сабырсыз, арсыз, еріншек », « Қалың елім, қазағым , қайран жұртым »,
« Сегіз аяқ », т.б.
Bilim Land сайтынан №785 Абай Құнанбайұлының «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» шығармасының аудио нұсқасы тындалады, осы шығармаға байланысты глоссарий жаздырамын.
Поэзия минуты : « Қалың елім, қазағым, қайран жұртым ».
Оқытушы сөзі: Ақынның бұл өлеңіне арқау болған жағдайлар қандай еді ? Кімнің қандай пікірі бар ?
Жауап : Бұл өлеңде ақын қазақ елінің қиын да күрделі тағдырына жаны ашиды .
Қалың елі қазағына қорған болғысы келеді . Халықты бірлікке, ынтымаққа шақырады .
Оқытушы сөзі: Ал, оқушылар, кемеңгер ұлы ақынымыздың оқуға , білімге , ғылымға арнаған қандай туындыларын білесіздер ? Кім айтады ?
Жауап : Лирик – /Алталиева/ .
« Ғылым таппай мақтанба », « Интернатта оқып жүр », « Жасымда ғылым бар деп ескермедім », « Әсемпаз болма әрнеге ».
Оқытушы сөзі: Бұл өлеңдерінде ақынның алдына қойған мақсаты не ?
Жауап : Бұл өлеңдерінде ақын жастарды ғылым жолына түсіп, білім алуға шақырады.
Сондай-ақ патшаның оқыту , ел билеу жүйесін сынайды.
Пайда ойлама, ар ойла, қызмет қылма оязға, адал жүріп, адал тұр, - деп жастарға үгіт-насихат сөз айтады.
Оқытушы сөзі: Олай болса ақынның осы туындыларына байланысты өлеңдерін кімдер жатқа оқып береді ?
Поэзия минуты : « Ғылым таппай мақтанба », « Интернатта оқып жүр », « Жасымда ғылым бар деп ескермедім », « Әсемпаз болма әрнеге » атты өлеңдері жатқа оқылады.
Оқытушы сөзі: Ұлы тұлға – Абайдың табиғат лирикасына арнап жазған өлеңдерін атап
беріңдер ?
Жауап : « Жаз », «Күз », « Қыс », « Жазғытұры » , т.б.
Оқытушы сөзі: Осы табиғат лирикасы туралы кім айтады ?
Жауап : Лирик – /Алталиева / табиғат лирикасы туралы түсінігін айтады /
Табиғат лирикасына арналған өлеңдерін кім жатқа айтып береді ?
Поэзия минуты : « Қыс », « Күз », « Жаз », « Жазғытұры » атты өлеңдері жатқа оқылады.
Абайтанушы /Абай туралы қорытындылап өз ойын айтады және «Абай Құнанбаев шығармаларының тіл ерекшеліктері» тақырыбында жобаны қорғайды.
Абай Құнанбаевтың шығармаларына «Шығарма-мінездеме» мен «Әдебиет лотосы» кестелері бойынша талдау жасайды.
Оқытушы сөзі: Абайдың даналық сөздерін кім айтып береді?
Жауап: /Қадаев айтып береді/
Оқытушы сөзі: Сонымен қатар Абайдың үш поэмасы бар. Кім айтып береді ?
Жауап : « Ескендір », « Масғұт », « Әзім әңгімесі » / соңғысы аяқталмаған /.
Оқытушы сөзі: Соның ішінде елеулісі және көлемді жазылған « Ескендір » поэмасының мазмұнын кім айтып береді?
«Ескендір» поэмасының аудио-видео нұсқасы тындалады.
Оқытушы сөзі: Оқушы поэманың қысқаша мазмұнын айтып береді .
Көрiнiс: Театр өнерiнен үлгi көрсету принципi.
Автор : / Мусайев/ Осы « Ескендір » поэмасы бойынша шағын көрініс көрсетеміз .
Қатысатындар : Ескендір ролінде – Искаков Ерсултан , Аристотель – Орынғали Санжар, Күзетші – Бикеетев Абдуллах .
Оқытушы сөзі: Қане, әдiлет пен даналық алдында бас игендi дәлелдешi.
Автор: Барша жердi қызыл қан төгiспен жаулап келе жатқан
Ескендiр өзiнiң жауынгерлерiмен алтын қақпаға келiп тiреледi
Және қақпаны ашыңдар- деп, ол бұйыра сөйлейдi. Сол кезде
қақпаның ар жағынан бiр күзетшi былай деп жауап бередi:
Күзетшi: -Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,
Мықты болсаң өзiнiң нәпсiңдi жең!
Iшi тар көре алмастың бiреуi сен,
Ондай кiсi бұл жерге келмейдi тең.
Ескендiр: -Талпынған талаппенен мен де бiр ер,
Көп жүрдiм кездей келдi көрмеген жер.
Ең болмаса халқыма көрсетейiн
Сый қылып, белгi болар бiр нәрсе бер.
Автор: Қақпаның ар жағынан күзетшi орамалға түйiлген
Адамның бас сүйегiн лақтырып жiбередi.
Таразыны ортаға тұрғызып, қанша алтын-күмiстi салса дағы, бiр кiшкентай сүектi аудара алмайды.
Аристотель: -Бұл –адам көз сүйегi,- дедi ханға,-
Тоя ма адам көзi мың мен санға?
Жемiт көз жер жүзiне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзiне құм құйылғанда.
Кәпiр көздiң дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де,өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.
Оқытушы сөзі: «Ескендір» поэмасының қандай тәрбиелік мәні бар?
Жауап : Жауыздықты жақсылыққа жеңгізеді, әдiлет пен даналық алдында бас игізедi.
Оқытушы сөзі: Ұлы данышпан Абай Құнанбаев – аудармашы деп айтып кеттіңіздер . Олай болса , ол орыстың ұлы ағартушыларының ішінен кімдердің шығармаларын аударды және мысалдарда жағымсыз қылықтарды әшкерелейтін кейіпкерлері кімдер ?
Жауап : Аудармашы – /Аліпқали/ Абай аудармаларының мазмұны туралы /
Оқытушы сөзі: Енді Пушкин мен Крилов мысалдарынан кім жатқа үзінділерін оқып береді ?
Крыловтан аударған « Шегіртке мен құмырсқа» аудио-видеосы көрсетіледі.
Поэзия минуты : « Татьянаның Онегинге жазған хаты » / қазақша және орыс тілдерінде оқылады / , « Шегіртке мен құмырсқа » мысалының мазмұны мен тәрбиелік мәнін айтып береді.
Көрініс : Үстел үстінде майшам ыдысымен , ақ қағаз , қанаттан жасалған қаламсап .
Сол үстелдің жанында отырып Пушкиннен аударған шығармаларын оқиды .
Татьяна ролінде – Орыс тілінде /Төлегенов/ орыс тілінде оқиды /, келесі Татьяна ролінде – Ғалымжанов / қазақ тілінде оқиды / .
Оқытушы сөзі: Ұлы Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін, тебіренткен ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырлары арқылы бізге жеткізді . Үлкен философиялық ой түйген туындыларын оқыған кезде ұлы Абаймен қол ұстасып , болашаққа , бүгінгі күнге қадам басып тұрғандай әсерде боласың . Ақынның философиялық шығармаларына келсек , оның қара сөздері туралы кім айтып береді ? Абайдың қара сөздерінің тақырыбы туралы айтылады .
Оқытушы сөзі: Абайдың қара сөздерін кім жатқа оқып береді ?
Жауап : Философ – Айда-24, Сайфедин -21, Қадаев-19, Құсенова К-17 қара сөздерін оқушылар жатқа айтып береді .
Bilim Land сайтынан №797 Абай Құнанбайұлының алтыншы қара сөзінің аудио нұсқасы тындалып, талданады және глоссариймен танысады.
Енді бүгінгі ашық сабағымызды аяқтай келе сөз кезегін абайтанушыға береміз (жоба қорғау).
Жауап : Бүгінгі ұрпақ, бүкіл әлем Абайды қатты құрметтейді, ақынның жүрек қылын шерткен тамаша шығармаларын тамсана оқимыз . Сондықтан да Абай мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жаңарып, шапағатын төге бермек .
Ұлы бабамыздың бізге берген еншісі – ол мол әдеби мұрасы . Кемеңгер тұлға Абай қандай : « Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат » секілді қасиеті бар жоғары саналы адам болмай, дамыған қоғам жасалмайтынына көзі жетті . Сондықтан да адам бойындағы жат қылықтарды аяусыз әшкереледі ...
Аз өмір сүріп, азапта өткен ақын бүгін бізбен мың жасап отыр .
Оқытушы сөзі: Абай - әрі композитор, себебі ол өзінің көптеген өлеңдерін әнмен шығарған.
Оқушылар Абайдың әнмен айтылатын қандай өлеңдерін білесіздер ?
Жауап : « Көзімнің қарасы », « Айттым сәлем Қаламқас », « Сегіз аяқ » т.б.
Оқытушы сөзі: Біздің арамызда өнерлі ұл-қыздар да аз емес ..!
Абайдың « Көзімнің қарасы » атты әнін Сайфедин Сұлтан орындап береді .
Ширату кезеңі: Оқушыларға суреттер беріледі немесе слайдтан көрсетіледі, әр топтың көшбасшысы суретті пайдалана отырып, ақынның шығармасына байланысты қысқаша өз ойын әңгімелеп береді. Оқушылар шеңбер құра тұрып, бүгінгі дөңгелек үстелде өткен кештің тақырыбына байланыстырып, жағымды кейіпкерлердің бейнесін өз бойларына сіңіре отырып, бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді.
«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша сұрақтар қою:
1. Абайдың сөз өнері, ән-күй жайындағы пікірлерінің жаңалығы неде? Оның әдебиет пен өнердің халықтығы туралы ойларының орыстың революционер-демократтарының пікірлерімен үндестігі қандай?
6. Абай лирикасындағы халык деген ұғым нені білдіреді, ақынның халыкпен байланысы қандай және ол қалай көрінеді?
3. Абайдың табиғат лирикасының ерекшелік сипаттары қандай? 4. Пушкин мен Абайдың шығармашылық байланысы неде деп түсінесіндер? Пушкиннің Абайға әсері қандай?
5. Лермонтов пен Абайдың үндестігі, өзіндік айырмашылығы неде? Абай сыншылдығының, көңіл-күйінің оның өлеңдеріндегі көріністері қандай?
6. Крылов мысалдарын аударудағы Абайдың мақсаты не? Оның аудармаларының ерекшеліктері туралы әңгімелеңдер.
7. Абай қара сөздерінің басты тақырыптары, оның өлеңдерімен үндестігі қандай?
8. «Ескендір» поэмасының идеялық-мызмұнын талдаңдар?
Үй тапсырмасы
«Абай туралы мен не оқыдым?» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.
«БҚОӘББ Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК
«Бекітемін»
директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасарының м.а.
______ Г.Ж.Абилькаримова
«___» __________2020 ж.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға - Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ашық сабақтың тақырыбы: «Абай – ұлы тұлға»
Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы
Акишева З.И.
Орал-2020ж.
Келісілді: Қаралды:
Колледж әдіскері Тілдер ПЦК-сының төрайымы
________ А.М.Қайырлиева _________ А.М.Мизамова
«__» ___________ 2020ж. Хаттама № _____________
«__» __________ 2020ж.