Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.
Пән/Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Ғарышқа саяхат»
Тақырыбы/Тема: «Аспан әлемі»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың қиялын дамыту. Сурет салу кезінде түсті ажырата алуы, қылқаламды дұрыс ұстап, өздігінен жұмыс кезінде заттарды дұрыс орналастыра білуге және ұқыптылыққа үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Ғарыш аспан әлемі ғажайыптарын қарапайым қимылдар арқылы бейнелеу. Балаларға түнгі аспан ,жұлдыздар,аспан әлемі туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: бейнетаспа, жұлдыздар,түнгі аспан суреті,сары түсті бояу, қылқалам, қара түсті қартон қағаз.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: ай-луна, жұлдыз-звезда, аспан-небо
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: «Жұлдызшы» келеді.
Жұлдызшы : Амансыңдар ма, балаларым? Мен сендерге аспан әлемінен қонаққа келдім. Менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақтар шешу.
1.Алтын кетті,күміс келді.(Ай)
2.Тақиям толған сөк,ерте тұрсам жоқ.(жұлдыз)
Билингвалдық компонент: ай-луна, жұлдыз-звезда, аспан-небо
-Балалар бұл екеуі де,қай мезгілде шығады?
-Түнде.
Жарайсыңдар, мен сендерге ай мен жұлдыз туралы түсінік берейін.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
- Аспан әлемінде Ай, Күн, жұлдыздар мен әртүрлі ғаламшарлар бар. Біздің ағаларымыз ғарышқа ұшып, ғаламшарларға саяхат жасайды.
Балалардың білімдерін тереңдету мақсатында аспан әлемі жайында бейнетаспадан үзінді көрсетіп, жалпы түсінік беру.
Жұлдыз –түнде жарқырап ,көкте нүктедей болып көрінетін аспан денесі.
Жұлдыздар ыстық шарлар деп аталады.Ең ыстықтары көк түсті.Ал,суықтары ақ,сары,қызыл түсті болады.
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде түнгі аспанды бейнелеп саламыз.
Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме? Сендерге ұнай ма? Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан.
-Түнде аспанда нелер болады?
-Жұлдыздар қандай түсті?
-Айдың түсі қандай?
-Түнде аспан қандай түске енеді?
Жарайсыңдар балалар,енді түнгі аспанның суретін салайық.
Көрсету және түсіндіру.
1. Қара түсті картонды алып, парақтың сол жағына айды саламыз.
2.Жұлдыздардың суретін қара картон бетіне сары түспен нүктелер арқылы шашыратып саламыз.
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Жерге қарап жер көрдім.
Оңға бұрылып, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: Амирханға жұлдыздарды шашыраңқы етіп орналастыруды үйрету.
Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»
Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар түнгі аспанды бейнелеу үшін қандай түсті қағазды алдық?
-Түнде ай мен жұлдыз қандай түсті болады?
Балалардың суреттерінен көрме ұйымдастыру.
Мадақтау.