| Мағынаны тану кезеңі Тыңдалым Оқушылар мәтінді тыңдайды, тыңдап отырып, клоуз - тест тапсырмасын орындайды. тапсырма: Ж Мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді жазып шығыңыз. Ғарыш әлемінің құпиясы көп. Оны адамзат әлі _______________ зерттеп болған жоқ. Ежелгі уақыттан бері адамдар ____________ ______________ назар сала қарап, өз бақылауларының нәтижелерін жазып отырған. Аспандағы жұлдыздардың орналасуының жердегі өмірге ықпалы бар деп есептеген. Бұрын _____________ кеменің жолын жұлдыздар бойынша анықтаған. ________________ жұлдызы басты бағдар болған. Ежелгі Қытай астрономдары ____________ аспанды қарай отырып, жұлдыз карталарын құрастырған. Олар жұлдыздардың орналасуы бойынша болашақты болжауға болатынына ____________. Қытай императоры жұлдыз жорамалмен салыстыра отырып, елді _____________ . Түнгі аспан ежелгі жұлдыз зерттеушілерді өзіне тартатын. Жұлдыздар топтарында батырлардың, жануарлардың, құдайлардың сұлбасын көріп, оларға атау берген. Шоқжұлдыз деп қандай да бір пішін құрайтын жұлдыздардың тобын атайды. ____________________ жұлдызды аспанда жөн сілтеуге көмектеседі. Әрбір шоқжұлдызбен қандай да бір аңыз – хикая немесе миф байланысты болған. Қажетті сөздер: толығымен, жұлдызды аспанға, теңізшілер, Темірқазық, түнгі, сенген, басқарған, шоқжұлдыздар «Айырбас» ТЖ Оқушылар топта сағат тілімен айналдыра отырып, барлық жұмыстарды өзара тексеріп шығады. С. Оқушылар тескеру нәтижесі бойынша мәтінді қандай сөздермен толықтырғанын және сол сөздердің орфографиялық нормаға сай дұрыс жазылуын ортаға салады, қателер болса талдайды. «Дастархан» ТЖ 2-тапсырма Берілген сөздерді орфоэпиялық нормаға сәйкес (айтылуы бойынша)шеңберге айналдырып отырып жазып шығыңыздар. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі.  Мысалы: жұлдызды – жұлдұзды Түнгі – түңгі Теңізшілер – теңішшілер Т.б. Уақыт аяқталған соң, жұмыстарын тақтаға іліп, бірнеше жауап нұсқалары тыңдалады. Грамматикалық анықтама: Үндестік заңы Оқушылар таратпа материал бойынша үндестік заңы, дыбыс үндестігінің түрлерімен танысады. Негізгі ақпараттар анықталады. 3-тапсырма: Жоғарыдағы сөздердің үндестік заңының қандай түріне байланысты өзгеріске ұшырағанын анықтап, шеңбердегі сөздердің үстіне жазып шығыңыздар. Жазылым Тапсырма: «Аспан әлемінің құпиялары» тақырыбындағы бүгінгі мәтіндегі ойды аяқтап, қорытынды бөлігін жазып шығыңыз. Ілгерінді, кейінді ықпал түрлерін қолданыңыз. Буын үндестігін сақтаңыз және буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді де қолдануға тырысыңыз. «Автор орындығы» Бірнеше жұмыстар автор орындығында оқылады және талданады. Сабақ соңында оқушылар бағалау парағы бойынша өзін – өзі бағалайды. |