СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы"

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Аты аңызға айналған қазақ халқының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету.

Просмотр содержимого документа
«"Аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы"»



«№1 Предгорное орта мектебі» КММ











Тарих пәні мұғалімі: Аубакирова Н.У











2016-2017 оқу жылы

Аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы

Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету.

 Көрініс «Бейбіт өмір».
(Ауыл өмірі. «Желсіз түнде жарық ай» әні ойнап тұрады. Сахнада 10 шақты ауыл жастары қыдырыстап жүр)

1 - жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқасақ қайтеді?!
1 - қыз: Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық.
(Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні басталып айтылады, қалғандары қосылады. Ән аяқтала бергенде күн райы бұзылып, күн күркірейді.
Радиодан дауыс естіледі.)
Радио дауысы: Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.
(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнадағы адамдар тып - тыныш бола қалады.
1 – қыз: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?
2 - қыз: Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?
Жылап - сықтау басталады.
1 - қыз: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!
1 - азамат: Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер, - деген бар емес пе?!
Жыламаңдар! Көз жастарыңды тыйыңдар!

2 - азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.
1 - азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше Отан үшін аттанайық!
Барлығы: Отан үшін аттанайық.


 1Ж:  Бүгінгі біздің кешіміз  қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған айтулы ұлдарының бірі- гвардия полковнигі,жазушы, Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналады.

: Атыңды аңыз ән қылып,

Жырлайды алыс-жақының.

Ұмытпайды мәңгілік

Халық нағыз батырын!

 



Оқушы:    Есхат  

 Кешіп өтіп кешегі от жалыннан,

Дүниеге ерлігімен танылған,

Кең жауырынды, Талғардай тік иықты

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы,

Данқ туын майдандағы көтерген

Гвардия бөлімінің қолбасы.


 Оқушы:   Нұржас 

Б.Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі-Момыш. Шешесі- Рәзия. Әкесі жаны жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі. Отбасыларында 4 қыздан кейін әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті.     

 

 Оқушы:  Диана  

Б.Момышұлының туғаннан өлгенге дейінгі  кезеңі драма мен трагедияға  толы. Ол да «кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адам». Ол да нәресте болды.  Бала болды. Ауыл мектепсіз еді. Көршілес орыс мектебіне барып оқиды.  Келесі жылы Жамбыл қаласындағы интернатта үш жыл оқып, бастауыш  мектепті бітіреді. 1921 жылы Шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл асқан кезде ол міндетті әскери қызметке шақырылып, өзінің бүкіл болашағын Қызыл Армиямен  мәңгілікке байланыстырады.                                                                                                                                                                     

    Оқушы:  Қадиша

Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол  лейтенант  шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод,   батольон, полк және дивизияны басқарды. 

 

 Оқушы:  Диас  

Мазасыз сол күндерде Б.Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарған ерліктері аз емес. Оның батырлығымен көзге түскені де осы тұс. 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді. Батыр 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалған, 2 рет, өлімші болып жараланған

 

Оқушы:  Баршын

1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод  командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай Республикалық әскери комиссияның  аға нұсқаушысы, 5 ай батольон орынбасары болды. 1955 жылы қаруын қаламға айырбастап азматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен де өз биігіне көтерілді.  Екінші дүниежүзілік соғысты суреттеуде айтарлықтай еңбек еткен жазушының бірі


Көрініс.

 Сахнада Москва түбіндегі бекініс. Окопта жатқан солдаттар. Автомат, пулемет,зеңбірек. Клочков қолында дүрбісі бар, жан- жақты шолып тұрады. Алыстан атылған оқтың, зеңбіректің, снарядтың дауысы естіліп тұрады.

Клочков дүрбісімен жан- жақты шолып тұрып:
- Бәрекелді!- деп айқайлайды. Басындағы құлақшынын артына қарай сырғытып қояды. Сосын тамсанып:
- Бәрекелді, азамат, біздің артиллеристер! Азамат!- деп айқайлады. Фашистердің қақ маңдайынан соқты –ау!  Қасындағы жас жігітті иығынпан соғып:
- Бауырым, сенде солардай бол, көрдің бе, біздің жігіттерді!

Кенеттен табан астынан аспанды қақ жарып, найзағай жарқылдап отты тілін сумаңдатып, күн күркірегендей көкті жаңғыртып зеңбіректіердің атылған дүмпуі құлақты жарып жібере жаздап естіледі. Клочков және басқа солдаттар бастарын бұғып жата қалысады.

Клочков басын көтеріп:

-Қараңдаршы, жолдастар, қараңдаршы! Жау біздің артиллеристерге барын төгіп, шүйлігіп жатыр. Сұм жау лепіріп тұр. Бұлар бізді аяусыз таптап, өз танктеріне жол ашпақ.

Гүрілдеген самолеттің дауысы естіледі:
- Жолдас, политрук, – дейді оған жауынгер айқай салып, – самолет! Самолет!

Клочков:
-Орын- орынға! Командирлер маған кел!

Клочков:
-         Қазір артиллерия ойнағын тоқтатып, бомбалауды бастайды. Оның соңынан танктерін айдап салады. Гранат пен жанармайды дайындаңдар! Бір адым кейін шегініс болмасын! Жігіттер, гранатты әзірлеңдер! Әрқайсымызға  екі-екі танктен келеді!

Траншеядағы солдаттарды аралап келе жатып:
-әрқайсымызға екі-екіден- деп қайталап қояды.- бұл аса көп емес. Сен тек жақынырақ келтір, ерім!
Жауынгер: – жарайды, жолдас политру. Біреуін мына бумамен жайратсам, екіншісін жанармаймен жайратармын.

Клочков:
-         Сөйт азаматым!- деп оның қолын сілкіп- сілкіп қысады.

Бір мезгілде Клочков сенделіп құлап кете жаздайды. Жауынгер жанына еңкейе жүгіріп келіп:
-         Жолдас политрук! Сіз жараландыңыз ғой деймін! Таңып берейін!
-         Ия, мына бір жерімді бір нәрсе күйіп бара жатқан сияқты. Ештеңе етпес, жазылааар! Тағы да өріп келеді!- деп орнынан тік тұрып, зілді дауыспен:

Россия ұлан байтақ – бірақ шегінуге жол жоқ! Артымызда Москва!- деп атойлап, қолындағы бір буманы танкке қарай лақтырып, құлап кете барады. Сол кезде атылған оқтар, зеңбіректер дауысы гүрсілдеп қоя береді. Тоқтаған кезде бір жауынгер:
-         Жолдас лейтенант! Политрук оққа ұшты!
-         Тез орындарыңа! Ұрысқа дайындалыңдар!  Гранат дайындаңдар!

(Тағы да атылған жарылыстардың дауысы жаңғырып сала береді!
-         Лейтенант орнынан  тұрып: – Жолдастар! Біз жақсы жолдастарымыздан айрылдық. Олар асқан ерлік көрсетті. Бізді ерлікке қарыздар етіп кетті! Шегінерге жол жоқ! Артымызда Москва!Достарымыздың қасиетті қаны төгілген жерден бір қадам шегінбеске ант етеміз!

Танктердің гүрілі естіледі! Жауынгерлер гранаттарын лақтырып жатады, қаза болады.

(Сахна үнсіз қалады. Қаза болған панфилофшылар сол жерде жата береді» Сахнаның екінші жағынан Бауыржан Момышұлы туралы кинодерек үнсіз қосылып тұрады.

«Олар 28 еді» деген өлең жолдарын оқиды. Бақтыбекова Нарғыз.



Олар – 28 болатын – ды,
28 әлемнен жаратылды
Сол бақыттың иелері
Тігіп өлді
Жауларының басына қара туды.

Шегінуді білмеді
Шегінбеді.
Болашаққа нық болды сенімдері
Ажалды олар құшақтап құлап жатты
Бақытындай бір көрген өмірдегі.

Соғыс деген осындай көңілді ме?
Танк қаптап келеді өмір міне.
Жастығында жалындап жанып тұрып,
Өмір түгіл сүйді олар өлімді де.

Олдар 28 болатынды
28 жалыннан жаратылды.
Танктерді қаптаған қарсы алып тұр
Қарсы алғандай қайғылы қара түнді.

Тасбауыр тырмысып келе жатыр
Ажалдың да барына сенеді ақыл
28 қастүлек түрегелді
Түрегелмей қайтеді,
Өледі ақыр.

Содан кейін дұшпанға қарсы атылды,
Қанша фашист сол жерде жан шақырды.
Көк аспаннан домалап жау ұшақтар,
Қанша танк- құбыжық қаусатылды.

Солай болды,
Батырлар солай өлді
Москва мен құтқарып талай елді
Өлді дейміз,
Өлген жоқ қас батырлар
Бастап берді жеңіске талай ерді.

Солай, солай самғатып жастық ағын,
Шырқатады достық пен жастық әнін
Сол батырлар айналып ағаштарға
Түрегеп тұр түбінде Москваның.



: Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбіндегі шайқас ерекше орын алады.Одан басқа да ерліктері аз емес.Тек 19-гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді.Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып,сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан,күресті әрі қарай жалғастыра береді.

2Ж: Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп,8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И.И.Серебряков 1942 жылы тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады.Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып кетеді. Жерлесіміздің одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалды.Момышұлы полк командирі,кейін дивизия бастығы бола жүріп,Калинин майданында,Курландиядағы неміс басқыншыларын талқандау операцияларына белсене қатысты.


“Бауыржан” ағамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Шайхымуратов Жандос
Бауыржан: Ей, бүгінгі жас қауым, бейтаныс арғы ұрпақ!
Әр әке балам бақытты болса екен, үрім бұтағым үзілмесе екен, өшпесе екен деп тілейді. Осы мақсатпен жиырмасыншы ғасырдың басында әкелеріміз бізге қаралы жексенбілерде қан кешіп жүріп, коммунистік қоғам орнатып, кең – байтақ социалистік Отан жасап берді. Олар бізге: құрылыс жақсы болса – тұрмыс жақсы, бірлік мықты болса – тірлік күшті. Осы құрылыс пен бірлікті көздің қарашығындай сақтаңдар деп өсиет етті. Біз бұл өсиетті абыройымен орындап, социалистік Отанымызды Гитлер сияқты ең жауыз жаудан сақтап қалдық. Туысқандық бірлігімізге титтей де дақ түсірмедік.
Сөйтіп, Ұлы Отан соғысында қабырғадан қан кешіп жүріп, біз де сендерге бақыт әпердік, жас ұрпақ. Ол – қазіргі кең жазира Отаның сенің. Өйткені – Отансыз өмір, онсыз қуаныш жоқ. Соны көздің қарашығындай сақтаңдар.
Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін аяусыз еткен еңбек пен ерліктен туады. Өткен Отан соғысында он тоғыз – жиырма жасар азаматтар ерекше ерлік көрсетті. Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашан да әзір болу керек.
Ей, жүз жылдан кейінгі, мың жылдың ар жағындағы үрім – бұтақ, жұрағат, жас ұрпақ! Естійсің бе менің үнімді, жете ме саған менің дауысым. Жетсе, бүгінгі баламыздан бастап, көп ұлтты социалисттік Отанымыздың барлық болашақ ұрпақтарына екі ауыз сөзім бар. Ол – Отанды сүйіңдер, оны қорғандар, оған қызмет етіңдер! – деген сөз. Ол – халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар! – деген сөз.


Найзағайы намыстың

(Кеңес одағының Батыры, даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлына арнау)

 

Қарау қоғам көзі барда бағасын,

Бермегесін қалай тапсын жарасым?

Тірлігінде теперішті көп көрген

Жолбарыс ең жалап өткен жарасын.

 

Көкірегіңе салып қойған азалы ой,

Алалаған алақолдың азабы-ай!

Содан болар арыстандай ашулы,

Жанарыңнан жарқылдайтын нажағай.

 

Іштарлықпен жалалы ойды жақтаған,

Табаныңмен бастырғаны-ай шоқ қоғам.

Шығыстағы шырағы едің шындықтың,

Тура айтып туғанына жақпаған.

 

Көпке бармай бақай есеп батылы,

Қара құлып сарт ашылды ақыры.

Бұлт астынан күн шыққандай жарқырап,

Шыға келді ғажап, қазақ батыры.

 

Көңілінде қызғаншақтық күй тұнып,

Өктем ұлттың ұлтшыларды қитығып.

«Батырлықты бергізбейміз» деген өң,

Қапталыңда қала берді ит үріп.

 

Әр көңілге орнағандай жарық күн,

Күйін кешкен қысқа қолды ғаріптің.

Онсыздағы батыры едің Бауыржан,

Қазақ деген кең жүректі халықтың.

 

Құлай сүйген жусан иіс даласын,

Сүйіп өткен Отан атты Анасын.

Намысымның найзағайы секілді,

Даралардың ішіндегі дарасың.

 

Ел арманы, ел мұңымен ауырған,

Жаралған жан бұрқ-сарқ еткен дауылдан.

Қадіріңнің артықтығы сол шығар,

Жүз қазақтың бес алтауы Бауыржан.

 

Демеу болып, медеу болып көңілге,

Үн қосқандай заманауи өр үнге.

Кие де мен, ие де мен деп тұрсың,

Асқақ кейіп Астананың төрінде.

 

Қаһармансың, жан емессің шүрегей,

Менде ақынның бірі емеспін жыры өгей.

Мәңгі жасар көңілдердің төрінде,

Батырлардың батырысың бірегей!


1Ж:    «Ат шабысына қарай, ер намысына қарай шабады» деген атақты Сырым шешен. «Ел намысы-ер қолында, ер намысы- ел қолында» депті Б.Момышұлы. Заманы басқа, алар қамалы басқа, алысар дұшпаны басқа, қос алыптың қосақтаулы жүйріктей ұшқыр ойлары бір жерден шығуын көрмейсіз бе?

 Бүгінгі жас ұрпақ осындай әрі шешен, әрі көсем, әрі батыр аталарын қалай мақтан етсе де орынды. 

2Ж: 1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери қызметте жүргенде былай деп жазған екен:

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.

Міне батырдың өзі жазғандай 105 жасқа толған тойы Қазақстанның жер-жерінде аталып өтіп жатыр. Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осыны ұмытпайық жас ұрпақ!

 Найзағайы намыстың

(Кеңес одағының Батыры, даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлына арнау)

 

Қарау қоғам көзі барда бағасын,

Бермегесін қалай тапсын жарасым?

Тірлігінде теперішті көп көрген

Жолбарыс ең жалап өткен жарасын.

 

Көкірегіңе салып қойған азалы ой,

Алалаған алақолдың азабы-ай!

Содан болар арыстандай ашулы,

Жанарыңнан жарқылдайтын нажағай.

 

Іштарлықпен жалалы ойды жақтаған,

Табаныңмен бастырғаны-ай шоқ қоғам.

Шығыстағы шырағы едің шындықтың,

Тура айтып туғанына жақпаған.

 

Көпке бармай бақай есеп батылы,

Қара құлып сарт ашылды ақыры.

Бұлт астынан күн шыққандай жарқырап,

Шыға келді ғажап, қазақ батыры.

 

Көңілінде қызғаншақтық күй тұнып,

Өктем ұлттың ұлтшыларды қитығып.

«Батырлықты бергізбейміз» деген өң,

Қапталыңда қала берді ит үріп.

 

Әр көңілге орнағандай жарық күн,

Күйін кешкен қысқа қолды ғаріптің.

Онсыздағы батыры едің Бауыржан,

Қазақ деген кең жүректі халықтың.

 

Құлай сүйген жусан иіс даласын,

Сүйіп өткен Отан атты Анасын.

Намысымның найзағайы секілді,

Даралардың ішіндегі дарасың.

 

Ел арманы, ел мұңымен ауырған,

Жаралған жан бұрқ-сарқ еткен дауылдан.

Қадіріңнің артықтығы сол шығар,

Жүз қазақтың бес алтауы Бауыржан.

 

Демеу болып, медеу болып көңілге,

Үн қосқандай заманауи өр үнге.

Кие де мен, ие де мен деп тұрсың,

Асқақ кейіп Астананың төрінде.

 

Қаһармансың, жан емессің шүрегей,

Менде ақынның бірі емеспін жыры өгей.

Мәңгі жасар көңілдердің төрінде,

Батырлардың батырысың бірегей!






















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!