СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ауылдағы адам еңбегі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ауылдағы адамдардың карбалас еңбегі туралы түсіндіру.

Просмотр содержимого документа
«"Ауылдағы адам еңбегі"»

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

35 «Балдырған» бөбекжайы

Тәрбиеші

Айладырова Қалампыр Аспенбетқызы


Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Күз бізге не әкелді?» (дидактикалық ойыны)

Мақсаты: Балалардың көкөністер мен жемістер туралы түсінігін кеңейту. Жидектерді топтық қасиеттері бойынша топтауға үйрету. Өсімдік әлемінде маусымдық өзгерістерді (астық жинау) байқауға үйрету. Табиғи құбылысты бақылауға, себеп – салдарлық сипатта сұрақтар қоюға тәрбиелеу, қоршаған табиғатқа қызығушылығын ояту.

Әдіс- тәсілдер: Ойын, өлең, әңгімелеу, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Күз мезгілінің суреттері, астық, көкөністер мен жемістер суреттері, муляждар, екі себет.


Амадасу. Барлығы амандасып, бірге шаттық шеңберін құрады.


Шаттық шеңбері

Армысыз алтын күн,

Армысыз жер ана.

Армысыз аспан ана,

Армысың достарым!


Әңгімелеу:


- Балалар, сендер ұйқыдан тұрғанда сыртта нені көресіңдер?

Балалар:

- Күнді.

- Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі.

- Балалар тағы да күз мезгілінде жемістер мен көкөністер, жидектер, дәнді - дақылдар піседі екен.

Сурет бойынша бидай орылып жатырған қырман туралы әңгімелейді.


- Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын жасайды. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіреді.


Бидай

Тойғызар аш жұртты,

Деседі оны «мұртты».

Ол – ас

Алтын тас.

Ас төресі – Дәм,

Күнде жейтін – Нан.

Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді құрастыр»

Шарты: Үлгі суретке қарап отырып, алдарына берілген сурет қиындыларын біріктіріп, жеміс, көкөніс құрастыру керек.

Сергіту сәті:

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырып.

(орнымыздан тұрамыз)

Шайқалды жапырақ,

Жел соққанда қаттырақ.

(қолымызды бастан асыра шайқау)

Ұшты кенет жапырақ,

Ағаштардан жамырап.

(қолымызбен жапырақ шашқандай шашу)

Тәрбиеші:

- Жарайсыңдар, балалар! Ой, балалар қараңдаршы бау - бақша қандай әдемі. Айналаның бәрі сап – сары. Жерге сары кілем төселіпті. Күзгі бау - бақшаның сұлулығын қараңдаршы, неткен әдемі, неткен ғажап. Айналамызға қарайық. Сол сәтте алдарынан Бағбан ата кездеседі.

Бағбан ата:

- Амансыңдарма, балаларым! Балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Сендер маған жемістер мен көкөністер ажыратуға көмектесесіңдер ме?

- Балалар Бағбан атаға жемістер мен көкөністер ажыратуға көмектесеміз бе?

Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырат»

Шарты: Муляждар беріледі. Көкөніс пен жеміс-жидектерді екі себетке бөлек-бөлек жинау керек.

Бағбан ата:

- Рахмет балалар. Сендер маған үлкен көмек бердіңдер.

- Қане балалар сендер Бағбан атаға қандай жеміс пен көкөністер ажыратып бердіңдер?

Балалар жауабы.

Бағбан ата:

- Балалар сендердің қандай өнерлерің бар.

- Біз тақпақтар білеміз күз туралы.

Бағбан ата:

- Жарайсыңдар балалар! (Бағбан ата балаларға күзгі сыйын береді). Көп-көп рахмет.

М.Монтессори элементін қолдану:

Қыстырғыштар арқылы көкөністер мен жемістердің жетіспей турған бөліктерін құрастыру. Олардың жеке белгілерін, бөліктерін білу керек.

Ұйымдастырылған оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.