Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің конспектісі
Күні: 26.02.2020 ж
Тәрбиеші: Бексултанова Д.С
Білім беру саласы: «Коммуникация»
2 апта: «Өнер көзі-халықта»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Ауыз әдебиеті»
Мақсаты:Тілдің қарқынын өзгерту біліктерін бекіту, баяу сөйлеу, жаңылтпаштар оқу артикуляциялық аппаратты одан әрі жетілдіру.
Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштартар-мен балалардың сөздік қорын толықтыру.
Көрнекілік: Ертегі суреттер, қысты бейнелейтін суреттер.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету, қайталату.
Кіріспе:
Шаттық шеңбері:
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарқын болсын!
Еліміз тыныш болсын,
Деніміз сау болсын
Негізгі бөлім :
Дид-қ ойын: «Мықты болсаң, тауып көр!»
Балалар сендер қандай ертегілер білесіңдер?
1.Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып, бала шақтың болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял-ғажайып ертегілері мысалы «Ұшқыш кілем»
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі де қызықты болып айтылады. Мысалы: «Түлкі мен тауық», «Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен ешкі», «Түлкі мен қарға»,
3.Тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер халықтың тарихи талаптарына байланысты туған. Онда бай баласы мен жарлы баласы хан мен данышпан шаруаның іс-әрекеттері, мінез-құлықтары суреттелінеді.Мысалы: Алдар көсе мен Жиренше шешен, Қожанасыр т.б
Балаларды үш топқа болу:
1-топқа «Үйшік» ертегісі;
2-топқа «Бауырсақ» ертегісі;
3-топқа «Шалқан» ертегісін әңгімелеп беруді ұсынады.
5-тапсырма.Жаңылтпаштар.
Әр топтан 1 адамнан шығып берілген жаңылтпаштарды –жай,тезірек,жылдам айтулары тиіс.
1-топ:Көзді қыпылықтатпа,
Торта қойдым,
Орта қойдым.
Орта қойдым,
жорта қойдым
***
Төбесі төбел төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік
***
2-топ
Топ бала,топ бала
Ойнап жүр,топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала
****
Есет атам ет асатар,
Ет асатса,бес асатар
3-топ:
Мынау балқаймақ- қай балқаймақ?
Бұл балқаймақ – май балқаймақ!
****
Әй,Тайқарбай,
Қойыңды Майқараға жай,Тайқарбай!
Тайқарбай,Байқарбайлар толып жатыр...
«Әй,Тайқарбай» дегенің қай Тайқарбай?
1-топ. 1)Көп түкірсе көл болар.
2) Әке асқар тау,ана –бауырындағы бұлақ,бала- жағасындағы құрақ
2-топ.1)Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.
2) Оқу инемен құдық қазғандай
3-топ.1)Ананың тілі бал,баланың тілі бал.
2)Қына тасқа бітеді,Білім жасқа бітеді.
Қорытынды: Балалардан сұрақ-жауап алысу арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін пысықтау, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау