СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ӘБ жұмысының сараптамасы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«ӘБ жұмысының сараптамасы»


«Жұмба негізгі мектебі» КММ

2018-2019 оқу жылы

Жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінің

жылдық есебі


Жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: «Білім беру мазмұнының өзгеруі жағдайында оқу үрдісінің сапасын қамтамасыз ету». Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оқушылардың саналы білім

алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінің құрамына 6 мұғалім енеді. Мұғалімдер сапасының құрамы талапқа сай . Маман емес мұғалімдер бар. Жоғары білімді – 4 мұғалім. 1 мұғалім – жоғары санатты (Резник Т.В.) , 2 мұғалім -2 санатты (Гаркуша Н.Н., Сунгатов Р.Ш.), санаты жоқ мұғалім – 3 (Акашева З.Ж., Алмабек А., Сарғызова А.М.).

Тамыз айының соңғы күндерінде жаратылыстану-математикалық пән мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтті. Отырыста мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде МемСТ, ӘНХ, пән бойынша ОБ, дәптер жүргізудің БОР-мен танысты. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары талданып, бекітілді. Сонымен қатар, информатика, көркем еңбек, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің оқу жоспарының таңдау пәндерінің бағдарламалары қаралып, бекітуге жіберілді.

Желтоқсан айының 3-7 аралығында «Қазақстандағы код сағаты»атты апталық өтті. Бұл апталықтың мақсаты – оқушыларды программалау саласына қызықтыру, ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, алгоритмдеу ұғымымен кең ауқымда таныстыру. Апталық барысында бастауыш сынып оқушыларына аталған тақырып бойынша желтоқсанның 6-7 күндері сынып сағаттары өткізілді. Орта буын өкілдеріне арнайы информатика пәні сағаты ретінде аталған тақырып бойынша желтоқсанның 4-5 күндері қосымша информатика сағаты болып өтті.

«ІТ - сыныптарының мұғалімдеріне біліктілікті арттыру туралы» Көкпекті ауданының білім бөлімінің басшысы Ш.Н.Мустафинованың 2018 жылғы 07 желтоқсандағы №596 бұйрығына сәйкес Көкпекті орта мектебінде 10-14 желтоқсан аралығында информатика пәні мұғалімі Сарғызова А.М. 40 академиялық сағат көлемінде «Junior training» жобасы бойынша таныстыру бағдарламасының курсын оқып келді.

2019 жылдың 21-25 қаңтар аралығында Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» атты апталық болып өтті. Апталық барысында бастауыш сынып оқушыларының арасында «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбында сурет байқауы болып өтті. Ол байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар өзара Гавриленко Николай мен Гаркуша Галинаға тиесілі болды.

Орта буын оқушыларының арасында «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе байқауы болып өтті. Ол байқаудың қорытындысы бойынша І орын – Төлеубекова Жансаяға, ІІ орын – Смаилова Айданаға, ІІІ орын – Жұмабекова Назарға берілді. Оқушыларға интернетсіз күннің маңызын түсіндіру мақсатында 22-ші қаңтар күні 1-9 "Б" сыныптарында, 23-ші қаңтар күні 1-9 "А" сыныптарында сынып сағаттары арналды. Бұл сынып сағатынан байқағанымыз – балалар интернетсіз күнді дұрыс ұйымдастыра алатынын, олардың интернетке, әлеуметтік желілерге тәуелді емес екендігін анық көруге болады. Қаңтардың 23-24 аралығында ата-аналармен интернетсіз күн туралы әңгімелесу жүргізілді. Ата-аналармен әлеуметтік желі, интернетті балалары қаншалықты жиі пайдаланатындықтарын білу үшін сауалнама алынды. Сауалнамаға сәйкес, оқушылардың бойынан интернетке тәуелділік белгілері байқалмайды. Балалар интернетті тек сабаққа қатысты тапсырмалар іздеу үшін қолданатыны айтылды. Ата-аналар оқушылардың болашағы үшін алаңдайтындықтарын ортаға салып, кейбір әлеуметтік желідегі қауіп-қатерлер атап өтіліп, талқыланды. Сонымен қоса, ата-аналар балаларының әлеуметтік желілердегі қадамдарын бақылап отыратындықтарын айтты. Осы жиналыстан естелік ретінде ата-аналарға ешбір технология көмегінсіз суретке түсіру ұсынылды. Әңгімелесудің соңына уақыттың қадірі туралы бейнероликпен нүкте қойылды.

Ақпан айының 11-22 аралығында Семей қаласындағы «Электртехникалық колледжі» ЕМК-де информатика пәні мұғалімі Сарғызова А.М. 144 академиялық сағат көлемінде «Junior training» жобасы бойынша таныстыру бағдарламасының курсын оқып келді.

08.04.19-12.04.19ж. аралығындағы математика және информатика пәндер апталығы болып өтті. Апталықтың бір ерекшелігі – жоғарғы санатты математика пәні мұғалімі Резник Татьяна Викторовна аптаның әр күніне оқушыларға тапсырмаларды беріп отыруы. Аптаның 5 күнінде орындалған тапсырмалардан бөлек, газеттер конкурсы, презентациялар байқауы, суреттер байқауы болып өтті.

Резник Татьяна Викторовна 5 «Б» сыныбында математикадан «Математическое кафе» тақырыбында ойын-сабақ, Сарғызова А.М. 5 «А» сыныбында «Пайыз» тақырыбында ашық сабақ және 7 «Б» сыныбында геометриядан «Круг.Окружность» тақырыбында ашық сабақ өте жоғары дәрежеде өтті. Сыныптан тыс шараларға келер болсақ, «Страна птиц», «Математическая карусель», «Математика- ғылымдар патшасы», Турнир Архимеда (олимпиада), Вечер математики «КВН: учащиеся против выпусников» сынды түрлі іс-шаралар өтті. Информатика пәні бойынша 6 «А» сыныбында «Сілтемелер» тақырыбында ашық сабақ және информатикадан сыныптан тыс іс-шара «Ақпараттық калейдоскоп» , компьютерлік сурет байқауы «Компьютер-Арт» болып өтті. Бұл байқауда бастапқы фигура бойынша сурет салу тапсырмасы берілді.3-орын Шафих Б. пен Замангельдинов А.-тың бірлескен жұмысы, 2 орын Смаилова А. мен Төлеубекова Ж.-ның бірлескен жұмысы, Төлеубекова Ұлту; 1-орын Жұмабекова Назар иеленді.Апталыққа, сыныптан тыс іс-шараларға, түрлі байқауларға белсене қатысқан оқушылар мадақтамалармен марапатталды.

Мамыр айында «IT Festival – Jastar time 2019» VII-ші ІТ-фестивалі Өскемен қаласында Спорт сарайында өтті. Фестивальге информатика пәні мұғалімі Сарғызова А.М. барып, өзіне қажетті көптеген керекті ақпараттармен танысып келді.

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері «Көктемгі эстафета» тақырыбында спорттық ойындар өткізді. Мақсаты: оқушыларды спортпен айналысуға насихаттау. 6 «А» сынып ұлдары спортқа бейім екендіктерін баршаға дәлелдеп берді.

Әдістемелік бірлестіктің маусым айындағы отырысында келесі мәселелер қаралды: 2018-2019 оқу жылындағы жүргізілген жұмыстардың қорытынды есебі, пән кабинеттерінің бүгінгі күн талабына сай қайта жабдықталуын қамтамасыз ету (Резник Т.В., Алмабек А., Акашева З.Ж., Сарғызова А.М )

Ұсыныс:  Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін енгізу қажет. Оқушылардың ауызшы есептеу дағдыларын дамыту жолдары іздестіріліп, тиімді әдіс – тәсілдерді қолдану басты мақсатта тұру қажет.

ЖМЦ әдістемелік бірлестігінің жоспарлаған іс-шаралары, жұмыстары орындалды.



ЖМЦ ӘБ жетекшісі: Сарғызова А.М.