| Ұйымдастырушы – ізденушілік кезең | Ғажайып сәт: Әңгімелесу: Аюжан саған не болды, басыңа не болған? Аю: көшеде бал тиеген машинаны көріп, соған жармасып едім, құлап, басымды ауыртып алдым. Аюжан олай көшедегі машинаға жармасуға болмайды. Жол ережесін бұзбау керек, көшеде бағдаршам бар емес пе? Аю: мен жол ережесі дегенді білмеймін. Бағдаршам деген не? Олай болса жол ережесі, бағдаршам дегенді бізден, біздің балаларымыздан үйрен. Қазір біз саған жол ережесін түсіндірейік. Тақтадағы сурет арқылы әңгімелеу. Бағдаршам жол ережесін реттеуші, жол қиылысынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Біз жол ережесін сақтай білуіміз керек. Бағдаршам бар жерде адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Балалар жолдан өткенде ата – аналарының немесе үлкендердің көмегімен өтуі тиіс. Көлік жүретін үлкен жолдың қапталында арнайы адамдар жүретін тратуарлар болады. Бәрекелді, балалар, дұрыс айтасыңдар. Аю өз қателігін түсініп, жол ережелерін үйренсін. Сергіту сәті: «Бағдаршам» Қызыл көзі жанғанда, Сынық – сүйек баспа алға. Сары көзі жанғанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзі жанғанда, Жүре бергін жасқанба. Бағдаршамның неше көзі бар? Көздерінің түсі қандай? Балалар көліктің неше түрі бар? Дұрыс айтасыңдар: әуе көлігі, жол көлігі, су көлігі. Ал, бағдаршам қай көлік түріне қажет екен? Жарайсыңдар, балалар. Дидактикалық ойын «Қай көліктің даусы?» Мысық: Құйрығым – ай, құйрығым деп мысық келді. Мысығым – ау сендерге бүгін не болды? Мысық: мен бүгін көшеде ойнап жүр едім, құйрығымды машина басып кетті. Мысық сенің оның дұрыс емес.Жол ережесін білмейсің бе? Бағдаршам бар дегендей. Олай болса, біздің балалар саған және аюға «бағдаршам» құрастырып берсін. Бағдаршам құрастыру. дөңгелек пішіннен құрастыру. Жұмыс барысы: Қызыл, жасыл, сары түстерден бағдаршамның көздерін жасау | Таң қалады. Балалар аюды мұқият тыңдайды. Балалар суретке қарап жол ережесі туралы, бағдаршам туралы тәрбиешімен бірге аюға түсіндіріп, көрстіп айтып береді. Қимыл арқылы сергіту сәтін орындайды.
Ойын ойнайды. Балалар мұқият тыңдайды. Балалар, дөңгелек түсті (қызыл, сары, жасыл) қағаздан бағдаршам құрастырады Балалар жұмыстарын аяқтайды. |