Мотивациялық қозғаушылық | Балалар шаттық шеңберде амандасады. Қуан, шаттан алақай! Қуанатын күн келді. Қайырлы таң, қайырлы күн, Күліп шықты күн бүгін. | Балалар тақпақты айтып, амандасады |
Ұйымдастырушылық –ізденістік
Сергіту сәті: | Балалар бүгін құрастыру сабағынан бақбақ гүлін құрастырамыз. Балалар мына суретте бақбақ гүлі.Ол өте үлпілдек, жұмсақ, нәзік болады. Балалар барлықтарын картинаға көңіл бөліңдер. Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Бақбақ үйдің гүлі емес, ол далада, орманда көп өседі екен. Кәне балалар дүрбімен қарап, не көріп тұрсыңдар?(Мурашковский әдісі)
 Балалар «Не немен дос» ойнын ойнайықшы.Неге олар дос?  Балалар енді «Бақбақ» гүлін құрастырамыз. Қауіпсіздік ережелерін қадағалау.
Ең алдымен бақбақ гүлінің бас жақ бөлігін аламыз.Осы бөлікті жасыл гүлдің сабағымен (таяқшамен) қосып, құрастырамыз.Бақбақ гүлімізді қақпақтан жасалған жерге тұрғызып, құрастырамыз -Кәне сергіп алайық ұшайық, Жел болып ұшайық, Су болып ағайық. Терең, терең дем алып, Жүгіріп, жүгіріп алайық. | Балалар мұқият тыңдайды.Бақбақ гүлімен танысады.
-Орманның суреті -Су, орман, бұлт, күннің көзі, жер
Балалар не немен дос екенін және не үшін дос екенін айтып береді.
Балалар қауіпсіздік ережелерін қадағалай отырып, жұмыс жасауға кіріседі.
Балалар бақбақ гүлін құрастырып отыр.
Іс-қимылмен орындайды.
|
Рефлексиялық - түзетушілік | Балалар жасаған гүлдерінді табиғат бұрышынды тұрған көрмеге орналастырайық.  -Жақсы балалар бүгін сабаққа жақсы қатысып, жақсы жұмыс жасадыңдар, рахмет сендерге | Барлық балалар жұмыстарын көрмеге орналастырады. -Балалар жасаған жұмыстарына мәз болып, бір-біріне көрсетіп мақтанып жатты. |