- «Баскетбол» ойынының тарихы мен негізгі ережелері жөніндегі түсініктерін кеңейту.
- Ойынның негізгі техникалық элементтерімен және төреші белгілерімен таныстыру.
Баскетбол тарихынан
- Спорт түрлерінің ішіндегі бірден-бір көп тараған атлетикалық спорттық ойын-баскетбол. Бұл ойын АҚШ-та 1891 жылы пайда болған. Ол кезде допты торға емес, тоқылған әдеттегі себетке лақтырып түсірген. Осыдан барып ойынның аты шыққан екен: “баскет”-ағылшын тілінен аударғанда “себет”, “бол”- “доп”.
- Қазақстанда баскетболдан бірінші жарыс спартакиада деңгейінде 1928 жылы өтті.Ол алғашқы халықаралық жарыс темір жол мектептері командаларының
арасында республиканың сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында және Ташкентте өткендігі тіркелген. 1947 жылы КСРО чемпионатында Қазақстанның ерлер командасы алтыншы
орынға, әйелдер командасы төртінші орынға көтерілді. 1990 жылдары Сеул олимпиадасының чемпионы Валерий Тихоненконың жұлдызы жарқырады. Ал республикада баскетболдан әйелдер командасының арасынан Надежда Ольхованың есімі ерекше аталады. Ол КСРО Құрама командасының құрамында Мәскеу және Монреал Олимпиадалық ойындарына қатысып, екі мәрте олимпиада чемпионы атанды
Ойынның негізгі ережес і
Баскетболды әрқайсысы 5 адамы бар екі команда ойнайды. Бір команда екіншісінің торына доп салуға ұмтылады, ал екіншісі өз кезегінде бұған кедергі келтіреді. Допқа ие болған команда-шабуылдаушы, оның барлық бес ойыншысы- шабуылдаушылар болады.Добы жоқ команда-қорғаушы,оның барлық бес ойыншысы осы кезде қорғаушылар деп аталады.Ойын алаңында допты баскетболшы 6 метр жерден себетке дәл түсірсе-2 ұпай, 6 метрден қашық жерден түсірсе-3 ұпай, айып алаңы сызығынан дәл түсірсе, команда есебіне 1 ұпай қосады.Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Баскетбол алаңының ұзындығы-26 м,ені-14 м,себет 260 см биіктікте болуы тиіс.
Ойын әрқайсысы 10 минуттық 4 кезеңнен тұрады. Ойынның бірінші және екінші жартысының арасындағы үзіліс- 15 минут.
4-кезеңдегі ойын уақытының аяқталуында есеп тепе-тең болса, онда есептің тепе-теңдігін жоюға қажетті ұзақтығы 5 минуттан қосымша кезеңдерге дейін ойын жалғаса береді.
Дұрыс жүгіріп, тоқтай білуің керек..
- Алаңда сен жүгіру бағытын жиі өзгертесің, жылдам да, жай да жүгіресің, сондай-ақ жиі тоқтап, қайта жүгіресің.Егер шапшаң тоқтау керек болса, секіру арқылы бір аяқпен итеріліп, екі аяқпен бірден түсу керек. Егер қатты жүгіріп келе жатсаң, секіріп жаныңа бұрыл.
- Алаңда сен жүгіру бағытын жиі өзгертесің, жылдам да, жай да жүгіресің, сондай-ақ жиі тоқтап, қайта жүгіресің.Егер шапшаң тоқтау керек болса, секіру арқылы бір аяқпен итеріліп, екі аяқпен бірден түсу керек. Егер қатты жүгіріп келе жатсаң, секіріп жаныңа бұрыл.
Дұрыс жүгіріп, тоқтай білуің керек .
Сондай-ақ қадам жасап та тоқтауға болады.Бұл тәсілмен тоқтағанда екі қадам жасауың керек.Бірінші қадамың қысқа, аздап жанға бұрылған болу керек.Соңғы қадамның алдындағы қадамың қысқа болып, бір жаныңа бұрылу керек. Аяққа сәл отырып,соңғы қадамыңды алшақ алып барып тоқтау
Баскетболшының негізгі тұрысы
- Сен алаңда бәріне дайын тұруың керек: аяқ тізеден бүгіліп, бір аяғың жарты қадамға алға шығып, денең аздап алға шығыңқы тұрады.Алдыңа тура қара. Қолың төменде. Бұл баскетболшының негізгі тұрысы.
Шабуылшы
- Доп қолыңда тұрғанда көп әрекет жасай аласың: допты алып жүре аласың, әріптесіңе бересің, себетке лақтырасың.Сенің доппен жасаған әрекетің дұрыс тұрысыңа байланысты. Бұл тұрыс допсыз тұрысыңа ұқсайды. Допты алып жүргенде дұрыс әрекет жасау үшін,сен алаңда не болып жатырғанын байқауың керек.
Допты дұрыс ұста.
- Бұл тәсілдің көмегімен баскетболшы допқа ие болады.Допты ұстағанда әрқашан оған қарсы шығып, қолды ілгері еркін созу керек.Доптың ұшуына ерекше назар аударып, ол саусақтарға тиген бойда оны қысып ұстау қажет.
Допсыз әректтер
- Сен допсыз шабуылшысың.Саған әріптесің допты бергенін қалайсың. Ал әріптесің саған допты қорғаушы қарсыласыңнан құтылып, ашыққа шыққанда ғана бере алады.
Допсыз әрекет
- Қорғаушы себеттің жанында берілген доптарға қарсы әрекет жасайды және шабуылшының қозғалысына кедергі келтіре, оның допты қабылдап, беруіне мүкіндік бермеуің керек.
Допсыз әрекет
- Асықпай қорғаушыға жақында да, шапшаң қимылдап доп келе жатырған жаққа секір. Доп қолыңа тигенде, әріптесіңе бер немесе айналып шығып кет.
Доппен әрекет
- Егер қорғаушының сол жағынан айналып өту керек болса, қорғаушының оң жағынан өтетіндей етіп денеңмен қозғалыстар жаса немесе сол аяғыңмен қарама-қарсы жаққа қысқа қадам жаса.
Доппен әрекет
- Қорғаушы сенің жолыңды бөгеген бойда, допты алып баратын жағыңа қарай сол аяғыңмен шапшаң қадам жасап, допты оң қолыңмен алып жүріп құтылып шық.
Қорғаушы
- Доппен келе жатқан ойыншыға тосқауыл қойғанда міндетті тұрысың дұрыс болуы қажет: аяғың бүгулі, қатар тұру керек. Денең алға қарай еңкейіңкі,екі аяққа тең түсіп, қолың аздап бүгулі және ашық ұстауың қажет. Шабуылшы допты лақтырарда, қолыңды жоғары-төмен қозғап, лақтыруға мүмкіндік берме.
Қорғаушы
Шабуылшыға тосқауыл қойғанда, өте сақ бол. Егер ол саған қарай бірден қадам жасаса, сен артқа қадам жасап, жанға кет. Егер шабуылшы кері әрекет жасаса, сен онда жаныңмен алға жүр.
Екі негізгі ереже
- Қорғаушы әрқашан өзінің шабуылшысының қасында , себетпен екеуінің арасында болу керек. Бұл оңай емес, алайда өте қажетті. Шабуылшы допты ұстап тұрғанда қолынан тартып алуға тырыспа, бұл әрекетіңмен құтылып кетуіне ғана көмектесесің..
Екінші ереже
- Олар алаңның қай жерінде жүрсе де, доп пен шабуылшыңды көз алдыңда қатар ұста. Егер шабуылшыңның қолында доп жоқ болса оның қасынан кет. Осылай сен бүкіл алаңды назарыңда ұстап, доп пен шабуылшыңды қатар бақылай аласың.
Допты беру
- Допты екі қолмен кеуде тұстан беру. Допты кеуде
тұсында ұстайды, шынтақ төменде, қолды алға
жылжытуға байланысты доп алға қарай ұшады,
осылай беру қолдың толық түзелуімен аяқталады.
Допты беру
- Бір қолмен иықтан беру. Бастапқы қалыпта доп
иық деңгейіндегі екі қолдың біреуінің алақанында,
шынтақтан бүгулі тұрған қолда ұсталады. Қолды алға қарай созу арқылы доп лақтырылады да, алақанның қимылымен аяқталады.
Допты қағып алу
Допты міндетті түрде екі қолмен қағып алу керек. Себебі бір қолдағы допты қарсыласың қағып жіберуі мүмкін. Қағып алу кезінде саусақтарды толық ашып ұстау керек.
Допты дұрыс қағып алу
- Еденге соғып берген допты ұстау үшін, қолды доп саусақтар ұясына келіп түсетіндей етіп бағыттайды.
Допты алып жүру
Допты бір қолмен алып жүреді. Буынынан ашылған саусақтар арқылы допты төмен итеріп алып жүреді, итеріс күші шынтақтың бүгіліп, жазылуына байланысты болады.Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады.Жан-жағында болып жатқан жағдайды бақылау үшін денені тік ұстайды.Қозғалыс жылдамдығы допты еденге бағыттау және допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты болады.
Допты алып жүру
Бағытты өзгертіп алып жүру ептілігі ойын кезінде қорғаушының қарсы қимылын жеңу үшін қажет. Бұл қозғалысты былай орындайды: егер допты сол қолмен алып жүрсе, онда оң аяқпен қадам жасап, допты еденге соғу арқылы ілгері және қозғалыстың бағытын өзгертіп, оң қолмен алып жүруді бастау керек.
Допты себетке лақтыру
- Допты себетке салу бір және екі қолмен орындалады. Тастау техникасы беруге ұқсайды, тек қана доптың ұшуында айырмашылықтар болады. Барлық жағдайларда тастаудың көрсеткіші дене мүшелерінің, әсіресе аяқ пен қолдың келісімді қимылдарына байланысты. Әр түрлі қашықтықтан, бір орында, қозғалыста, ұстағаннан кейін, алып жүру кезінде және ойламаған жерде тоқтағанда себетке доп лақтыра білу керек.
Допты себетке лақтыру
- Бір қолмен орыннан лақтыру
Допты себетке лақтыру
- Екі қолмен бір орыннан лақтыру
Допты себетке лақтыру
Допты себетке лақтыру
Өрескел қателіктер жіберме
Өрескел қателіктер
Төреші-ойындағы көмекшің
- Талас доп (Спорный бросок)
(Пробежка)
(Вбрасывание мяча)
- Допты екі қолмен қатар соғу
(Двойное ведение)
Тест сұрақтары
1.Баскетбол ойыны қашан, қай жерде пайда болды?
А) Ұлыбритания 1891 ж
В) АҚШ 1891 ж
С)Ресей 1901 ж
2.Баскетбол алаңының көлемі қандай?
А) Ұзындығы-26 м, ені-14 м, себеттің биіктігі-260 см
В) Ұзындығы-20 м, ені-10 м, себеттің биіктігі-250 см
С)Ұзындығы-30 м, ені-20 м, себеттің биіктігі-265 см
3.Баскетболшының негізгі тұрысында қолды қалай ұстау керек?
1)Төменде В)Белге С)Жоғарыда
4. Айып алаңы сызығынан салынған доп қанша ұпайға есептеледі?
А) 1 В) 2 С) 3
5.Баскетбол ойыны неше кезеңнен тұрады?
А)5 В) 4 С) 3
1
- 6. Допты алып жүргенде денені қалай ұстау керек?
А)Төмен ұстап, допқа қарап жүру керек.
В)Орташа ұстап, себетке қарап жүру керек.
С)Тік ұстап, айналаңа қарап жүру керек.
7. 5.Допты қалай қағып алу керек?
А) Бір қолмен
В) Екі қолмен
С) Соғып жерге түсіріп алу
8.Мына әрекеттердің қайсысы өрескел қателікке жатады?
А)Допты бір қолмен алып жүру.
В)Допты екі қолмен алып жүру.
С)Допты екі қолмен алма кезек алып жүру.
9.Төрешінің екі қолын кеудесінің алдына қайшылап қоюы нені білдіреді?
А)Ойыншының ауысуы
В)Допты ұстап жүгіру
С)Уақытты тоқтату