СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бастауыш сынып апталығын өткізу

Нажмите, чтобы узнать подробности

В материале предоставлен анализ проведения недели начальных классов.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып апталығын өткізу»


Бастауыш сынып апталығының өткізілуі бойынша есеп



2016 жылы 5-10 желтоқcан күндері мектебімізде бастауыш сынып апталығы өткізілді. Апталық оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды.

Апталықтың мақсаты: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту».

Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:

 - оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;

 - сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.

Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.

Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып, мектеп директоры Б.С.Смайловамен бекітілді. Апталықтың іс-шаралары ғылымдар шеруі ретінде өткізілді. Әр бастауыш сынып мұғалімі бір ашық сабақ, бір іс-шара өткізуге тиісті еді.

Бастауыш сынып апталығы 5 желтоқсан күні апталықтың ашылуын өткізуден басталды. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысты. Салтанатты жиыннан кейін оқушылар пәндер саяхатына шықты. Мұнда балалар бастауыш сынып мұғалімі Д.О.Жуманованың басшылығымен математика, дүниетану, әдебиеттік оқу және қақаз тілі пәндерінде қонақта болып, әртүрлі қызықты тапсырмаларды орындап, ұпай жинады.

Апталықтың екінші күні, 6 желтоқсан, математика ғылымының күні аталды. Ж.З.Ермекова бірінші сыныпта ашық сабақты «Дөңгелек сандарды қосамыз және азайтамыз» тақырыбында өткізді. Сабақ барысында мұғалім жаңаша тәсілдерді қолданды. Сабақ мақсаты: Қосу амалының ұғымын екі жиынның бірігуі және азайту амалын қосуға кері амал ретінде қалыптастыру; сандық сәуленің көмегімен қоса және азайта білуге үйрету. Оқушылардың сабаққа деген зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық өткізілді. Сабақ ертегіге саяхат ретінде өткізілді. Балалар «Бауырсақ» ертегісі желісімен тапсырмаларды орындады, аңдармен кездесіп, олардан қалай құтылатынын айтты. Сабақ соңындағы кері байланыс және қалыптастырушы бағалау қолданылғаны сәтті болды.

Сыныптан тыс іс-шараны «Путешествие на Луну» Балаханова Надия барлық сынып оқушыларын қатыстырып қызықты серуен барысында математикалық ұғымдарды еске түсіртіп сайыстырды.

Апталықтың үшінші күні «Дүниетану күні» деп аталды. Балаханова Надия Ешмухаметовна провела урок «Почему важно отдыхать» в первом классе. В ходе урока учитель использовала групповую, парную и индивидуальную формы работы. На протяжении всего урока прослеживалась практическая направленность изучения теоретических положений и заданий, предлагаемых для выполнения школьникам. Дети выполняли задания и осуществляли самопроверку. А также выполняли взаимопроверку. Задания и вопросы, направленные на формирование УУД, присутствовали на всех этапах урока. На уроке были задачи и четкие критерии самоконтроля и самооценки. В течение урока чередовались различные виды деятельности. Физминутка проведена в игровой форме. В завершение организована рефлексия. Цели урока достигнуты. Осмысление учебного материала всеми обучающимися было достигнуто.

Осы күні «Менің Отаным – Қазақстан» атты тәрбие сағат Кудасова Г.Т. өткізді. Тәрбие сағат екі тілде өтті. Оқушылар Отанымыз туралы білімдерін кеңейтті. Жаңа тәсілдегі әдістер, шаттық шеңбері, топтық жұмыс оқушылардың қызығушылығын оятты. Сонымен қатар

Келесі «Әдебиет күні» де ашық сабақ пен тәрбие сағаты өтті. Кудасова Г.Т. провела открытый урок по литературному чтению «М.Алимбаев. «Санки». Целью урока было формировать представление о творчестве М. Алимбаева, особенностях его произведений, зимних забавах и развлечениях, совершенствовать навыки выразительного чтения, развивать память, связную речь, мышление, творческое воображение, воспитывать внимательность, любовь к природе. В начале урока в качестве введения в тему были даны ребусы о зиме. На уроке ученики отвечали на вопросы, решали кроссворды, загадки о зимних забавах, по картинке сочиняли мини рассказ, из букв составляли слова. Посредством рефлексии оценили урок и свою работу.

Төртінші сыныпта Жуманова Джамиля Орашқызы ашық сабақты «М.Жолдасбеков. Тоқсан жастағы тарлан» тақырыбында өткізді. Қолданылған сын тұрғысынан ойлау стратегиялары (миға шабуыл, лезде сұрақ, мәтінді бөліп оқу, топтастыру, синквейн), «Бозторғай», «Көкшолақ» әуендері сабақта сәтті болды. Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята алды. Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігіне сай, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрды. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Бағалау кезеңінде мұғалім бағалау парақшалын қолданды.

Тәрбие сағатты «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Казахстан – наш общий дом» тақырыбында А.Қ.Тукенова мен Д.А.Жумагулова өткізді. Сабақ саяхат түрінде өтті. Тапсырмаларды орындап, балалар Қазақстанның үлкен қалаларына билет алып, вагондарға топ-топпен орналасты. Әр аялдамаларда оқушылар ән, тақпақ айтып, тапсырмаларды орындады. Сабақтың дәстүрлі емес түрі, өткізген формасы балаларды өте қызықтырып, еліміз туралы көптеген мәліметтерді естерінде қалдыратындай болды.

9-желтоқсан «Тілдер күні» атауында жоспарланды. Бұл күні Аяжан Құттыбекқызы Тукенова 2А сыныбында ашық сабақты өткізді. Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған. Сабақта «Жұлдыз» шаттық шеңбері, «Ойлан, тап» ойыны, топқа бөліну, сергіту сәті, ойтолғаныс, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері барынша қолданылды. Бірақ кейбір оқушылар өз ойларын еркін жеткізу дағдысын көрсете алмады, себебі, бұл оқушылардың тілдері жаттықпаған.

Өкінішке орай, осы күнге жоспарланған «Полиглот» атты іс-шара мұғалімнің ауырып қалғанымен өткізілмей қалды.

10 желтоқсан күні «Жетістіктер күні» аталғаннан кейін, барлық сынып оқушылары «Көңілді мәре» сайысына қатысты және апталықтың жабылу салтанаты өтті. «Жаны саудың тәні сау» атты сайысты дайындап өткізген дене тәрбиесі мұғалімі Сарманов Ерашат Есенұлы.

Апталықтың жабылу салтанатында оқушылар музыка сабағының мұғалімі Есім Ажардың жетекшілігімен өздерінің ән айту өнерлерін көрсетті және әр сынып зеректік сайысқа қатысып ойын түрде өз білімдерін шындады. Апталықты жабу салтанатын бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Д.О.Жуманова жүргізді. Ол апталық кезінде өткен суретшілер сайысы және апта барысынды тексерілген күнделіктер мен оқушылардың дәптерлері арасында үздік дәптер мен үздік күнделіктердің иелерін мақтау қағаздарымен марапаттады және апталықты қорытындылады.

Апталықты қорыта келе, айтайын дегенім: жоспарланып өткен іс-шараларға барлық бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, талқылаған кезде өз ойларымен бөлісті.

Апталықтың мақсатын орындауды есте сақтап отырып, барлық мұғалімдер өткізген ашық сабақтар мен іс-шараларда жаңа технологияларды тиімді қолданды.

Сонымен қатар, ашық шараларды өткізгенде, мұғалімдерге, әсіресе жас мамандарға, ерінбей еңбек етіп, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуі арқасында ғана жетістіктерге жететінімізді білу керек. Және де апталықты дайндаған кезде әр тәрбие шараны барлық бастауыш сынып оқушыларымен нәтижелі өткізу үшін балалардың оқу тіліне, жас ерекшіліктеріне сай тапсырмаларды, мәліметтерді дайындау керек.

Келешекте осындай апталықты жоспарлаған кезде жалпы тақырып пен мақсатты көздеу қажет....



Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі: Д.О.Жуманова