СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бастауышым - балбұлағым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауышым - балбұлағым ашық тәрбие сағаты.

Просмотр содержимого документа
«Бастауышым - балбұлағым»

Бағдарлама



1ж .Ақ шаңқан ауыл,2005 жылы ауылға іңгалаған 32 бала дүниеге келді.

2 ж.Сол балалар 2011 жылы мектеп табалдырығын аттады.

3 ж. Ал, енді сол балаларыңыз бүгін бастауышпен қоштасқалы тұр.

1ж .Иә, біз бастауышпен қоштасқалы тұрмыз.

2ж. Оның ішінде бірінші Марина апайымыз,Шынар мен Гүлсім апайларымызбен.

3ж. 5сыныпта басқа да апайлармен достаспақпыз.

1ж.11 сыныпты 2022 жылы бітіреді екенбіз.

2 ж. Не дейді?Шын ба?

3ж. Ендеше болашақ 5 сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

1ж .Армысыздар,жаны жайсаң қазақ елі!

2ж. Қайырлы күн!Қарыштаған Қазақстан!

3ж. Асқақтаған ауылымның жұртшылығы!


Ән. Хор .Ұстаздарыма.


ІІ.Оқушылардың әдеби-музыкалық монтажы.


Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға .

Қош келіпсіздер,ұстаздар,ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.


Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Осы сырды үйреткен бастауыш сыныбым

Түскей болып міне бүгінгі артта қалды.



Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын

Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін

Тыншымайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.


4жыл бойы оқыған

Ойға білім тоқыған

Құрметті біздің балалар

Орындалды ойымыз

Құтты болсын тойымыз!


Оқыңдар ұл-қыздар деп,

Күлімдеген ұстаздар

Ән арнадық арнайы

Тағзым ете, ұстаздар.


Терең сезім шерткен сыр

Жаның сәуле нұр шашсын

Қалықтасын ән және жыр

Жүрек жарып, бүр атсын.


Хормен : Размет сізге, Ұстаз! Ән. Бейбіт күн тілегі. Әділеттің сөзі бар.


-2-


1ж . Бізде бала болғанбыз,- жазушы ағаларымыз айтқандай біздің де балалық шағымыз өте

қызыққа толы өтті.


2ж. Жібек, сен балабақшада болдың ба?


3ж. Әрине,болдым. Балабақша деген жақсы ғой.Міне, мынау Ками мен Нұрзаттың

балабақшадағы кезі еді.



1ж. Мен балабақшада емес, әжемнің тәрбиесінде болдым. Әжемнің ертегісін тыңдап өстім.


2ж. Кел,ендеше кішкентай кезіміздегі кім екенімізді ажыратайықшы. Мынау кім, балалар?


3ж. Ал,мынау томпиған бала кім?



1ж. Біз ата-ана құшағында бақытты болып өсудеміз. Айтыңдаршы, мынау кім?


2ж. Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған ,бізбен бірге уайымдаған ата-ана. Олар


бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.Жақсы бала –сүйеніш, жаман бала –күйініш

дегендей,біздің жетістіктерімізге ата-аналарымыз қуанады. Әрбір оқушының өмірі 3

кезеңге бөлінеді. Бастауыш,ортаңғы және жоғарғы саты. Біздің балалардың өмірінде бүгін

бірінші ,ең маңызды кезеңі аяқталып отыр.Оған олар 4 жыл бойы келді. Ендеше, әртүрлі

жарыс жеңімпаздарын ортаға шақырайық.




Біздің сыныптарымыз осындай.!


3ж. Біздің мақтаныштарымыз , біздің сыныптастарымыз.!



Ән. Достарым-ай.



Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,күш құдіреті қасиетті ұғым жатыр.

Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.


Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі-деген Ы.Алтынсари атамыз.Жүрексіз өмір

болмаса,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп 1 сыныпқа алып барғаны.



Енді, міне сағымдай боп өте шықты.

4жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті?

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

-3-



1ж.Әділет,сен Нұртіленің 1 сыныпқа келген сәтін білесің бе?

2ж. Әрине, білемін. Біз оның атын аю деп атайтынбыз. Шын атын Нұртіле екенін сосын

білдік қой.


3ж.Пәлі,біз осы ата-аналарымызға біздің мектепке келген кездегі қызықты сәттерімізді неге

есіне алғызбаймыз?


1ж. Оның дұрыс екен, Жібек. Өзім әйтеуір ешқандай қиындықсыз отыра салдым.


2ж. Ал,сен ше,Жібек?


3ж. Оны біз әжелеріміз бен аналарымыздан сұрап көрейік.


1ж.Ендеше, ортамызда Алтынайдың әжесі отыр екен. Сұрап көрейік.


2ж. Сіздің алғашқы немереңізді әкелген сәтіңіз есіңізде ме?Алтынай сізге қиындық


туғызған жоқ па ?


3ж.Гүлназ апай, Мадиярдың мектепке келген кезін еске түсіріңізші.



Ата-ана қуанып шаттанасың

Оқып жүр деп балаңды мақтанасың

Алдарына бұлардың кім шығыпты

Барлық мықты мектеп ен аттанасың


Бас иіп,шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.


Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған , бізбен бірге уайымдаған ата-ана.

Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.



1ж. Құрметті ата-аналар! Сіздерге төзімділіктеріңіз,шыдамдылықтарыңыз және түсініктеріңіз

үшін көп-көп рахмет. Сіздердің көмектеріңіз болмаса, осындай тамаша бүлдіршіндерімізді

-біздің бастауыш мектеп түлектерін шығара алмас едік.Сондықтан да сіздерге алғысымыз

Шексіз.



3ж. Шөлдеген адамға бір жұтым,су берген адам жұмаққа барады деген сөз бар..Мұғалім

,жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі,тәлім-тәрбиесі,үлкен жүрегі,мейірімі,уыстап

жұтқызған өмір шербеті-тіршілік зәмзәмі.


2ж. Құрметті ұстаздар!Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан зор

Алғысымызды білдіреміз!

1ж. Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,ыстығы

мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп,біздің көңіліміз болмаса, жаны қалмай

сұрап тұратын, ұлағатты,ұстаздар қандай тамаша қауым! Біз бүкіл осы ауыл тұрғындары

атынан кешегі бақылау департаметі тексеруінен өткенін құттықтай отырып,барлық №137

орта мектеп апайлары мен ағайларына тағзым етеміз!

Хормен: Рахмет,сіздерге Ұстаздар!

-4-



Даярлық топ оқушыларын ортаға шақырайық.

1о. О,мынау қандай керемет!

2о. Сіз кімсіз?Ал, сіз ше?Біз де сіздер сияқты болғым келеді.



1ж.Ұмтылысың жақсы екен. Олай болса, Бастауыш білім кілтін сендерге табыс етейік.


2ж. Бұл кілт арқылы сендер ұмтылған нәрселерінің барлығына қол жеткізесіңдер!



1о. Білім алуға,үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға


2о.Тәртіпті болуға, еңбек етугу, үлгілі болуға .Ант етеміз!





3ж.Құрметті оқушылар! Салтанатты сәт келді. Енді 5-сынып оқушыларының антын

беру керексіңдер!


1о.Біз достарымыздың,ата-аналарымыздың,ұстаздарымыздың алдында


2о. Ұстаздарымыздың берген ақылын, білімін, тәрбиесін естен шығармауға


3о. Ұстаздарымыздың жүйке-жүйесін тоздырмауға


4о. 5 пен 4 –ң құшағында қалықтауға, сүңгуге


5о. Мектеп ішінде жүгірмей,алыспай,жұлыспай,бірақ шапшаң қимылдауға.


6о. Тақта алдына шыққанда ең үздік қақпашы сияқты бір де сұрақты жауапсыз

қалдырмауға


7о. Ұстазымның атына кір келтірмеуге



Хормен : Ант етеміз! Гүлсім апай мен өзім сөйлейміз.

  1. Алғашқы ұстаз. Алтынай мен Аягөз.

  2. Вальс биі.

  3. Қос бәйтерек әні. Русланұлы Әсет пен Әділет.

  4. Қазақ биі Ғайниза.

  5. Көңілді күн әні. Сабира.

  6. Қазақстан сарбаздары. 4а -сынып ұлдары.

  7. Әкешім әні ,Алтынай.

  8. Тәжік биі 4б- сынып ұлдары.

  9. Жаяу әні. Әсет,Әділет,Нұрзат.

  10. Ұлттар биі.

  11. Хор. Қазақстан бақытты.







-5-

1ж.Мектепті ойлап өткен айы,жыл-күні


Сондықтан да мектеп үлгілі

Бағдат ағай –дана кісі басшымыз

Тәртіп пен мәдениеттің символы-деп мектеп директоры Бағдат ағайға сөз береміз.


2ж. Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан ата-ана да бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортамызға шақырайық ата-ананы.



3ж. Қоштасар кезегіміз де таяп қалды,

Өнерпаз өрендер де аянбады.

Көріскенше күн жақсы,о, халайық!

Осымен балдырғандар сіздермен қоштасады.