Сабақ мақсаты: Оқушыларға батылдық таныта білу, өжеттік көрсету әдептерінің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын әңгімелей отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - Оқушыларға батылдық, қайсарлық қасиеттерінің мәнін түсінідіріп, өзіндік шешім қабылдай білу іскерліктеріне үйрету; - Күнделікті дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс - амалдарын бекіту арқылы сенімді қарым-қатынас жасай алуға баулу; - Оқушыларды айнала қоршаған ортаға, қоғамға риясыз қызмет ету арқылы, ізгі істер жасауға тәрбиелеу. | Ресурстар: Оқулық, дәптер, үнтаспа, проектор, сюжетті суреттер, акварель бояулар, құты және мақта таяқшалар, төс белгілер (медаль). |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т»-ны қайталап, оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, көңіл – күйлерін сұрау.
Тыныштық сәті «Тыныс алуға зейін қою» -Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1.......2 (Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру.)
Қорытынды: Олай болса, балалар, біз әрқашан бір-бірімізге риясыз сүйіспеншілікпен тілектер тілеп, жан дүниеміз нұрлана түссін. Үй тапсырмасын тексеру - №21 сабақ, 96 - 98 бб, «Қойшы Қаһарман» атты ертегіні оқып, сұрақтар арқылы талдау.
Талқылауға арналған сұрақтар: - Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс – әрекетінен байқадыңыздар? - Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыздар? - Өздеріңіздің батылдық, өжеттік көрсеткен кездеріңіз болды ма? | Үнтаспа  Өзін – өзі тану оқулығы 4 – сынып, 96 - 98 бб |
3. Дәйексөз «Жақсы ойла және ойлар жақсы әрекеттерде пісіп жетіледі» (Л.Н.Толстой) Талқылауға арналған сұрақтар: Түйіндеме. Дұрыс, ізгі ой – ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып, басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі. Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады. Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмектескеніміз. | Өзін – өзі тану.kz журналы Лев Николаевич Толстой 1928 жылы 9 қыркүйекте Ресейдің Тульская губерниясындағы Ясная Полянада дүниеге келген. Орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист. |
Әңгiмелеу (Мұғалім сыйы) «Патша мен құмырсқа» Бір күні Абылай ханнан былай деп сұрапты: Сіз қарапайым сарбаз болып жүріп, қалай патша болдыңыз? Абылай хан жауабында: Ешқашан үмітсіз болған емеспін. Қаншама қиыншылықтарға душар болсам да жасымадым. Менің көздеген мақсатыма жетуіме кішкентай құмырсқа себеп болды. Бірде жаудан қашып келе жатып, ескі бір тамға келіп жасырындым. Өмірден үмітімді үзген уақытымда көз алдымнан құмырсқаны байқап қалдым. Ол құмырсқа өзінен үлкен бір түйір бидайды құлаған тамның төмпешіктерінен өткізе алмай әлек болып жатты. Бірақ тасыған заты өзінен әлдеқайда үлкен болғандықтан жиі – жиі түсіріп алып қайта сүйрей бастады. Қайта – қайта домалатып алған бидайды қайта арқалап жылжыта бастады. Бұл әрекет елу рет қайталанғанда да құмырсқа жасыған жоқ.
Талқылауға арналған сұрақтар: Неліктен патша құмырсқаның іс – әрекетіне таңырқай қарады және қандай сабақ алды? Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыздар? Ойымыз бен ниетіміз біріксе, қандай істер жасай аламыз? Абылай хан Уәлибақыұлы (шын есімі Әбілмансұр) – 1771 – 1781 жж аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18 – ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді. Ол өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Түйіндеме. Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы, ата – анасын, елін, жеін сүйетін патриот бола білу керек. | Өзін – өзі тану «Бөбек» басылымы, аңыздар жинағы 75 – 76 бб, 2016 ж |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру. Оқушыларға сюжетті суреттер таратылып беріледі. Тапсырма: Суреттерді қажетті құралдармен бояу. «Біздің ойымыздағы батылдық» тақырыбында өзіндік ойларын ортаға салу, сахналау. Мысалы:
 («Ерлік» төс белгілерімен оқушыларды мадақтау. ) | Дәптер, үнтаспа, сюжетті суреттер, акварель бояулар, құты және мақта таяқшалар, төс белгілер (медаль). |
6. Топпен ән айту «Жақсылықтан - жақсылыққа» «Ұстазым» әнінің әуенімен Сөзі: Мұғалім шығармашылығы үзінді Әні: А.Дүйсенов
| Үнтаспа  |
7. Үйге тапсырма -№22 – сабақ, 101 – 102 бб, «Еңбексүйгіш пен Еріншек» атты В.А.Сухомлинскийдің ертегісін оқып, түсініп алу. | Өзін – өзі тану оқулығы 4 – сынып, 101 - 102 бб |
8. Қорытынды «Соңғы тыныштық сәті»
-Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде, Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде!!!!
(Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.) - Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Айналамызға шексіз сүйіспеншілік сыйлайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Жайлап көздеріңізді ашуға болады. -Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар!! | Үнтаспа  |