Батыс Қазақстан Әкімдігінің білім басқармасы
МКҚК «Сервис және жаңа технологиялар колледжі»
Бекітемін:
ОЖ жөніндегі директордың орынбасары
Нурмукашева С.С._________
«___»______ 20___ж.
Әдістемелік дайындама:
Информатика - математика әлеміне саяхат
(интеллектуалды сайыс)
тақырыбындағы жаратылыстану-математика апталығында
өткізілген сыныптан тыс іс-шара.
Дайындағандар: Бралиева М.Б
Информатика пәнінің оқытушысы
Альмуханова М.М
Математика пәнінің оқытушысы
Орал -2019
Сабақтың тақырыбы: «Информатика- математика әлеміне саяхат»
Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты:
Білімділігі: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың математика және информатика пәндерінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың қарсыласын бағалай білуге, топтық жұмыста бірін-бірі тыңдай білу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті конверт, оқушылардың шығармашылық жұмыстары (көрме).
Барысы:
Ұйымдастыру:
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Информатика – Математика әлеміне саяхат» атты интеллектуалды сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазы алқаларымен танысып алайық.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл өтейін деп жатқан сайысымыз мына бөлімдер бойынша болады:
1- бөлім «Таныстыру».
2- бөлім «Құпия алаң».
3- бөлім «Бәйге».
4- бөлім «Тапқырлық»
5- бөлім «Кім жылдам?».
1-бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1-топ «Процессор»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ұрандары: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
2-топ «Евклид»
Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Ұрандары: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды»
2-бөлімді бастайық «Құпия алаң» Тақтада 1-ден 15-ке дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1.Компьютер миы? (жүйелік блок)
2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5. Алгоритмның 3түрін атаңдар (сызықтық, тармақталған, циклдық)
6. Функционалдық пернелер (F1-ден F12-ге дейін)
7. компьютер түрлерін атаңдар (суперкомпьтерлер, үлкен компьютерлер, дербес компьютерлер, сервер)
8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
9. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
11. Тікбұрыштан кіші. ( сүйір бұрыш)
12.Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлемді _______дейміз. (теорема)
13.Теорема неше бөлімнен тұрады ? (екі бөлімнен)
14.Бір-бірімен қиылыспайтын қандай түзулер ? (параллель тузулер)
15.Үшбұрыштың ауданы? (S= ½ ah)
16.Параллелограмның орта сызығы неге тең ? (α +b )α
17.( α+ b )²=
18. α³ +b³=
Осымен 2- бөлім аяқталды.
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп
3-бөлімді бастайық «Бәйге» бұл бөлімде топбасшылар сайысқа түседі берілген түрлі-түсті конверттерді таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1. Санау жүйесінің түрлерін атаңдар (позициялық және позициялық емес)
2. Компьтердің минимум тізімін атаңыз (жүйелік блок, монитор, клавиатура)
3. Сурет салуға арналған программа (Paint графикалық редакторы)
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
5. Драйвердің қызметі не? (компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар, мысалы принтер драйвері, сканер драйвері)
6. Қандай вирусқа қарсы программаларды білесіңдер? (Dr. Web, Eset, NOD 32, AVG, Norton Antivirus, Касперский Антивирус және т. б. жатады)
7. Алғашқы программист әйел (Ада Августа Лавлейс)
8. Компьютерлік графиканың неше түрі бар? (3)
9. Excel-дің жұмыс парағы қанша бағаннан және қанша жолдан тұрады? (256 баған, 65536 жол)
10. Монитордың неше түрі бар (3)
Жасыл конверт сұрақтары
1.Тікбұрыштан үлкен,жазыңқы бұрыштан кіші. (доғал бұрыш)
2. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш. (жазыңқы бұрыш)
3. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем __________ деп аталады ? (аксиома)
4. Вертикаль бұрыштары қандай ? (тең)
5. Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын қандай түзулер ?
(перпендикуляр түзүлер)
6.Квадраттың ауданы ? ( S=α² )
7.Үшбұрыштың орта сызығы неге тең ? (табанына параллель және табанының жартысына тең )
8. Трапецияның ауданының формуласын айт. ( S=α+b/2h )
9. (α - b)²=
10. α³- b³ =
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен.-деп
4-бөлімді бастайық. «Тапқырлық» бұл сайыста әр топтан бір ер бала шығып шарды жарып өз тобына шардың ішіндегі жұмбақтарды оқиды, ойлануға уақыт берілмейді , шапшандық есептеледі әр жауапқа 1ұпайдан.
1. Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тышқан)
2. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)
3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор)
4. Егер білсең,айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (Сканер)
5. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да,бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ
Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір)
6. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (кактус)
7. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді... (принтер)
8. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз (пернетақта)
9. Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
10 Саусақтарды билететін
Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)
1. Жоқ өзінде бас та,қас та,мойын да
Ұзындығы жазулы бір бойында
(сызғыш, линейка, ruler )
2.Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама
(кітап, книга, book)
3.Компьютермен енеді,
Қағаз басып береді.
(принтер, принтер, printer)
4.Бар-жоғын білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің.
(ауа, воздух, air)
5.Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды.
(мұз, лед, ice)
6.Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамын күн сайын жарық үшін.
(тоқ, энергия, energy )
7.Қонса аяғы көп,ұшса аяғы жоқ
(ұшақ, самолет, plan)
8.Қос қолы жоқ,көзі жоқ,сурет салар өзі көп.
(аяз, мороз, frost)
9.Санау үшін талды
Ертеден мұра болып қалды.
Көбейтіп,қосып,азайтып,бөлеміз
Күнделікті ол санды.
(натурал сан, натуральное число,
natural number )
5-бөлімді бастайық. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?
М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А
Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Уақыттарыңызды бөліп, келіп көргендеріңізге көп рахмет!