Белсенді оқыту әдістері Активные методы обучения Active learning methods
"Сабақ беру -үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол -жаңадан жаңаны табатын өнер"
Жүсіпбек Аймауытов
Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылуымен байланысты.
Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың қарқынды дамуына тәуелді. Егер бұрын мектепте, оқу орындарында алынған білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі ақпараттық заманда оларды үнемі жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше білім алу жолымен жүзеге асуы мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті және өзіндікті талап етеді. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын.
Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы – сабаққа эмоционалдық бетбұрыс (эпиграф, костюмделген көрініс, видеоүзінді, ребус, жұмбақ, анаграмма), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді, күдіктерді айқындау. Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. Сабақта қолданылатын проблемалық жағдаяттардың типтері: күтпеген нәрсе жағдаяты; конфликт жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау жағдаяты.
« Сыншымен сұхбатта » өз көзқарасын дәлелдеу, әрі құптай алуға келісу. Бұл өз дәлелдемелерімен қоса, басқаның пікірімен санасуға үйретеді.
« Күтпеген кездесу » (автормен, түрлі шығарма кейіпкермен), өз ой пікірін,тұжырымдамасын белгілі кейіпкерге жазу немесе айту. («Жусан иісі», «Мен соғысты жек көрем» «Дегелеңдегі қызыл күн»)
«Лингвистикалық микроскоп » (негізгі берілген сөздер, мәліметтер арқылы) немесе атаулы күндер арқылы өз бетімен,жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, мәтінді, авторды анықтау
«Босмикрофон » ешқандай шектеусіз тақырыпқа сай айтылатын пікірлер.
«Шығарманы өз көзқарасыңмен,болжамыңмен аяқта » ( өзіндік пікірін қосу,түйінді сөзбен немесе мақалмен, сөйлеммен жеткізу).
«Шығарманы ролмен ойнау» берілген шығармаларды сахналау, көрініс әзірлеу
«Алдын ала берілген атаулар» тәсілі тақырып кейіпкерлері туралы өз ойларын жазу. Мақсаты: жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру.
«Үш қадамды сұхбат» 1- қадам. Оқушылар мысалдың алғашқы бөлігін оқиды. Содан кейін жұппен сұрақтар әзірлейді.Бірінші жұп жауап береді. 2- қадам. Керісінше. 3-қадам. Екі жұп тақырып бойынша бірлесіп, сыныпқа қандай сұрақ әзірлейтінін талқылайды.
«Сызбамен жұмыс» берілген мәліметтерді пайдалана отырып, автор туралы хабарлама әзірлеу.
" Дайындал...Назар сал…Оқыңдар! "әдісі
Тыңдаушылар берілген тақырыпты түсіндіруге көмектесетін заттар жинағын алады. Оны топ мимикамен көрсетеді
"Әліпби желісі " әдісі
Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша негізгі сөздерді дауыстап айтады.
Тыңдаушылар берілген суретке арнап 5 сұрақ жазады. Оны басқа топтар шешеді. Қатысушылар берілген суреттер топтамасымен танысып, жіпке іле отырып, тізбек бойынша әңгіме құрастырады.
"Құпия зат "– Осы зат туралы 5 сұрақ жазыңыз:
.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
«Бэкроним» әдісі
Сөзде берілген әр әріптері бойынша мағыналы сөйлем құрылады. Сөздер бастапқы әріптен басталады.
«МИКС» жаттығуы
Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады.
1-ші топ – өлең шығару,
2-ші топ – эссе жазу,
3-ші топ – суреттеу,
4-ші топ – сахналық көрініс,
5-ші топ – бір әннің мелодиясына салып, топпен орындау.
«Желпуіш» әдісі (Веер)
А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен идеялар жазылады, кейін талқыланады.
«Тормоз» ойыны Сергіту сәті
Шеңберде тұрып, ретімен саналады. Жүргізуші өз санын айтып, санын шапалақтайды, барлығы солай қайталайды. Сосын басқа әріптестің санын айтады, сол кезде сол әріптес әрі қарай жалғастыру керек.
Кім жылдам?
Қатарға тұрыңыздар
А) бойы бойынша
Ә) Алфавит бойынша
Б) аяқтарыңыздың размері бойынша
В) қол размері бойынша
«Бес саусақ» әдісі
Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық.
Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Табиғаты бойынша оқу үдерісі ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында өзгеріс жасауға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген са-йын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады. Хэтти (2014)