СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Берекелі, мерекелі - Алтын күз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға Алтын күз мерекесі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің молшылық, берекелі, мерекелі екендігін ұғындыру.

Просмотр содержимого документа
«"Берекелі, мерекелі - Алтын күз!"»

Балалар жапырақтар ұстап шығады. Ортада шеңбер құрып билейді.


Х о р : « А л т ы н к ү з »


Тәрбиеші: Күз де келді, алтын дәнін сапырып
Күз де келді, той –думанды шақырып
Күздің күні алтын нұрын шашады
Жердің жүзін шұғылаға батырып
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Берекелі, мерекелі алтын күз, құтты болсын!

Тәрбиеші: Балалар,кәзір жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Күз мезгілі

Тәрбиеші: Осы күз мезгілінде ауа райы қандай болады?

Балалар: - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар жерге түседі,

Тәрбиеші: Ал сендердің қолдарыңдағы нелер?

Балалар: -Жапырақтар

Тәрбиеші: Жапырақтарыңның түсі қандай?

Балалар: - Сары.

Тәрбиеші: Балалар,осы күз мезгілінің айларын білеміз бе? Кәне айтып жіберейікші?

Балалар: Кыркүйек, қазан, қараша

Ән : «Күз жомарт » орындайтын Нұрмұханова Инабат


Көрініс: «Жемістер мен көкөністер»

Балалар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды


Нұрислам: Тоқтаңдар, тоқтаңдар
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)
Инабат: Енді, енді не істейміз қалай көмектесеміз?
Айша: Сабыр сақта . Дәрігер шақырайық!
Нұрислам: Жоқ - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!

Инабат: саған тұруға болмайды, ,біз дәрігер шақырамыз.

Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ( Дәрігер киімін киген бала келеді)

Кәрима: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?


Бәрі бірге: Мына бала құлап қалды, көмек керек!

Кәрима: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)

Кәрима: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Айша: Енді не істейміз?
Кәрима: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс, көкөністер , жемістер жеуге тырыс!..

Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
Айша: (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
- Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
( машинаның дыбысы естіліп, жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)

Дияс: Жайлы, жұмсақ төсегім

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін?

Нұрбек: Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!

Көзайым:Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Айзере:Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін

Нұрай: Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргенде тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.

Айша: Бұтақтан үзілген,

Жарылса анармын.

Моншақтай тізілген,

Дәндерін аламын

Мадияр: Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалма,

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алма.

Мерейім: Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін –ай,

Менің атым-құлпынай.

Аңсаған: Өсем бақша-бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болма қауымға.

Нұрислам:

Жүгері-жүгері мен келдім

Өзіммен бақыт әкелдім

Мені көрген адамдар

Бас салып жей барады.

Айтұмар: Баклажан баялды

Ыстық жақтан келдім мен

Тәтті көкөніс баялдымын

Алмұртқа ұқсас пішінім,

Бірақ қабығым күлгіндеу.

Карима: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрган ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Нұрислам: Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Мұрагер: Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Инабат: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Тоғжан: Дөп дөңгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
менің атым өрік.

Гулзада: Жүзім пісті бір-бірлеп,

Үзіп мәзбіз енді біз.

Қоңырауы күмбірлеп,

Қыркүйекте күз келді.

Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!

Мінекей балалар, күздің сыйы жемістер мен көкөністер денсаулығымызға өте пайдалы екен. Оларды үнемі жеп жүруіміз керек екен.

Би : «Қолшатыр»

  • Ата - анамен ойындар ұйымдастыру.


«Бояулар сыры»
Шарты: Ойыншылардың көздері байланып, қолдарына қарындаш пен бояулар беріледі. жеміс - жидектердің суретін салып оны бояу керек.(алма, алмұрт, қарбыз, т. б.)

«Кім жылдам»

Шарты: Баласы мен анасы билеп жүреді. Музыка тоқтағанда қолшатырды алып астына отыра қалу керек.


Балалар- ата – аналарымен бірігіп, жемістермен көкөністерден өз қолдарынан күзгі салаттар және күзгі композиция жасаған болатын, көріп тамашалап, бағасын беріңіздер!


Х о р : « Біздің ауыл »

 « Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
  Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып»


Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі « Берекелі, мерекелі - Алтын күз! » атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз!
































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!