СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертеңгілік. Берекелі- мерекелі "Алтын күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мерекелі берекелі "Алтын Күз" мерекесіне аранлған мерекелік ашық тәрбие сабағының жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік. Берекелі- мерекелі "Алтын күз"»

Берекелі, мерекелі, Алтын – күз.


Мақсаты: күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту және оның ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың танымдық ой өрісін дамыту.Әдемілікті , әсемдікті ұғына білуге тәрбиелеу.


Ерте – ерте – ертеде ну орман ішінде күз келген уақыт еді. Ол орман ішінде бір үлкен ата мен апа өмір сүріпті.Ата апаға келеді.


Ата:Кемпірім,кемпірім, бүгін бізге қонақтар келетінін ұмытып қалдың ба? Бауырсағың дайын ба?

Апа: Жаз біткені міне «Алтын күздің» кіргені бүгін, үйде ұн жоқ қой.

Жүргізуші:Сөйтіп ата әрең дегенде бір уыс ұнды тауып кемпіріне бауырсақ дайындатады.Ата мен апа дайындалғанша «Балбұлақ» тобының балалары да ну орманға келіп жетеді.Сахнаға балалар әдемі киімдерімен, әндетіп орман ішіне кіргенде ,таңырқай кіреді.


Алтын күз:
  Өрік, алша,
  Шие, алма,
 Жидек, жүзім піседі.
 Қауын, қарбыз
  Қияр, сәбіз
 Дүкендерге түседі.
Балалар:
 - Күзде дейді.
Алтын күз:
Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман болады.
Шөп сарғайып
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады
Бөбектерім-ай тыңдаңдар
Бұл қай кезде болады?

1 бала:  
                Берекесін сыйлауға,
               Өлкемізге күз келді.
               Жемістерін жинауға,
               Шақырады біздерді.    
2 бала: 
              Берекелі, мерекелі,
              Келді жомарт алтын күз,
              Қалада да, далада да,              
               Жанның бәрі жарқын күз.    
3 бала:
               Сау-сау етіп жапырақ
              Сабағынан үзілді.
              Қоңыр тартып атырып
              Көкке құстар тізілді.
4 бала: 
               Жемісі мол теретін
              Күз дос екен бізбенен
              Бәрін тауып беретін
              Жомарт екен күз деген. 

Би: Жапрақтар биі

Бауырсақ: жата – жата жалықаным – ай!

Орманға барып серуендеп келейін.

Ата: бауырсақ қайда?

Ата балаларды егіс алқабына алып кетеді.


Бидай:
             Нан атасы – бидаймын,
             Елге астық сыйлаймын.
             Дәнім толып піскенде,
           Қауызыма сыймаймын.
Арпа:
           Күміс мұртты арпамын,
          Ырыс құтты арпамын.
          Еңбек етіп баптаған, 
          Еліме сый тартамын.
Тары:
        Ақ, қарамын, сарымын,
        Мен өнімді тарымын.
       Халқым еңбек сіңірсе,
      қайтарамын қарымын.
Сұлы:
      Мен сұлымын ұланның,
      Тұлпарына ұнадым.
      Бастаған әр диқанға,
      Басымды иіп тұрамын. 
Күріш:
    Күнді сүйген күрішпін,
    Күллі жұртқа ырыспын.
    Алсын деп ел мол өнім,
    Ала жаздай су іштім.

Би:Қырманға кел қалқатай биі


Ата: бауырсақ егін алқабында да жоқ екен.Енді бау-бақшаға барайық.


Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.

Қарбыз: Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Қауын: Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.

Ән: Бағбан ата

Ата: ой балалар бау-бақшада да жоқ екен енді орманнан іздейік.


Күзде айналып өткен еді,
Жылы жаққа кеткен еді.
Көктемде қайта келеді.
Әсім әнін айта келеді.


                                            (тырна)
Көлдің көркі-еркесі,
Қанаттары көрпесі.
бойын күтіп баптайды,
Ешкім оны атпайды.
                                          (аққу)
Енді қонақтарға жұмбақ жасырайық:
Қос жұдырықтай жүректі,
Үй етіп, балапандарын түлетті.
                                                                 (қарлығаш)
Көктемде ұшып келеді,
Жаздай концерт береді.
                                                (бұлбұл)

Ата: бауырсақ – бауырсақ сен неге жылап жүрсің?

Жүр бізбен бірге балалардың өнерін тамашала.


1 - бала: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.

2 - бала: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.

3 - бала: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

4 - бала: Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

5 - бала: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.

6 - бала: Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Би: Жау-жау жаңбыр биі

Ән: Балалық шақ әні

Жүргізуші: Құрметті қонақтар «Берекелі, мерекелі алтын – күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Әр үйдің қамбасы толы болсын. Күз бәріңізге бақыт алып келсін!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!